Анаплазма қарапайымдыларының биологиясын зерттеуге қолданылатын иммунологиялық тікелей емес гемаглютинзация әдістемелермен зерттеу мазмұНЫ



бет15/50
Дата08.02.2022
өлшемі16,11 Mb.
#124602
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50
Байланысты:
Анаплазма маг диссер 04.03.21

Трихомоноз малдың жыныс мүшелерін мекендейтін бір жасушалы қарапайымдылар қоздыратын қынап пен оның кіреберісі және жатыр қабынатын, буаз сиыр іш тастайтын, бұқаның ені қабынып ұрық беру қабілетінен айырылуы (белсіздік) сияқты белгілермен сипатталатын протозоид ауруы.
Trіchomonas foetus - пішіні алмұрт тәрізді, ал кейде сопақша келген ұзындығы 8-25 мкм, ені 3-15 мкм. Алдыңғы жағында 3, ал артқы жағында 1 бишігі бар. Бишіктері паразит тұрқынан ұзынырақ, олар қозғалыс қабілетін қамтамасыз етеді. Паразиттің бір жағында жұқа жарғағы бар. Ортасында денесіне тірек болатын өзегі бар (аксостиль). Ядросы алдыңғы жағына орналасқан. (қараңыз: XXIV сурет).
Трихомонодалар ұзынша бойынан қақ жарылып екіге бөлініп көбейеді. Олар эритроциттерді, микробтарды және шырышты жеп қоректенеді. Трихомонадалар көбейгенде шығатын улы заттар жыныс мүшелеріне патогендік әсерін тигізіп, оларды қабындырады.



3 – сурет. Трихомонаданың құрылымы.


Ж – аллдыңғы талшықтары; З – артқы талшығы;
В – цитоплазмадағы кпіршіктері; М- толқынды жарғағы;
Я – ядросы; О - өзекшесі.


Лейшманиоз жануарлар мен адамның лейшмания туысына жататын бишікті қарапайымдылар тудыратын инвазиялық ауруы. Лейшманиоздың екі түрі бар: тері лейшманиозы және ішкі мүшелер лейшманиозы.
Тері лейшманиозының қоздырғышы Leіshmanіa tropіca. Лейшманияның бұл түрін Phlebotomum papatasіі деген құмыты шіркейлер (москиттер) тасымалдайды. Висцералдық немесе ішкі мүшелер лейшманиозының қоздырғышы Leіshmanіa donovanі. Лейшманиоздың бұл түрі адамда және кейбір жануарларда кездеседі. Оны Phebotomus caucasіca және т.б. құмыты шіркейлер тасымалдайды. (қараңыз: XXIV сурет).
Морфологиясы немесе құрылысы жағынан бұл лейшманиялар бір-біріне өте ұқсас. Омыртқалылар ағзаіндегі лейшманиялардың пішіні сопақ не дөңгелек ұзындығы 2-5 мкм және ені 1-3 мкм. Романовский әдісімен бояғанда паразит цитоплазмасы, ядросы көрінеді. Бұл паразиттің бишіксіз лейшманиялды түрі. Құмытты шіркейлер ағзаінде лейшма-ниялардың бишікті яғни лептомонадты түрлері пайда болады. Бұл түрлерінің ұзындығы 10-12 мкм, ені 2-4 мкм блефаропластан бишік өсіп шығады.



4-сурет. Лейшманиялар.


а – омыртқалылар ағзаіндегілері
б – тасымалдаушы ін шіркейіндегілері (москиттер) Лейшманиялардың тасымалдаушысы құмыты шіркейлер. Олар көбінесе тропикалық және субтропикалық аймақтарда тіршілік етеді. Денесі сарғыш түсті, қабыршақты және түктес келген. Ауыз мүшелері қан соруға бейім. Олар Қазақстанның оңтүстік аймақтарында жартылай шөлейт жерлерде кездеседі. Құмыты шіркейлер ауру жануарлар немесе ауру адамның қанын сору арқылы паразитті жұқтырып алады. Зақымданған құмыты шіркейлер дені сау адамды немесе оларға бейім жануарларды шақса, оларға лейшманиоз аруын жұқтырады. Омыртқа-лылар ағзаінде лейшманиялар бишігін жоғалтып, бауыр, талақ және т.б. ішкі мүшелердің эндотелий жасушаларына барып көбейіп өседі.
Су-ауру Орта Азия республикалары мен Қазақстанда кездеседі. Әсіресе Шымкент, Қызылорда, Атырау облыстарында Орал және Сырдария өзендері алқаптарында жиірек болады. Ауру қоздырғышын соналармен қатар шақпа шыбындар да тасымалдайды. Су-ауру шыбын-шіркей көп батпақты, шалшық сулы, ағынсыз қара сулары мол жайылымдарда жиірек кездеседі.



5-сурет. Киеңкімен ауырған айғыр. Шабымен үрпісінің ісінуі






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет