Асықты жіліктің шыбығы немесе кішіжіліншік
Асықты жіліктің шыбығы, fibula, ұзындау және жіңішкелеу келген. Басқа да жілікті сүйектер сияқты: денесінен, проксимальды, дистальды эпифиздерінен тұрады. Асықты жілік шыбығының денесі, corpus fibulae, үш қыры призма тәрізді болып вертикальді біліктің бойында иіліп, артқа қарай қарап орналасқан. Денесінің үш беті: латеральдық беті, facies lareralis, медиальдық беті, facies medialis, және артқы беті, facies posterior, ажыратылады. Сонымен қатар, бұлсүйектің денесінің үш қыры айқын байқалады. Асықты жілік шыбығының алдыңғы қыры, margo anterior, өте үшкір қырқа тәрізденіп, асықты жілік шыбығының медиальді бетін латеральдық бетінен бөліп тұрушы қырқатәрізденіп орналасса, медиальді қыры, margomedialis, медиальді бетін артқы бетінен айырып, тұру. Сонымен қатар, артқы беті мен латеральдық бетінің аралығында бұл сүйектің артқы,қыры, margo posterior, орналасқан.
2. Асықты жілік шыбығының проксимальды эпифизі, epiphysis proximalis fibulae, қомақтылау келе, бұл сүйектің басын, caput fibulae, мойнын, collium fibulae, және басының проксимальды ұшын, apex capitis fibulae, құрайды. Сонымен қатар, басының медиальды бетінде, асықты жіліктің, асықты жілік шыбығы атты буын бетімен беттесіп, буын құрайтын буын беті, facies articularis capitis fibulae, орналасқан.
3. Асықты жілік шыбығының дистальдық ұшы, epiphysis distalis fibulae, жалпақтау келіп, сирақтың латеральдық қайықшасын, malleolus lateralis, құрайды. Латеральді қайықшаның сыртқы беті дөңестеу болып келсе, медиальдық бетітілерсексүйектің, асығының, os talus, қайықшалық буын бетімен беттесіп, буын құрайтын буын беті, facies articularis malleoli, орналасқан. Артқы қапталында асықты шыбығының ұзын бұлш ықеті сіңірш есінің өтетін жүлгесі, sulcusmalleollaris, төменірек медиальді бетінде шұңқыршасы, fossa malleolilaterali, орналасқан.
14.Аяқ басы сүйектері: тілерсек, бақай, бақайшақ сүйектері.
Аяқ басы сүйектері – ossa pedis – 3 топ сүйектерден тұрады: тілерсек, табан, бақайлардың бақайшақтарынан тұрады. Аяқ ұшының сүйектері – ossa tarsi – проксимальды және дистальды 2 қатар түзетін, 7 кеуекті сүйектен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |