Анатомия – 120 ом


Мидың 4 қарыншасы, оның қабырғалары, құрамы



бет95/142
Дата12.02.2023
өлшемі330,47 Kb.
#168381
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   142
Байланысты:
Àíàòîìèÿ – 120 îì
казахский сессия (копия), гг (копия), 190768.pptx, 201212211340127
117. Мидың 4 қарыншасы, оның қабырғалары, құрамы.



Төртінші карынша, ventriculus quar­ tus cerebri, арткы ми көпіршігі, metencephalon, және сопакша ми көпіршігі (алдыңғы бөлігі), myelencephalon, куыстарынан дамыған так куыс. Төртінші карынша жоғарыдан ми су кұбыры аркылы үшінші карынша куысымен, төменнен - орталык өзектің көмегімен жүлын куысымен байланысады. Сонымен катар, төртінші карынша куысы үш тесік аркылы торлы кабык астындағы кеңістікпен, cavum subarachnoidale, байланысады.
Төртінші карынша мидың барлык карыншалары сиякты жүлын сүйыктығымен, liquor cerebrospinalis, толтырылған.
Ол алдынан көпір мен сопакша мимен, артынан және бүйірлерінен мишықпен қоршалған.
Ал, төртінші карынша куысы дорсалді — төртінші карынша төбесімен, вентралді - оның түбімен және латералді - әрбір бүйір жағынан жиекпен түзілген бүрышпен шектелген.
Төртінші қарыншаның артқы кабырғасын немесе төбесін, tegmen ventriculi quartii, алдан артка жүретін жоғарғы ми желкені, velum medullare superius, тузеді, ол бүйірінен мишыктың жоғарғы аякшаларымен шектеліп, төбенің алдыңғы, жоғарғы бөлігін құрайды; кейін төбенің арткы бөлігін төменгі ми желкені, velum medullare inferius, және ішінен тамырлы эпителиалді табакшамен, lamina chorioidea epithelialis, көмкерілген төртінші карыншаның тамырлы жамылғысын, tela chorioidea ventriculi quarti, қүрайды. Төменгі ми желкені бүйір жағынан мишыктын төменгі аяқшаларының медиалді жиегіне бекиді. Кейде тамырлы жамылғы мен төменгі ми желкенін ромбтәрізді шұңқыр төбесі атауына біріктіреді.
Төртінші қарынша төбесі шатыр пішінді, жоғарғы және төменгі ми желкендерінін мишық күртына өткен жерінде шатыр бұрышы - ұшын, fastigium, түзеді, ол мишықтың вентралді бетінде, алдынан мишық тілшігі, linqula cerebelli, және артынан мишык түйіншегінің, nodulus cer­ebelli, арасында орналасады; аталмыш екі үлес мишык кұртына жатады.
Төртінші карыншаның тамырлы жамылғысы эмбрионалді дамудың бірінші кезенінде барлык жағынан түйық, кейін ол жарылып, төртінші карынша қуысы мен торлы қабықастындағы кеңістік, саvum subarachnoidale, арасындағы байланысты аталмыш тесіктердің көмегімен түзеді. Тесіктер үшеу: біреуі - төртінші карыншаның орталык тесігі, apertura теdiana ventriculi quarti; және екеуі - бүйір немесе төртінші карыншаның латералді тесіктері, aperturae laterales ventriculi quarti. Орталык бүйір тесіктерден үлкен; төбенің төменгі бөлімдерінде, ысырманың, obex, үстінде орналасып торлы кабыкастындағы кеңістікке, мишык-буылтық цистернаға, cisterna cerebellomedullaris, ашылады.
Латералді тесіктердің әрбіреуі тортінші карыншаның латералді қалта, recessus later­alis ventriculi quarti, аймағында орналасып, мишық сыңары үлесі - жырымга, floccu­lus, жетіп, торлы кабықастындағы кеңістік куысына, копір цистернасына, cisterna ропtis, барады.
Қарынша куысы жағынан тамырлық жамылғыда талшыктық салпыншактар бар, олар дәнекер тінмен және бірігіп кеткен тамырлармен бірігіп, карынша куысы жағынан эпителиалді табақшамен жабылған төртінші карыншаның тамырлык өрімін, plexus chorioideus ventriculi quarti, түзеді.
Төртінші карыншаның тамырлык өрімі мишық түйіншегінің алдынан екі: орта­ лык тамырлык өрімге, plexus chorioideus medius, екі жіпше түрінде орталык жазык- тыктың жан-жағында жатып, тамырлык жамылғының орталык тесігіне баратын және екі бүйір тамырлык өрімдерге, plex­ us chorioidei laterales, латералді қалтаға бағытталған өрімдерге бөлінеді.



Тамырлык өрімді алып тастағанда, төртінші карыншаның бүйір кабырғасына бекнтін жерінде тістелген таспа - төртінші карынша таспасы, tenia ventriculi quarti, түрінде із калады. Таспаға артынан және жоғарыдан мишық аякшасы сопакша миға жанасады, ол, яғни pedunculus cerebellaris inferior артынан жіңішке ядро төмпешігіне өтіп, төменнен ысырмаға, obex, жетеді. Таспа алдынан және бүйірлерінен латералді калта, recessus lateralis, аймағына бағытталып, оны коршап, кейін жырым аяқшасы, pedunculus flocculi, бойымен төменгі ми желкенінің бос жиегіне өтеді, сонымен түйіншекке, nodulus, жетеді. Түйіншекке қарама-карсы жақтағы таспа да жакындайды. Сонымен екі жактың таспалары бір-біріне өтеді.
Төртінші карынша түбінің пішініне сәйкес ромбтәрізді шүнкыр, fossa rһотboideae, атауын алады, ол сұр заттың жіңішке кабатымен, stratum cinereum fos­sae rhomboideae жабылған. Ромбтәрізді шұңқыр онтогенезі бойынша үш бөлімнің калыптасуы болып саналады: оның жоғарғы бөлігі, pars superior, ромбтәрізді ми кылтасынан, isthmus rhombencephali, пайда болып, pedunculi cerebellares superiors, арасында орналасады, аралык бөлігі, pars intermedia, арткы мидан, metencephalon, түзіліп, оң және сол латералді қалталар арасында жатады және төменгі бөлігі, pars inferior, сопакша мидан, myelencephalon, кұрылып, оң және сол мишықтың төменгі аякшаларының, pedunculi cerebellares inferi­ ores, арасында орналасады.
Ромбтәрізді шүңкыр алдынан мидың су кұбырынан, артынан calamus seriptorius-ке дейін тартылады. Онын бұрыштары: алдыңғы - үлкен миға, артқы - жұлынға, доғал бүрыштары - латералді калталарға бағытталады.
Шұңқырдың ұзындык диагоналі бойы­ мен ромбтәрізді шүнкырдың орталық жүлгесі, sulcus medianus fossae rhomboideae өтеді, ол алдынан су кұбырына отеді. Қыска диагональ латералді калталар арасынан өтеді. Шұңкырды орталық жүлге оң және сол үш бүрыштарға бөледі. Әрбір үшбұрыштың негізі орталык жүлгеде жатады, ал үшы ромбтәрізді шұнкырдың ең жалпак учаскесі - латералді қалталарға, recessus lat­eralis, бағытталады. Мишыктьң төменгі аякшаларының арасында жүргізілген сызык ромбтәрізді шұнкырды колемі жағынан әртүрлі екі: жоғарғы (алдыңғы) және төменгі (артқы) үшбұрыштарға бөледі.
Орталық жүлгенің жан-жағында екі медиалді томпақ, eminentiae medialis, бар, олар ромбтәрізді шұңкырдың алдыңғы учаскелерінде жақсы айкындалған. Осы томпақтардың калыңдығында ми нервтерінің имыл ядролары жатады. Әрбір томпактың алдыңғы бөлігінде (жоғарғы үшбұрыштың алдыңгы бөлімдеріне сәйкес) бет нерв тізесінен түзілген беттік төмпешік, coiliculusfacialis, бар.
Медиалді томпак пен беттік төмпешік латералді жағынан шекаралық жүлгемен, sulcus limitans, шектелген жүлгенің жоғарғы бөлімдерінде, pedunculus cerebellaris superior-тажакын көк түсті кішкене учаске - көкшіл дақ, locus ceruleus, орналасады, оның түсі пигменттік жасушалардың орналасуына байланысты.
Бет нерв төмпешігінің латералді бетінде және көкшіл дақтың артында терең емес жоғарғы шұңқыр, fovea superior, бар, ол шекаралық жүлгенің кеңейген жері болып саналады.
Бет нерві төмпешігінің төменгі бөлігінің артында көлденең бағытта, ақ түсті жіңішке ми жолақтары, striae medullares ventriculi quartii, өтеді, олар ромбтәрізді шүңқырдың аралык бөлігінде жатады. Олар латералді орналасқан есту төмпешігінде, tubercu­ lum acusticum, басталып, орталык жүлгеге бағытталады. Есту төмпешігінде үлу нервтің дорсалды ядросы, nucleus cochlearis dorsalis, немесе nucleus dorsalis cochlearis, жатады, ол ядродан жоғарыда аталған, striae medullaris, басталады. Олар есту төмпешігі мен жалпайған көтеріңкісінің шекаралык жүлгесі (кіреберіс алаң, area vestibularis) арасындағы бетте өтеді.
Кіреберіс алаңнан төмен тіласты нерв үшбұрышты, trigonum п. hypoglossi, одан медиалді және кішкене төмен, төменгі шүңкырдың астында кою қоңыр түсті кішкене учаске - кезбе нерв үшбұрышты, trigonum п. vagi, орналасады. Одан төмен ұсақ жүлгелермен алабажақтанған жер, жазатын қауырсын, calamus seriptorius, бар, оның артында ромбтәрізді шұнкырдың орталык жүлгесі жүлынның орталық өзегіне өтеді. Осы жерді ысырма, obex, жабады, ол төртінші қарынша төбесінің төменгі жиегінің соңғы учаскесі, оның астында орталык өзекке кіреберіс орналасады.
Ысырманың астында, бірақ төртінші қарынша қуысынан тысқары, сопакша мидың орталык сызығы бойымен артқы орталық жүлге (саңылау), sulcus (fissura) medianus posterior, орналасады, ол жұлынға да жалғасады. Одан латералді кішкене көлемді сопак көтеріңкі - нәзік буда ядросының төмпешігі, tuberculum nuclei gra­cilis, жатады. Ол жоғары және сыртқа қарай ешқандай шекарасыз мишықтың төменгі аяғына, pedunculus cerebellaris inferior, ол төмпешік нәзік будаға, fasciculus gracilis, өтеді. Төмпешік пен нәзік буда сыртынан артқы аралық жүлгемен, sulcus intermedius posterius, шектелген, оның сыртында және жоғары созылған көтеріңкі, сынатәрізді ядро төмпешігі, tuberculum nuclei cuneati, жатады. Ол жоғарғы болімінде мишықтың төменгі аяғына, томенгі бөлімінде сынатәрізді будаға, fasciculus cuneatus, өтеді. Сынатәрізді буданың латералді бөлігінде созылған көтеріңкі, сұр төмпешік, tuberculum сіпеreит, жатады, төмпешік сынатәрізді төмпешік пен оливаның арасында орналаскан және сынатәрізді төмпешіктен жүлгемен бөлінген.
118. Ромбтәрізді ми қылтасы, оның құрамы.



Ромбтәрізді ми қылтасы, isthmus rhombencephali, мидың ең жіңішке бөлімі. Ми кылтасы ромбтәрізді мидың жоғарғы шетін көрсете отырып, оны ортаңғы мимен қосатын жер болып саналады. Мидың бүл бөлімі дамудың ішкі кұрсак кезеңінде жақсы көрсетілген. Ересек жағдайда - көпірдің жоғарғы бөлімі түрінде.
Ми кылтасының құрамына келесі күрылымдар: а) Мишықтың жоғарғы аяқшалары, pedunculi cer­ebellares superiores, қылтаның дорсо-латералді қабырғасы бойымен жатады; б) Қылтаның дорсалді қабырғасын түзетін алдыңғы ми желкені, velum medullare an­terius; в) Ілмек үшбұрышы, trigonum lemnisci, жұп кұрылым, олардың әрбіреуі жоғарғы аяқшалардан латералді жатады. Ми қылтасының вентралді бөлігі аймағында сұр заттектің жиынтығы орналасады.
Бір жағынан мишықтың төменгі аякшасы және төбешіктің төменгі төмпешіктері, баска жағынан ми аяқшасының арасында әлсіз айкындалған ілмек үшбұрышы, trigonum lemnisci, орналасады. Үшбұрышта латералді ілмекті (немесе есту ілмегі), lemniscus lat­ eralis, түзетін талшықтар жатады. Олардың көпшілігі медиалді ілмекке, lemniscus media­lis (немесе басты ілмек, lemniscus princeps), латералді жағымен жанасатын орталык есту өткізгіштерінен құрылған.
Латералді ілмек ми тіні қалыңдығында өтіп, ілмек үшбұрышы аймағында үшбұрыш түзе, ми бетіне жақындайды.
Ілмек үшбұрышының артқы медиалді шекарасын мишық бағытына жүретін мишыктын жоғарғы аякшалары, peduncu­lus cerebellaris superior, кұрайды. Peduncu­lus cerebellaris superior-ден латералді және pedunculus cerebellaris medius, арасындағы жүлгеде көпірдің латералді жіпшелерінің, fila lateralia pontis, кішкене будалары орналасады, олар ми аяшығында жоғалып, көпір заттегінен бөлінген pedunculus cerebel­aris medius-тың алдыңғы будалары түрінде.
Төбешіктің төменгі төмпешіктерінің арасындағы жүлгеден жоғарғы ми желкенінің жүгеншігі, frenulum veli medullaris superioris, басталып, артынан жоғарғы ми желкеніне, velum medullaris superioris, жалғасады, ол pedunculi cerebellares supe­riores арасында тартылған, так үзартылған төртбұрыш пішінді ак заттың жіңішке табақшасы түрінде.
Жоғарғы ми желкені алдынан ортаңғы ми төбесінің, tectum mesencephali, төменгі томпешіктерімен, артынан мишык кұртының алдыңғы бөлігінің ақ затымен, латералді - мишықтың жоғарғы аяқшаларымен байланысады. Оның ортаңғы және артқы бөлімдеріндегі дорсалді, жоғарғы беті мишық тілшігі қатпарларымен жабылған, ал төртінші карынша, ventriculus quartus, куысына қараған вентралді, төменгі беті осы карынша куысы төбесінің алдыңғы - жоғарғы бөлімдерін кұрайды.
Жоғарғы ми желкенінде, олар желкен қалындығында шығыршық нервтер түбіршіктеріне, nn. trochlearis, шығыршық нервтер қиылысын, decussatio nervorum trohlearium, nn. trochlearis, және алдыңғы жұлын-мишық жолына, tractus spinocerebellares ventralis, будаларына жататын қиылыскан талшықтар өтеді.
Frenulum veli medullaris superioris- тен латералді, жоғарғы ми желкенін тесіп өтіп, оның бетіне шығыршық нервтің нәзік сабауы шығады, ол ілмек үшбұрышының артқы жиегі мен желкеннің алдыңғы жиегі шекарасында корінеді. Ми нервтерінің ішіндегі осы нерв қана мидың дорсалді бетінен шығатын, калғандарының барлығы мидың вентралді бетінде шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет