Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет75/114
Дата21.11.2022
өлшемі324,09 Kb.
#159142
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   114
Байланысты:
Àíàòîìèÿ æ?íå ôèçèîëîãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå

Жүрек-қан тамыр жүйесі.
Қан тамырларының түрлері.
Жүрек-қан тамыр жүйесінің негізгі қызметі – тасымалдау арқылы организмде жүретін зат алмасу процесін жүзеге асыру. Тамырлар бойымен аққан қан тіндер мен жасушаларға тіршілігіне қажетті заттарды (ақуыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер, тұздар, оттегі) жеткізіп, олардан зат алмасудың соңғы өнімдері мен көмірқышқыл газын алып кетеді.
Бұдан басқа қан тамырлар арқылы эндокринді бездерден бөлінетін зат алмасудың арнайы реттеушілері болып табылатын гормондар мен организмнің әртүрлі ауру тудырушы агенттерге қарсы қорғаныс реакциясына қажетті антиденелер тасымалданады. Осылайша тамыр жүйесі реттеушілік және қорғаныстық қызметтер атқарады. Жүйке жүйесімен бірігіп ағзаның тұтастығын жүзеге асыратын мүшелер мен жүйелер жұмысын реттейді.
Тамырлар жүйесі ішінде ағатын сұйықтығына байланысты қан және лимфа жүйесінен тұрады.
Қан организмде қан тамырлар бойымен қозғалады. Жүрек қан тамыр жүйесі жүректен және қан тамырларынан тұрады. Қан айналым жүйесінің орталық мүшесі-жүрек ырғақты жиырылуы арқылы қанды қан тамырларына айдайды.
Қан тамырларының үш түрі бар:

  1. Артериялар

  2. Веналар

  3. Капиллярлар

Артериялық тамырлардың ерекшеліктері:

  1. Жүректен қанды әкететін тамырлар;

  2. Денеде терең орналасады;

  3. Пульс болады;

  4. Үлкен қан айналым шеңберінде оттегіге қаныққан қан тасымалдайды;

  5. Қабырғасында серпімділік қасиетке ие эластикалық талшықтар болады.

  6. Қысым веналар мен капиллярларға қарағанда жоғары болады;

Веналық тамырлардың ерекшеліктері:

  1. Жүрекке қан әкелетін тамырлар;

  2. Денеде беткей және терең орналасады;

  3. Қанның жүрекке қарай қозғалысын жеңілдететін қақпақшалары болады;

  4. Қабырғасында коллаген және бұлшықет талшықтары көп болады;

  5. Қысым артерияға қарағанда төмен болады;

  6. Пульс болмайды.

Капиллярлардың ерекшеліктері:

  1. Қабырғасы бір қабат эндотелий жасушаларынан тұрады;

  2. Олардың жуандығы шаштың жуандығынан бірнеше есе кіші;

  3. Үлкен қан айналым шеңберінде капиллярлар қабырғасы арқылы ғана тін мен қан арасында зат алмасу жүреді;

  4. Кіші қан айналым шеңберінде капиллярлар қабырғасы арқылы ғана ацинуста ауа мен қан арасында газ алмасу жүреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет