Анатомия және физиология пәніне кіріспе


К- дәрумені нафтохинон



бет56/114
Дата21.11.2022
өлшемі324,09 Kb.
#159142
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   114
Байланысты:
Àíàòîìèÿ æ?íå ôèçèîëîãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå

К- дәрумені

нафтохинон

Шпинат,жапырақты қырыққабат(капуста), қалақай және сәбізде,
томат құрамында
бар. Малда тек қана
бауырында кездеседі.

Қан ұю процесі
Төмендейді, мұрыннан, ас қорыту мүшелерінен қан кету процесі жүзеге асады

1

Қанның ұюына қатысады10-60микрограм

Тыныс алу жүйесіне жалпы түсінік.
Мұрын қуысы. Құрылысы мен қызметі.
Тыныс алу жүйесіне мұрын қуысы- cavіtas nasі, жұтқыншақтың мұрындық бөлігі-pars nasalіs pharyngіs, көмей-laryngs, кеңірдек-trachea, бронхылар-bronchі, өкпелер-pulmones, жатады.
Тыныс мүшелерінің негізгі қызметі – ауа мен қан арасында газ алмасуды жүзеге асыру. Газ алмасу өкпе альвеоласы мен оны қоршап орналасатын қан капиллярлары қабырғасы арқылы оттегі мен көмірқышқыл газының диффузиясы нәтижесінде жүреді. Сонымен қатар тыныс мүшелері дауыс түзу, иіс сезу, кейбір гормондарды өндіру, тұз-су және липид алмасу, иммунды қорғаныс қызметтерін атқарады. Ауа жолдарында жұтылған ауа тазарады, ылғалданады, жылынады, сонымен қатар мұнда иіс, жылу сезу және механикалық тітіркендіргіштерді қабылдайтын рецепторлар орналасады.
Мұрын, нос, nasus,(грекше-rhіnos, қабынуы ринит деп аталады) – тыныстық жүйенің бастапқы бөлігі, сыртқы мұрын мен мұрын қуысынан құралады. Сыртқы мұрын түбірінен, арқасынан, ұшынан және мұрын қанаттарынан тұрады.
Мұрын қуысы, cavіtas nasі, сыртқы мұрын мен бет қаңқасы сүйектерінен құралады. Мұрын қуысынан өткен ауа шаңнан тазартылады, ылғалдандырылады, жылытылады немесе керісінше салқындатылады. Мұрын қуысының сыртқы тесіктері танаулар,nares, деп аталады. Мұрын қуысының алдыңғы-жоғарғы қабырғасын бас сүйектері мен мұрын шеміршектері құрайды, ал төменгі жағынан мұрын қуысын ауыз қуысынан қатты және жұмсақ таңдай бөледі. Мұрын қуысының өзі мұрын пердесі, septum nasі, арқылы екі бөлікке бөлінеді. Перденің сүйекті негізін тор сүйегінің вертикалды табақшасы мен өре сүйектері түзеді. Мұрын қуысы артқы жағында хоана тесіктері, choanae, арқылы жұтқыншақпен байланысады. Мұрынның әр бөлігінде мұрын кіре-берісі, vestіbulum nasі, болады. Ол танау арқылы өткен терімен астарланады, онда тері және май бездері мен шаш түктері орналасады. Мұрын қуысының сыртқы бүйір қабырғасынан сүйекті табақшалар: жоғарғы, ортаңғы және төменгі мұрын қалқандары, conchae nasalіs, иіліп шығып тұрады. Мұрын қалқандары мұрын қуысын бір-бірімен байланысатын жіңішке мұрын жолдарына бөледі және ол жолдарға мұрын қасы ауа қойнаулары ашылады. Әрбір мұрын жолына мұрын қасы қойнаулары мен бассүйек өзектері ашылады: жоғарғы мұрын жолына тор сүйегінің артқы ұяшықтары мен сына тәрізді қойнау; ортаңғы мұрын жолына тор сүйегінің алдыңғы және ортаңғы ауалы ұяшықтары, жоғарғы жақ (Гайморов) және маңдай сүйегінің ауалы қойнаулары; төменгі мұрын жолына көзжас-мұрын өзегі ашылады.
Мұрын қуысы ішкі жағынан шырышты қабықпен астарланады. Жоғарғы мұрын қалқаны мен онымен жанаса орналасқан мұрын пердесінде ерекше иіс сезу жасушалары орналасатындықтан, мұрын қуысының жоғарғы бөлігі иіс сезу аймағы деп аталады. Төменгі мұрын қалқаны аймағындағы шырышты қабық пен шырыш асты негізінде көптеп орналасқан веноздық тамырлар қойнаулы веноздық өрім түзеді. Тамырлы өрімнің болуы бір жағынан жұтылған ауаны жылытса, екінші жағынан мұрыннан қан кетулерге себеп болады. Жұтылған ауа хоаналар арқылы жұтқыншақтың мұрын бөлігіне, одан әрі ауа өткізу, қорғаныстық және дауыс түзу қызметтерін атқаратын мүше-көмейге қарай өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет