Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Тахикардия адамда ауыр физикалық жұмыста, дене қызуы көтерілгенде, эмоциянальдық жағдайларда (қобалжу, ашулану, қуану) байқалады. Брадикардия



бет90/114
Дата21.11.2022
өлшемі324,09 Kb.
#159142
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   114
Байланысты:
Àíàòîìèÿ æ?íå ôèçèîëîãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå

Тахикардия адамда ауыр физикалық жұмыста, дене қызуы көтерілгенде, эмоциянальдық жағдайларда (қобалжу, ашулану, қуану) байқалады.
Брадикардия адам әлсірегенде, ұйқы кезінде байқалады.
Қан жүйесі
Қан жүйесі туралы түсінік. Қан құрамы.
Қан, лимфа, тін аралық сұйықтық ағзаның ішкі ортасын құрайды. Ішкі орта тұрақтылығын Америка физиологі Уолтер Кэннон гомеостаз деп атады. Гомеостаз деп қан көлемінің, құрамының физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығын атайды. Оны дене температурасы, қан қысымы және қан анализдерінің көмегімен анықтайды. Ересек адам ағзасында қалыпты жағдайда 5-6 л қан болады. Ол дене салмағының 6-8% құрайды. Егер адам 25-30% қан жоғалтса өміріне қауып төнеді ал 50% жоғалтса адам өледі.
Қан құрамы —қан плазмасымен , қан жасушаларынан тұратын сұйықтық. Қанның 55% плазма, 45% қан жасушалары құрайды. Плазманың 90 – 92% су және 8 -10% құрғақ заттар. (ақуыздар, тұздар) тұрады. Плазманың құрамында ақуыздар оларға альбуминдер (4 -5%), глобулиндер (2-3%), фибриногендер (7 – 8%) құрайды. Тұздар мөлшері орташа 0,9% болады осыған байланысты қанның осмотық қысымы анықталады. Сондықтан қан жасушаларының өлмей қалыпты жұмыс атқаруы үшін осмостық қысым тұрақты болғаны жөн.
Осмотық қысымы қанның қысымына тең тұз ерітінділер сондықтан изотониялық ерітінділер деп аталады. Адамдар арасында жиі қолданылатын изиотониялық ерітінді 0,85-0,9% NaCI , болып келеді.
Ал қысымы жоғары –гипертониялық немесе қысымы төмен- гипотониялық ерітінділер құйғанда эритроциттердің гемолизденуіне яғни еруіне алып келеді.


Қанның негізгі қызметтері.
Қан мынадай қызметтерін орындайды:
1) Тасымалдау қызметі- ағзаға газдарды, қоректік заттарды, гормондарды тасымалдауымен жүзеге асады.
2) Тыныс алу қызметі- құрамында эритроцит және гемоглобин арқылы ағзаға оттегін , өкпеге көмір қышқыл газын жеткізеді.
3) Нәрлендіру қызметі-қөректік заттарды ас қорыту мүшелерінен тінмен мүшелерге жеткізеді.
4) Экскреторлық қызметі- Зат алмасу салдарынан пайда болған соңғы өнімдерді яғни артық тұздарды, суларды тіндерден алып сыртқа шығаратын мүшелерге жеткізеді
5) Дене температурасын реттейді- яғни қызып кеткен ағзаларды суытады, ал суыған ағзаларды жылытады
6) Қорғаныш қызметі- қан жасушалары лейкоциттер микробтарды, вирустарды, бөғде заттарды бейтараптайды. Оның иммунитетте (жұқпалы ауруларды кабылдамау) және зиянды заттардан корғану алатын орны ерекше.
7) Қан ұю қасиетіне ие болғандықтан ағзада қорғаныштық қызметті жүзеге асырады яғни қанды ұюту арқылы ағзаны қансыраудан сақтайды
8) Гормондарды, зат алмасу өнімдерін тасымалдап, ағзаның химиялық өзара әсерін немесе қызметтердің гуморальдық реттелуін қамтамасыз етеді.
9) Құрамында тұздардың және ақуыздардың көмегімен қан тамырларының құрылысын сақтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет