Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет69/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АЯҚҚА КІСЕН САЛУҒА БОЛАР,
ҚОЛҒА КІСЕН САЛУҒА БОЛАР,
АЛ, ТІЛГЕ КІСЕН САЛУҒА БОЛМАС
Боралдайдың бір байы мен жалшысы дауласып, Бәйдібек биге барыпты. Бұл кезде Бәй-
дібек бидің жігіт шағы екен. Бай айтыпты:
– Өзім асырап, есігіме салған құлым еді. Ауқат беріп, әлдендірдім, ескімді беріп киін-
дірдім. Соған місе қылмай, енді менен ат дәметеді.
Би жалшыға сөз беріп:
– Кәне, сен сөйлеші, – десе, әлгі жалшы өте момын, жалтақ болса керек, байға жал-
тақ-жалтақ қарай беріпті. Ал бай болса, оған көзін алартып қояды. Жалшының бұл халін сезе
қойған Бәйдібек би:
Аяққа кісен салуға болар,
Қолға кісен салуға болар,
Ал, тілге кісен салуға болмас, —
деп, жалшыға араша түсіп, ақысын алып беріпті.
Халқымыздың салт-дәстүрінде тіл мен сөзге үлкен мән берген. Сол себептен қандай
ащы, ауыр сөз болса да, «айтып қалсын» деп, бөгет болмаған. Міне, «… тілге кісен салуға
болмас» деген қанатты сөздің астарында дәстүрге негізделген осындай ой жатыр.


К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
40


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет