Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет28/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
АЛТЫН, КҮМІС – ТАС ЕКЕН,
АРПА, БИДАЙ – АС ЕКЕН
(Екінші нұсқасы)
Бұл нақыл тәубесіне келіп, астамшылық жасағанын мойындағанда, нанның, азықтың,
тағамның қадір-қасиетін жете түсінгенде айтылады.


К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
20
Ерте заманда бір әйел дүниеқұмар болыпты. Өзінше «алтын, күміс дүниелерің болса,
басқаның не керегі бар» деп есептепті. Сөйтіп, өңшең алтын-күміс заттарды, тіллә теңгелерді
жиыпты.
Бір жылы астық шықпай, елде ашаршылық болып, нан тауып жеу қиынға түседі. Алға-
шқы кездері әйел зат, теңгелеріне бидай нан алып күнелтіпті. Ел күйзеліп, онша-мұнша жиған
қорлары таусылатын болған соң, бұрынғыдай айырбас жасауды қойыпты. Әйел: «Аштан өліп
барамын, бір уыс астық беріңдерші», – деп жалынып-жалбарынса, ешкім көнбепті. Әлсіреп,
көзі қарауытып бара жатқан әйел: «Арпа, бидай – ас екен, алтын, күміс – тас екен», – деп,
алтын, күміс дүниеліктерін лақтырып жіберіп, құлап түскен екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет