Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет76/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
«ӘЛӘУЛӘЙІМ» ТАУСЫЛСА,
«ХӘЛӘУЛӘЙІМ» ТАҒЫ БАР
Бір іс-шаруа (әңгіме, ән) жуық арада біте қоймай, созылып, ығыр қылғанда, осы әзіл,
кекесінді сөз тіркесі ауызға түседі.
Бірде Алдар көсе мен Түлен, Құлан деген шайтандар сапарлас болады. Ай жүреді, жыл
жүреді. Бір жерге келгенде, үшеуі де шаршайды. Демалып отырып Құлан айтады:
– Жүре-жүре шаршайтын болдық. Бәріміз бірге шаршағанша, біріміздің мойнымызға
біріміз кезек-кезек мінсек, – дейді.
Алдар мен Түлен мақұл көреді.
– Алдымен қайсымыз мінеміз? – дейді Құлан.
– Сен екеуің шайтан болсаңдар, мен адаммын ғой. Сондықтан болу керек, аяғымды алға
басуға шамам жоқ. Алдымен мен мінейін, – дейді Алдар.
– Жарайды, – дейді ана екеуі.
– Қанша уақыт мінгізуіміз керек, уақыт белгілейік, – дейді Түлен.
– Уақыт белгілеудің керегі не? Мен өлең айтайын, сол біткенше мінгізсеңдер болғаны.
Сендер де өлеңдерің таусылғанша мінерсіңдер, – дейді Алдар.
Түлен мен Құлан мұны да мақұл көреді. Сонымен Алдар екі шайтанның мойнына мінеді
де ыңылдап: «Әләуләй, әләуләй, әләуләй, әриәйдім…» деген өлеңін айтуға кіріседі. Шайтан-
дар «Алдардың өлеңі бір таусылар» деп, әрі қарай жүре береді. Бірақ Алдардың «әләуләйі»
таусылмайды. Әлгілер тағы шаршағасын:
– Осы сенің «әләуләйің» қашан бітеді? – дейді. Сонда Алдар:
– «Әләуләйім» таусылса, «хәләуләй» дегенім тағы бар. Жүре беріңдер! – дейді. Осы-
лайша Алдар шайтандардың ит сілікпесін шығарып, баратын жеріне жетіп алыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет