Гипертермия Гипертермия – бұл компенсаторлық қорғаныш реакциясы, екінші белгісі соған байланысты ағзаның иммундық жауабы ауруға қарсы күшейеді, өйткені:
қанда бактериоциттер өседі;
лейкоциттердің белсенділігі көтеріледі;
эндогенді интерферонның белсенділігі көтеріледі;
метобализмнің қарқындылығы күшейеді;
ұлпаларға қоректі заттардың жылдам келуін қамтамасыз етеді.
Прогрессиялық дене қызуының көтерілуінде тыныс алуға және қан айналымға күш түседі (37° с дене қызуы әрбір градусқа көтерілгенде тыныс алу жиілігі 4 тынысқа көбейеді 1 минутта, пульс минуттына 10 рет соғуына күшейеді ал ол қанда оттегінің келуін күшейтеді. Бірақ бұл жағдай ұлпаларда оттегімен қамтамасыз етпейді. Одан соң ұлпалардың гипокциясы дамиды, одан ең бірінші ОНЖ зақымданады, фебрейлді тырысу дамиды. Бұл әсіресе температура 39-40° с болған кезде).
Гипертермияның дәрежесі нәресте ағзасының жеке ерекшелігіне байланысты болады.
Гипертермияның жіктелуі
Гипертермияның түрлері:
Суборебрильді – 37-38° С;
Қалыпты – 38-39° С;
Жоғары – 39-41° С;
Гиперпиретикалық – 41° С жоғары.
Гипертермияның түрлері
Қызғылт гипертермия:
Механизмі – жылу өнімі жылу берілуге тең.
Клиникасы: Тері шырышты қабаттары қызарған;
Жалпы жағдайы шамалы нашарлаған.
Ақ гипертермия:
Механизмі – шеткері қан тамырлары тартылады, өйткені жылу өнімі жылу берілуін көп бөледі.
Клиникасы: Қалтырауы, салқын сезімі;
Тері шырышты қабаттарының бозаруы;
Тырнақтары, еріндері көгерген;
Аяқ-қолдары саусақтарының салқындауы.
Гипертермия кезіндегі жедел көмек Нәрестені төсекке жатқызу;
Қысып тұрған киімінен босату;
Таза ауамен қамтамасыз ету;
Гипертермияның түрін анықтау (ақ немесе қызғылт). Егер ақ болса қызылға ауыстыру (нәрестені жылыту, но-шпа енгізу немесе никотин қышқылы немесе папаверин, спазмолитин ретінде);
Көрсеткіш бойынша шараларды өткізу.
37,0-37,5° С көбірек сұйықтық ішкізу;
37,5-38,0° С физикалық салқындатуды жүргізу;
38,0-38,5° С энтеральды жолмен дене қызуын түсіретін препараттар (панадол, парацетамол, асперин, дене қысымын түсіретін балауыздар).
38,5° С және одан жоғары бұлшық етке көктамырға литикалық қоспа енгізу;
Анальгин
Димедрол
Папаверин
Ескерту: аспирин,цефеконды балауыздарды дене қызуын түсіру үшін ерте жастағы нәрестеге беруге болмайды.
Оттегі терапиясын жүргізу;
20-30 минут ішінде өткізуден бастап зәр шығару шараларын өткізу;
20-30 минуттан соң термометрияны қайталау;
9.Термометрияның қайталану көрсеткіші болса, түзету шаралар өткізу.