134. Альбумин ерітінділері ақуызды препараттар болып табылады, 5%, 10% және 20% түрінде
135. Альбумин ерітіндісін құю үшін көрсетілімдер мыналар болып табылады:
1) кез келген генез гипопротеиннемиясы немесе гипоальбуминемиясы – жалпы ақуыз 60 г/л-ден
төмен, альбумин 35 г/л-ден төмен. Көрсетілім тұжырымы – «гипопротеиннемия/гипоальбуминемия:
2) миға жасалған операциялар, мидағы заттегінің ісінуі және қабынуы, жалпы ақуыз 70 г/
л-ден төмен, альбумин 40 г/л-ден төмен жағдайда қарын қуысы мүшелеріне жүргізілген ауқымды және
жарақаттық операциялар. Көрсетілім тұжырымы – «гипопротеинемия/гипоальбуминемия: көрсеткіші____
3) микроциркуляцияның бұзылуының айқын білінуімен және 60 г/л-ден төмен гипопротеинемия,
ағымы. Көрсетілім тұжырымы – «гипопротеиннемия/гипоальбуминемия: көрсеткіші____»;
4) алып тасталатын плазманың - 50%,-дан астам үлкен көлемінің орнын басу кезіндегі емдік
плазмоферез. Көрсетілім тұжырымы – «Плазмаферез».
136. Албуминнің қажетті мөлшерін есептеу 100 мл 10% және 20%, албуминнің жалпы ақуыз
деңгейін 4-5 г/л және тиісінше 8-10 г/л ұлғайтатынына негізделе отырып, жасалады.
ЖМП құюға және гипопротеинемия көрсеткіштері болғанда, бірінші кезекте, құрамында плазма
ақуыздары да бар ЖМП-ні құюды жүргізеді. Жалпы ақуыз деңгейін бақылаудан кейін альбумин құюдың
137. Плазма ақуыздарының онкотикалық тұрақтандырудан басқа, тасымалдау рөлін орындайтынын
және көптеген дәрілік препараттардың фармококинетикасын көп жағынан анықтайтынын есепке алсақ,
альбуминді құю айқын білінген гипопротеинемия (50 г/л-ден төмен) және гипоальбуминемия (30 г/
л-ден төмен) ілесе болатын кез келген клиникалық жағдайларда, оның ішінде акушерия және
неонатология кезінде абсолютті көрсетіледі.
138. Альбумин ерітінділерін құйған кезде жанама әсерлер байқалады: пирогендік,
генерализденген және аллергиялық реакциялар, оқшауланған гипотензия, гиперволемия, циркуляциялық
күш түсу, уыттану. Құюға айғақтарды дұрыс есепке алу, биологиялық сынамаларды жүргізу, енгізу
жылдамдығын азайту, нестероидтік қабынуға қарсы препараттармен премедикация альбумин
ерітінділерін құю кезіндегі реакциялар мен асқынулардың профилактикасы болып табылады.
139. Альбумин ерітінділері пациентті ас қорыту жолдарынан тыс қоректендіру үшін
пайдаланылмайды.
140. Иммуноглобулиндер қан плазмасынан алынатын антиденелердің концентраты болып табылады
және былайша бөлінеді:
1) құрамында ерекше антиденелер (антистафилококты, шешекке қарсы, антирабиялық, сіреспеге
қарсы және басқа) бар поливаленттік және бағытталған әрекеттегі ерекшеліктер бойынша;
2) енгізу тәсілі бойынша: вена ішіне немесе бұлшықет арасына енгізу үшін.
141. Иммуногобулиндерді қолдану көрсеткіштері мыналар болып табылады:
1) гуморальдық иммунитеттің тапшылығын түзету;
2) иммундық және аутоиммундық аурулар кезінде иммундық жүйенің қалыпты жұмыс істеуін
қалпына келтіру;
3) инфекциялық және вирусты ауруларды емдеу;
4) бастапқы және қайталама антиденелер тапшылығының алдын алу.
142. Ұюдың VІІІ және ІХ факторларының концентраттары қан плазмасынан өндіріледі және А, В
гемофилиясы және Виллибрандт ауруы кезінде орын басу терапиясы үшін қолданылады.
143. VІІІ факторының концентраты А гемофилиясымен ауыратын науқастарда VІІІ факторының
тапшылығын түзетуде көрсетіледі. VІІІ факторының МЕ-дегі белсенділігі (1 мл жаңа алынған, 1
сағатқа дейін сақталған донорлар плазмасындағы VІІІ факторының МЕ-дегі белсенділігіне) сәйкес
келеді. VІІІ факторының құрамы қалыпты шамадан пайыз ретінде анықталады. Қажетті дозаны есептеу
былайша жасалады:
1) дене салмағы (кг) х 70 мл/кг = ЖҚА (мл);
2) ЖҚА (мл) х (1-гематокрит) = ОЦП (мл);
3) ОЦП (мл) х (МЕ/мл-де VІІІ факторының қажетті деңгейі) – бастапқы.
Ауыр түрдегі А гемофилиясымен ауыратын науқастар үшін VІІІ фактор концентратының бір
реттік дозасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі: N = M х Л х 0,5, мұнда N –
халықаралық бірліктердің саны, Л – пациент плазмасындағы фактордың керекті деңгейі; М –
пациенттің дене салмағы.
Орташа және жеңіл түрдегі А гемофилиясымен, Виллебранд ауруымен ауыратын науқастар үшін
VІІІ фактор концентратының бір реттік дозасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі: N =
M х (Л-Р) х0,5, мұнда N – халықаралық бірліктердің саны, М – пациенттің дене салмағы, Л –
пациент плазмасындағы фактордың керекті деңгейі, Р – пациенттегі фактор деңгейінің %-ы.
144. ІХ факторының концентраты В гемофилиясымен ауыратын науқастарда ІХ факторының
тапшылығын түзету үшін қолданылады.
В гемофилиясымен ауыратын науқастар үшін ІХ факторының концентратының бір реттік дозасын
есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі: N = M х Л х 1,2, мұнда N – халықаралық
бірліктердің саны, М – пациенттің дене салмағы, Л – пациент плазмасындағы фактордың қажетті
деңгейі.
Достарыңызбен бөлісу: