АНИОНДАРДЫҢ САПАЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРЫ
қалған реакцияларды кітаптан жазыңыз!!!
"Файловый менеджер" арқылы жібердім
ІІ аналитикалық топ аниондарына сапалық реакциялар
2-ші аналитикалық топ катиондарында
CI- хлорид ионы,
Br - бромид ионы,
I- иодид ионы,
S2- сульфид ионы
SCN- тиоцианат (роданид) – ионы жатады.
Бұл аниондар күміс ионымен суда қиын еритін және сұйылтылған азот қышқылында ерімейтін тұздар түзеді. Сұйылтылған азот қышқылы қатысында топтық реактиві AgNO3 болып табылады. Бұл жағдайда AgNO3 бірінші топтың аниондарымен тұнба түзбейді. Екінші топ аниондарының барий тұздары суда ериді.
Хлорид – анионына Cl - сапалық реакция
AgNO3 күміс нитраты Cl- ионымен ірімшік тәрізді ақ түсті күміс хлориді тұнбасын береді
NaCl + AgNO3 = AgCl + NaNO3
Тұнба азот қышқылында ерімейді, бірақ аммиакта жеңіл еріп комплексті қосылыс түзеді:
AgCl + 2NH3 = [Ag(NH3)2Cl]
Диаминокүміс хлориді ерітіндісіне концентрленген азот қышқылын қосқан кезде қайтадан тұнба түзіледі:
[Ag(NH3)2Cl] + 2НNO3 = 2NH4NO3 + AgCl
Күміс хлориді тұнбасы сол сияқты натрий тиосульфатында да Na2S2O3 жақсы ериді. Реакция фармакопеялыққа жатады.
Тиоцианат (роданид) – анионына SCN- сапалық реакция
Темір (III) тұздары роданид-иондармен қызыл қан түсті темір-роданидті қосылысы түзеді
ІІІ аналитикалық топ аниондарына сапалық реакциялар
3-ші аналитикалық топ катиондарында
NO3- нитрат ионы
NO2- нитрит ионы
CH3COO- ацетат ионы жатады.
Бұл аниондардың күміс және барий тұздары суда ерімейді, соның салдарынан AgNO3, не BaCl2 үшінші топ аниондарының тұнбаға түсірмейді. Бұл топтық реактиві жоқ.
Ауыз суды зерттеу үшін нитреттер мен нитраттарды анықтауда үлкен маңызы бар. Нитреттер мен нитраттардың көп мөлшерде болуы судың лас және жарамсыз екендігінің көрсеткіші болады.
Нитрит– анионына NO2- сапалық реакция
NO2- ионы азотты қышқылдың анионында HNO2 жатады. Азотты қышқыл тұрақсыз және әлсіз қышқыл. Азотты қышқылдың нитриттері тұрақты. Олардың барлығы суда жақсы ериді.
1. Темір (II) тұзы қышқылдық ерітіндіде нитриттердң азот (II) оксидіне дейін тотықсыздандырады:
2KNO2 + 2FeSO4 + 2H2SO4 =
Fe(SO4)3 + 2NO↑ + K2SO4 + 2H2O
Азот (II) оксиді FeSO4–пен қоңыр түсті тұрақсыз комплексті қосылыс түзеді:
FeSO4 + NO = [Fe(NO)] SO4
Калий иодиді KI қышқылдық ортада нитриттермен бос иодқа дейін тотығады:
2KNO2 + 2KI + 2H2SO4 = I2 +
2NO↑ + 2K2SO4 + 2H2O
Реакцияны басқа тотықтырғыштар қатысында жүргізуге болмайды.
Нитрит–анионына NO2- сапалық реакция
2. Калий перманганаты KMnO4 күкірт қышқылды ортада 50-60 ͦ С қыздыру кезінде нитриттерді нитраттарға дейін тотықтырады:
5NaNO2 + 2KMnO4 + 3H2SO4 = 5NaNO3 + 2MnSO4 + K2SO4 + 3H2O
Реакция калий перманганаты ерітіндісінің түссізденуімен аяқталады.
Осы реакция көмегімен нитриттерді нитраттардан жеңіл айырып алуға болады. Соңғысы KMnO4–пен реакцияға түспейді
https://www.youtube.com/watch?v=EhhXdowQ590
https://www.youtube.com/watch?v=5DaFvVTINcg
Қатты натрий нитритінің концентрацияланған күкірт қышқылымен реакциясы
Ацетат–анионына CH3COO- сапалық реакция
Ацетат-ионы әлсіз сірке қышқылының анионына жатады. Көбіне сірке қышқылының тұздары суда ериді.
Күкірт қышқылы H2SO4 сірке қышқылын өз тұздарынан ығыстырады, оны тән иісі бойынша байқауға болады әсіресе қыздыру кезінде.
2CH3COONa + H2SO4 = 2CH3COOH + Na2SO4
https://www.youtube.com/watch?v=ExB1r4m7Bb8&t=255s
Кейбір аниондарына сапалық реакциялар
қалған реакцияларды кітаптан жазыңыз!!!
"Файловый менеджер" арқылы жібердім
Достарыңызбен бөлісу: |