Жоғары білім алу барысында босатылған бос білі беру гранттарын тағайындау рәсімі жазғы және қысқы демалыс кезінде бос орындарға конкурс
негізінде келесі тәртіп бойынша жүргізіледі:
1)
Білім алушы
М.Қозыбаев атындағы СҚУ ректоры атына әрі қарай білім
беру гранты бойынша оқу туралы өтініш жазады;
2)
ЖОО, өтінішті қарастырып, оны конкурс негізінде, Ғылыми кеңестің
шешімі бойынша тамыздың 5-сі және қаңтардың 15-сіне дейін ҚР
БжҒМ-ге шешім қабылдау үшін жолдайды. Білім алушының өтінішіне
Ғылыми кеңестің шешімімен қоса транскрипт, жеке куәлігінің
көшірмесі, ЖОО-нан оқудан шығарылған білім алушының білім беру
гранты иегері куәлігі тіркеледі;