Анықтамалық және интерактивті веб порталдардың қызметтерін пайдалану



бет1/2
Дата06.09.2024
өлшемі24,42 Kb.
#203915
түріАнықтамалық
  1   2
Байланысты:
акт 1 ЛЕКЦИЯ


Ақпараттық-анықтамалық және интерактивті веб порталдардың қызметтерін пайдалану

Техника қауіпсіздігі және компьютерде жұмыс істеу ережелері


Мақсаты: Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі ережесімен танысу.
Құрал-жабдықтар: Дербес компьютер, әдістемелік нұсқау.
Жоспар: 1.Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар.
2. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі .
3. Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету.
4. Microsoft Power Point бағдарламасында «Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері» атты презентация жасау.

Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Аталған міндеттерді орындауда оқушы төмендегідей:


1.Жалпы ережелерді;
2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы;
3. Жұмыс жасау кезіндегі;
4. Апаттық жағдайдағы;
5. Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.
Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:
- Компьютерді тоққа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге, штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;
- Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;
- Компьютерлердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады.
-Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс;
- Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды;
-Мұғалімнің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға және кіруге болмайды.
Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:
-Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек;
-Жұмыс жасау кезінде сымдарының дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек. Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет. Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:
-ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;
- Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі;
-Көз шаршаған жағдайдағы орынынан тұрмай-ақ көз жаттығуларын орындауға болады;
-Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді білу қажет;
-Көз жаттығуларын білу міндетті.

Шаршағандағы қолданылатын жаттығулар:


-Бас жаттығуларын жасау;
-Басты сағат тілі және керісінше бүрып айналдыру;
-Басты жан-жақа, жоғары-төмен, оңға-солға бұру;
-Саусақтарды жұмып-ашу және қолдың білезігін босаңсыту;
-Денені босаңсыту және оны кетіріп ширықтыру;
-Көз жаттығуларын жасау.
Көзге арналған жаттығулар:
• 1-4-ке дейін санап көзді қатты жұмып, содан кейіп ашып жайбарақат ұстау;
• 1-6-ға дейін санай отырып, алысқа қарау қажет, 4-5 ретқайталау қажет;
• 1-4-ке дейін санай отырып, екі көзді оларға қатты күш салмай, бір-біріне қаратып, соңында 1-6-ға дейін санай отырып алысқа қарап 4-5 рет қайталау керек;
• 1-4-ке дейін санап, басты қозғамай, оңға қарап бір нүктеге көз тоқтату, соңында 1-6-ға дейін санап, алысқа қарау. Осы тәрізді басты қозғамай солға, жоғары, төмен қарау керек.
• 1-6-ға дейін санай отырып көзқарасты диагоналі бойынша оң жақ жоғарыдан-сол жақ төменге аударып, сонан соң алысқа қарау;
сонан соң сол жақ жоғарыдан-оң жақ төменге аударып, алысқа қарау. 4-5 рет қайталау.
Көз гимнастикасын орындау кезінде жалпы дене гимнастикасын да жасауға болады.

Компьютердің техникалық жабдықтамалары


Компьютерлік жабдықтама (ағылш. Computer hardware) — бұл санатқа компьютерге орнатылған, компьютер процессоры арқылы басқарылатын барлық физикалық жабдықтары жатады. Компьютерлі жабдықтама негізінен Компьютер бағдарламасына салыстырмалы айтылады. Бұлар компьютер жасап шығарылған кезде оған жалғанған жабдық болуы немесе кейін үстелген периферия құрылғылар болуы мүмкін. Төменде мысал ретінде кейбір құрылғылар келтірілген:
• Монитор
• Тінтуір
Модем
• Дискіенгізгі
• Ықшам дискілерге арналған дискіенгізгі
• DVD-дискілерге арналған дискіенгізгі
• Принтер
• Пернетақта
• Желілік бейімдеуіш
• Бейнекарта
Ойын контроллері
Құрылғыларды компьютерге түрлі тәсілмен жалғауға болады. Кейбір құрылғылар, мысалы, желілік бейімдеуіштер мен дыбыстауыш тақталар компьютердің ішіндегі кеңейтім ұяларына жалғанады. Басқа құрылғылар, мысалы, басып шығарғыштар мен мәтіналғылар компьютердің сыртқы порттарына жалғанады. Құрылғы Windows жүйесінде дұрыс жұмыс істеу үшін компьютерде құрылғы драйвері деп аталатын бағдарламалық жасақтама орнатылуға тиіс. Әр құрылғының жұмысы әдетте құрылғы өндіруші жеткізетін бір немесе бірнеше драйвер арқылы қамтамасыз етіледі. Кейбір драйверлер Windows жинағына кіреді. Бұл – Windows жүйесі құрылғылардың қажетті драйверлерін өздіктік түрде анықтап, орнатады деген сөз. Егер құрылғы өздіктік түрде орнатылмаса, жаңа жабдық орнату шебері іске қосылады да, құрылғының жеткізілім жинағына кіретін ықшам дискіні немесе алмалы дискіні дискіенгізгіге кірістіруді ұсынады. Егер драйверлерді таба алмасаңыз, құрылғы өндірушіге хабарласыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет