Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет102/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   126

Табель жүргізуші

Лауазымдық міндеттері. Жұмысшылардың мекемеге келуінің нақты уақытына табельдік есеп жүргізледі, олардың уақытында жұмысқа келуін және жұмыстан кетуін, жұмыс орындарында болуын бақылауды жүргізеді. Табельге тиісті белгілер қояды және күн сайын жұмысқа келу, кешігу және олардың көрсетілген себептерімен келмеуі туралы рапорт (мәлімет) жасайды, жұмыс істейтіндердің тізімдік құрамын есептейді. Жұмысшыларды қабылдау ресіміне, ауыстыру, шығу, демалысқа шығу және т.б байланысты жүйелі өзгерістер енгізеді. Жұмысшылардың уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы парақтарды, науқастарды күту бойынша анықтамаларды және олардың жұмыста болмау құқығын растайтын басқа да құжаттарды уақтылы ұсынуын бақылайды. Белгіленген тәртіпте жұмыс істеген нақты уақыты, жұмыс мерзімінен тыс сағаттары, еңбек тәртібін және т.б. бұзу туралы мәліметтер мазмұндалған табелді ұсынады.


Білуге тиіс: табельдік есепті жүргізу бойынша ереже, нұсқаулықтарды, басқа да басқарушы материалдар мен нормативтік құжаттар; ұйымдарда және оның бөлімшелерінде жұмыс ауысымының кестелері мен жұмыс уақытының тәртібі; ұйымдарда іс жүргізуді ұйымдастыру; еңбекті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің ережесі; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім мен белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындығы болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.


Бағалаушы

Лауазымдық міндеттері. Бастапқы құжаттарды бағалауды жүргізеді (берілген тапсырма, материалдық кіріс ордерлері, талаптар, тауар құжаттамалары және т.б.) және әр құжаттың түрі бойынша қорытындылар есебін шығарады. Заманауи техникалық құралдарды қолдану бойынша шаралар қолданады.


Білуге тиіс: құжаттарды толтыру тәртібіне қатысты ереже, нұсқаулықтар, басқа да басқарушы материалдар мен нормативтік құжаттарды; бастапқы құжаттардың нысандарын (берілген тапсырма, материалдық кіріс ордерлері, талаптар, тауар құжаттамалары және т.б.) және оларды толтыру тәртібі; есептерді жасау тәртібі, еңбекті ұйымдастыру негіздері; техникалық құралдарды пайдалану ережесі; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздерін, ішкі еңбек тәртібінің ережесі; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім мен белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындығы болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.


Есеп жүргізуші

Лауазымдық міндеттері. Жедел есеп жүргізудің әртүрлі түрлері бойынша жұмыстарды жүргізеді (дайын өнім көлемінің, өндірісте пайдаланылатын шикізаттың, материалдардың, жанармайдың, энергияның шығыны). Есеп түрлері бойынша алғашқы құжаттарда (нарядтарда, материалдық және кіріс ордерлерінде, талаптарда, жүк құжаттарында және басқаларында), журналдарда немесе карточкаларда тиісті жазбаларды жүргізеді, нәтижелерді есептейді және белгіленген есептілікті, тізімдерді және мәліметтерді даярлайды. Заманауи техникалық құралдарды пайдалану бойынша қажетті шараларды жүзеге асырады.


Білуге тиіс: жедел есеп жүргізуді ұйымдастыруға қатысты ережелер, нұсқаулар, басқа басшылық материалдар мен нормативтік құжаттар; өндірісті ұйымдастырудың негіздері; жедел есеп жүргізу; алғашқы құжаттамалар нысандары, оларды толтырудың тәртібі; кәсіпорын өндіретін өнімнің мөлшерін өлшеу бірліктері; еңбекті ұйымдастыру негіздері; техникалық құралдарды пайдалану ережелері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім мен белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындығы болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.





Хронометражшы

Лауазымдық міндеттері. Негізгі және көмекші уақыттың нормативтерін әзірлеу, талдамалық есептеу әдісімен бекітілген уақыт нормаларының (өнімділіктер) дәлелдіктерін тексеру, жұмыстың аса рационалдық режимін белгілеу, еңбектің озат амалдары мен әдістерін зерттеу үшін технологиялық процесс операцияларының бөлек элементтерін орындауға арналған шығын уақытын зерттеу мақсатында хронометрлық бақылауды жүргізеді. Еңбек процестерін зерттейді және талдайды, зерттеп білген операцияларды элементтерге бөледі, қажетті бақылау санын анықтайды, осы элементтердің өлшемін жүргізеді және алынған деректерді өңдейді. Бақылау нәтижелерін талдайды және операцияның аса рационалды элементтерін оларды уақыттың нормативтеріне қосу үшін таңдайды. Жұмыс уақытын жоғалтуды анықтайды, олардың туындау себептерін анықтайды уақыттың қажетті шығындары туралы қорытынды шешім береді. Жұмыс уақытын жоғалтуды жою бойынша іс-шараларды және еңбек жөнінде нормативтік материалдарды әзірлеуге қатысады.


Білуге тиіс: еңбек процестері және еңбектің озат әдістері мен амалдары, жұмыс уақытын қолдануды зерттеу әдістерін зерделеу; хрнометрлық бақылау түрлері, оларды жүргізу тәртібі; хронометрлық бақылаулардың нәтижелерін талдау және өңдеу, бақылау жүргізу кезіндегі жұмыстардың қарқынын және өнімділігін бағалау әдістері; жұмыс уақыты шығындарын зерттеу кезінде қолданылған құралдары және оларды қолдану ережесі; есептеу техникаларын пайдалану ережелері; еңбектің психология және физиология негіздері; еңбекті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібінің ережесі; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім мен белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет