Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет28/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   126

Шеберхана бастығы (меңгерушiсі)

Лауазымдық міндеттері. Жылжымалы құрамға, агрегаттар мен машиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу, қосымша бөлшектер мен бұйымдарды жасауға бойынша жұмысқа басшылық етедi. Белгіленген тапсырмалар және келiсiмшарттарының дер кезiнде орындалуын қамтамасыз етедi. жөндеу жұмысшыларының тиімді еңбегін ұйымдастыруға, жөндеу жұмыстары соғары сапалы болған кезде жөндеу құнынының төмендетілмеуіне жәрдемдеседі. Жұмыстың нәтижелерiн талдайды, шеберхананың өндiрiстiк қызметі туралы есепке алуды, есеп жасау және дер кезiнде ұсынуды ұйымдастырады. Өндiрiстiң ұйымдастырылуын, технологияны, өндiрiстiк процестердi механикаландыру және автоматтандыруды жетiлдiру, ақаулықтың алдын алу және жөндеу сапасын арттыру бойынша жұмысты орындайды. Еңбектi ұйымдастыру, өндiрiстi ұйымдастырудың және жабдықты пайдаланудың озық отандық және шетелдік тәжiрибесiн пайдалану және өнертапқыштықты дамыту бойынша шараларды енгізуді қамтамасыз етеді. Учаске мастерлерінің жұмысын үйлестіреді. Кадрларды іріктеуді, оларды орналастыруды және тиімді пайдалануды жүзеге асырады. Жұмысшылар мен жұмыстары тарифтеуге қатысады. өндірістік процестің барысын, жабдықтың, энергетикалық және материалдық ресурстардың, қосымша бөлшектер мен бұйымдардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді. өндірістік нұсқау беруді, қызметкерлердің қауіпсіздік ережелері мен еңбекті қорғау нормаларының, өндірістік және еңбек тәртібін, өртке қарсы қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.



Білуге тиіс: жылжымалы құрам мен жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтiк құқықтық актілерi; шеберхананың өндірістік қуаты, оны дамыту перспективалары; жөндеу жұмыстарының технологиясы; учаскелердің мамандануы және олардың арасындағы өндірістік байланыстар; өндірістік учаскелердің жабдықтарының техникалық сипаттамасы; жөнделетін жабдықтар мен жылжымалы құрамның құрылымдық ерекшеліктері; еңбекақы төлеу және материалдық ынталандыру нысандары бойынша ережелер; экономика, еңбектің, өндіріс мен басқарудың ұйымдастырылу негіздері; жабдықтар мен жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша отандық және шетелдік тәжірибе; жөндеу жұмыстары өндірісіне жедел бақылау ұйымдастыру; еңбекті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; ішкі еңбек тәртібінің ережесі; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және тиісті мамандық лауазымында жұмыс стажы кемінде 2 жыл немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсiптік (орта арнайы, орта кәсiптік) бiлiмі және тиісті мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.


Құрал-сайман бөлімінің бастығы



Лауазымдық міндеттері. Ұйымның өндірістік бөлімшелерін құрал-жабдықпен және технологиялық аспаппен, олардың даярлануына, пайдаланылуына, жөнделуі мен сақталуына аз шығын жұмсай отырып, үздіксіз және жиынтықты қамтамасыз етілуін, құрал-жабдық пен аспаптың бәсекелестікке қабілеттігін жоғарлату бойынша шаралардың енгізілуін ұйымдастырады. Ұйым бөлімшелерінің құрал-жабдық пен аспапқа қажеттілігін анықтау, өндірісті аспаппен қамтамасыз етудің перспективалық және жылдық жоспарларының жобаларын даярлау, құрал-жабдық пен аспапты сатып алуға, оларды даярлау, жөндеу және қалпына келтіруге қажетті жабдық пен материалдарды алуға тапсырыстарды даярлау бойынша жұмысты басқарады. Құрал-жабдық пен аспапты басқа ұйымдардың даярлауына тапсырыстардың уақытылы берілуін және өндірісті аспаппен қамтамасыз ету үшін қажетті металл мен басқа да материалдарға, сондай-ақ сатып алынатын құрал-жабдық пен аспапқа деген қажеттілікке сәйкес өнім берушілермен жасалатын шарттардың ресімделуін ұйымдастырады. Өнім берушілердің шарттық міндеттемелерін орындауын, қажет болғанда рекламациялар мен талаптарды уақытылы дайындалуын бақылайды. Арнайы құрал-жабдықтар мен аспаптардың жобалануын, оларды стандарттау және бірегейлеуді, құрал-жабдықтар және аспаптың жаңа түрлерін әзірлеу технологиясын жетілдіруді, жөнделуі мен қалпына келтірілуін, игеру мен енгізудің сондай-ақ құрал-жабдық пен аспаптың үнемді шығындалуы, олардың өндірілетін өнімнің бірлігіне деген өзіндік құн және шығын нормаларының төмендеуі бойынша ұйымдық-техникалық шараларын даярлауды қамтамасыз етеді. Құрал-жабдық пен аспаптың дұрыс пайдаланылуына техникалық бақылауды, олардың уақытынан бұрын тозуы мен бұзылуының себептерін есепке алуды және зерделеуді, құрал-жабдықтың және аспаптың сапасын арттыру, тұрақтылығын және жөндеуге икемділігі бойынша шараларды жүзеге асырады. Құрал-жабдық пен аспаптың жұмыс орындарында, орталық аспаптық қойма мен құрал-жабдықты беру қоймаларында шығыны мен қорының нормаларын айқындау, сондай-ақ белгіленген лимиттерге сәйкес сақтау, есепке алу және бөлу жұмысын басқарады. Кесетін аспаптардың барлық түрінің орталықтандырылған қайралуын, пайдаланылған құрал-жабдықтың жөнделуі мен қалпына келтірілуін; аспаптың жоспарлы алдын-ала жөнделуін қамтамасыз етеді. Ұйымда даярланатын құрал-жабдық пен аспаптың сапасын, оларды консервациялау, буып-түю, тасымалдау және сақтау ережесі орындалуының мерзімдік тексерулерді өткізуді, сондай-ақ жұмысшылар пайдаланудан кейін тапсыратын құрал-жабдықты сұрыптауды ұйымдастырады. Ұйым бөлімшелерінің құрал-жабдықтардың және аспаптардың шығын нормаларын орындауына бақылауды жүзеге асырады және олардың артық шығындалуының себептерін анықтайды, номенклатурасын азайту мақсатында қалпына келтірілген құрал-жабдықтың қолданылуын бақылайды. Құрал-жабдықтың және аспаптардың болуы, келіп-түсуі және шығындалуы бойынша есепті, нормадан жоғары қорды айқындауды ұйымдастырады, тозған құрал-жабдықты есептен шығару мен артық және пайдаланылмай жатқан құрал-жабдықты сату бойынша шараларды қабылдайды. Құрал-жабдықты және аспапты пайдалану бойынша нұсқаулықтарды даярлауды, оларды кәсіпорын бөлімшелері бойынша тиімді бөлу бойынша ұсыныстарды даярлау мен енгізуді басқарады. Өнімді мемлекеттік сертификаттау жүйесіне сәйкес сертификаттауға дайындау бойынша жұмысқа қатысады. Құрал-жабдық қызметінің жұмысын, өндірісті аспаптық даярлау жоспарының орындалуы туралы есептілікті ұйымдастырады. Бөлім қызметкерлерін басқарады.

Білуге тиіс: өндірісті құрал-сайманмен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелеріне байланысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері және басқа да материалдар; өндірістің техникалық даму перспективасы; құрал-сайман өндірісін ұйымдастыру және технологиясы; аспаптың және техникалық құралдарды пайдалану және сақтау ережесі; құрал-сайман цехының техникалық жабдығы және оның жұмыс істеу қағидаттары; өндірісте қолданылатын аспаптардың және технологиялық құралдардың номенклатурасы; құрал-жабдық пен технологиялық жабдыққа, оларды жасауда қолданылатын материалдарға қойылатын техникалық талаптар; экономикалық қызмет түрінде мен ұйымда қолданылатын стандарттар мен техникалық шарттар; өнімді және қызметті сертификаттаудың мемлекеттік жүйесі; аспаптың және технологиялық құралдың шығын және қорының нормалары; техникалық құжаттаманы даярлау және ресімдеу бойынша басшылық материалдар; ұйымның құрал-жабдыққа және аспаптарға қажеттігін анықтау, оларды даярлауды жоспарлау және сатып алынатын құрал-жабдыққа өтінім жасау, жеткізіп берушілермен шарт жасасу тәртібі; пайдаланудан алынып тасталған құрал-жабдықты даярлау, жөндеу және қалпына келтіру, өндірісті құрал-жабдықпен қамтамасыз ету саласында алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибе; құрал-жабдық қоймасын (сақтау орнын) ұйымдастыру; экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі мен өндірісті құрал-сайманмен қамтамасыз ету лауазымында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет