Лауазымдық міндеттері. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарын тиімді пайдалану, ұйымның жаңа объектілерін жобалау, құрылысы және пайдалану кезінде тұйықталған циклдің экономикасын құру, сонымен қатар, әрекеттегі өндірістерді кеңейту және қайта салу саласында стандарттар мен нормативтерді сақтау бойынша заңнаманың талаптарын орындауға бағытталған шаралардың әзірлеуі мен енгізуін басқарады. Қоршаған ортаны қорғау бойынша болашақ пен ағымдағы жоспарлардың құрылуын ұйымдастырады, олардың орындалуын бақылайды. Шығарылатын өнімнің экологиялық тазалығын, оның тұтынушылар үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, экологиялық сипаттары жақсартылған жаңа тауарларды және технологиялық процестерді құру бойынша шараларды әзірлеуге қатысады. Техникалық-экономикалық негіздеудің, жобалардың, сонымен қатар, құрылатын жаңа технологиялар мен жабдықтаудың экологиялық сараптамасын жүргізуді, ұйым өнімінің экологиялық маркалау жүйелерін енгізуді қамтамасыз етеді. Экономикалық әрекеттер түрлерінің мемлекеттік, халықаралық (аймақтық) стандарттарына сәйкес ұйымның экологиялық стандарттар мен нормативтердің әзірлеуін басқарады, олардың орындалуын және уақытында қайта қаралуын бақылайды. Тазарту мен қорғаныс құрылғыларды дұрыс пайдалануын бақылайды. Қоршаған ортаның ластануын алдын алу, еңбектің қолайлы жағдайларын қамтамасыз ететін экологиялық нормаларын сақтау бойынша, сонымен қатар, апаттар мен катастрофалардың алдын алу бойынша шараларды әзірлейді. Жаңа технологияларды енгізу жоспарларын әзірлеуге, ұйымда материалдың экологиялық тиімді айналуында негізделген тұйықталған циклдің экономикасын құру бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге, қалпына келтірілмейтін ресурстарды үнемдеуге және алмастыруға, қалдықтарды минимизациялауға, қайта қолдануға, қайта өндеу мен кәделеуге, өндірістің аз қалдықты, қалдықсыз және экологиялық таза технологияларын енгізуге, табиғи ресурстарын тиімді пайдалануға, сонымен қатар, табиғатты қорғау объектілері бойынша күрделі құрылыс жоспарын әзірлеуге қатысады. Ұйыммен тазарту және басқа да табиғатты қорғау шаралар бойынша бағдарламаларды іске асырған кезде қоршаған ортаның күйі үшін қауіптердің негізделген есептерін жүргізеді. Қоршаған ортаға зиянда заттардың тастау себептерінің және салдарының тергеуін ұйымдастырады, олардың алдын алу бойынша ұсыныстарын дайындайды. Отандық және шетелдік ұйымдардың озық тәжірибесін зерттеу және талдап қорыту негізінде қоршаған ортаның қорғауын жақсарту бойынша шаралардың әзірлеуін басқарады. Қоршаған ортаның күйін сипаттайтын көрсеткіштер есебінің жүргізуін, жазатайым жағдайлар туралы мәліметтерді, экологиялық мониторинг деректерін, қалдықтарды жою бойынша құжаттаманы және басқа да табиғатты қорғау әрекетін реттеушінің қарауына берілген экологиялық сипатты ақпаратын сақтау жүйесінің құрылуын ұйымдастырады. Ұйымда басқарудың барлық деңгейлерінде таратылатын экологиялық ақпараттың тиімді жүйесін құру, ұйымның қызметкерлерін қоршаған ортаны қорғау туралы мәселелер бойынша заңнаманың талаптарымен таныстыру жұмыстарын жүргізеді. Экологиялық оқыту бағдарламаның әзірлеуіне қатысады. Орнатылған есептіліктің құрылуын қамтамасыз етеді. Бөлім қызметкерлерін басқарады.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заң шығарушы мен басқа да нормативті құқықтық актілері, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарын тиімді пайдалану бойынша әдістемелік және басқа да материалдары; экологиялық стандарттар мен нормативтер жүйесі; экономикалық әрекетінің түрін және ұйымның даму перспективалары; ұйымның өнімін өндіру технологиясы; ұйымның жабдықтауы және оның жұмыс істеу принциптері; қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарын тиімді пайдалану бойынша жұмыстың ұйымдастырылуы; жоспарлық, жобалық және басқа да материалдардың экологиялық сараптамасын өткізу тәртібі; экологиялық сертификаттау жүйесін; қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды метрологиялық қамтамасыз етуін; экологиялық мониторингі өткізу тәртібі; қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану саласында отандық және шетелдік озық тәжірибесі; қоршаған ортаны қорғау бойынша есептілікті құру тәртібі мен мерзімдері; экономика, еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнама негіздерін; есептеу техника, коммуникация мен байланыс құралдары; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және қоршаған ортаны қорғау лауазымында мамандық бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.
Еңбекті қорғау бөлімінің бастығы
Лауазымдық міндеттері. Кәсіпорындағы еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді құрылымдық бөлімшелердегі еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің сақталуын, өндірістік жарақаттың, кәсіби және өндірістік аурулардың алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмыстардың, кәсіпорындағы денсаулық сақтау және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін, қызметкерлерге еңбек жағдайлары бойынша белгіленген жеңілдіктер мен өтемақылар берілуін бақылауды жүзеге асырады. Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерделеуді, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеу, жұмыс орындары мен өндірістік жабдықтарды еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келуін аттестациядан өткізу және сертификаттау бойынша жұмысты ұйымдастырады, жоспарланған іс-шаралардың уақтылы жүргізілуін бақылайды. Жазатайым жағдайларды қарауға және оларды жою жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысады. Қызметкерлерді жұмыс берушінің атынан жұмыс орнындағы еңбек жағдайларының жай-күйі туралы, сондай-ақ қауіпті және зиянды өндірістік факторлардан қорғау жөнінде қабылданған шаралар туралы хабардар етеді, өндірістегі жазатайым жағдай немесе кәсіби ауру нәтижесінде қызметкерлердің денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге арналған құжаттарды дайындауды қамтамасыз етеді. Тексерулер жүргізуді, үйлердің, ғимараттардың, жабдықтың, машиналар мен механизмдердің техникалық жай-күйінің еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келуін, желдету жүйелері жұмысының тиімділігін, санитарлық-техникалық құрылғылардың жай-күйін, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардың, қызметкерлерді ұжымдық және жеке қорғау құралдарының жай-күйін тексеруді ұйымдастырады, олардың уақтылы жүргізілуін бақылайды. Қоршау техникаларының барынша жетілдірілген құрылғыларын, сақтандырғыш және оқшаулау құрылғыларын, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардан қорғаудың басқа да құралдарын әзірлеу және ендіру туралы ұсыныстар әзірлеуге және енгізуге, еңбектің қауіпсіз және салауатты жағдайларын, еңбек пен демалыстың ұтымды режимдерін жасау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және ендіруге бөлім қызметкерлерінің қатысуларын қамтамасыз етеді. Ұжымдық шарттың «Еңбекті қорғау» бөлімін жасауға қатысады, оның орындалуын, сондай-ақ мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары ұйғарымдарының, еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі басқа іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Кәсіпорында әзірленген жобалау құжаттамаларын келісуге, өндірістік мақсаттағы құрылысы аяқталған немесе қайта құрылған объектілерді пайдалану үшін қабылдау, қондырғыларды, агрегаттарды және басқа жабдықты еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарының сақталуы бойынша жөндеуден қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады. Кәсіпорын бөлімшелерінің басшыларына қызметкерлер міндетті алдын ала және мерзімді медициналық тексеруден өтуі тиіс кәсіптер мен лауазымдардың тізімдерін, сондай-ақ қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес қызметкерлерге ауыр, зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайы үшін өтемақы берілетін кәсіптер мен лауазымдардың тізімдерін жасауға, еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты; кәсіпорынның еңбек қауіпсіздігі стандарттарын әзірлеу және қайта қарау кезінде әдістемелік көмек көрсетеді. Кіріспе және қайтадан нұсқау беруді, кәсіпорын қызметкерлерін еңбекті қорғау жөнінде оқытуды және білімін тексеруді қамтамасыз етеді. Кәсіпорын бөлімшелеріндегі еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды орындауға арналған қаражаттың дұрыс жұмсалуын бақылайды, олардың жұмсалуы жөніндегі ұсыныстарды талдайды және қорытады және кәсіпорынға аумақтық еңбекті қорғау қорынан еңбек жағдайы және қорғауды жақсарту жөніндегі іс-шараларға арналған қаражат бөлу туралы негіздеме дайындайды. Ішкі радио желісін, телевидениені, қабырға газеттерін, көрмелерді пайдалана отырып еңбекті қорғау, насихат және ақпарат жөніндегі кабинеттің кәсіпорындағы еңбекті қорғау мәселелері бойынша жұмысын, кәсіпорын бөлімшелерін еңбекті қорғау жөніндегі ережелермен, нормалармен, нұсқаулықтармен, плакаттармен және басқа көрнекі құралдармен қамтамасыз етуді, сондай-ақ оларға тиісті ақпараттық стендтерді жабдықтауға әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастырады. Еңбекті қорғау жөніндегі жаңадан қолданысқа енгізілген заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді кәсіпорын қызметкерлерінің назарына жеткізеді, еңбекті қорғау жөніндегі құжаттамаларды сақтауды, белгіленген нысандар бойынша және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мерзімдерге сәйкес есептілік жасауды ұйымдастырады. Қызметкерлердің еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі хаттарын, өтініштерін және шағымдарын қарауға және олар бойынша жұмыс берушіге кездесіп отырған және тексеру барысында анықталған кемшіліктер мен қателіктерді жою жөнінде ұсыныстар дайындауға, сондай-ақ өтініш берушілерге жауаптар дайындауға қатысады. Медициналық мекемелермен, ғылыми-зерттеу және басқа ұйымдармен еңбекті қорғау мәселелері бойынша байланыс жасауды жүзеге асырады және олардың ұсынымдарын ендіру бойынша шаралар қабылдайды. Бөлімнің қызметкерлеріне жетекшілік жасайды.
Білуге тиіс: Еңбекті қорғау бөлімінің бастығы өз қызметінің ерекшелігі бойынша: еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді әдістемелік материалдар; кәсіпорынның өндірістік және ұйымдық құрылымы; өндірістің негізгі технологиялық процестері және режимдері; кәсіпорынның жабдығын және оның жұмыс принциптері; жұмыс орындарындағы еңбек жағдайын зерделеу әдістері; еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі; жұмыстың ауырлығы санатына, әйелдердің, жасөспірімдердің, жеңіл жұмысқа ауыстырылған жұмысшылардың еңбегін шектеуге қатысты психофизиологиялық талаптар; жабдықтардың техникалық жай-күйінің жұмысты қауіпсіз жүргізу талаптарына сәйкес келуін бақылау ережелері мен құралдары; жазатайым жағдайларға тексеру жүргізу тәртібі; еңбекті қорғау саласындағы отандық және шетелдік тәжірибе; еңбекті қорғау жөніндегі насихат және ақпарат әдістерін және нысандары; еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есептілікті жасау тәртібі және мерзімдері; экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарының негіздері.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және еңбекті қорғау бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.