Қаржы бөлімнің бастығы (қаржы директоры)
Лауазымдық міндеттері. Өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру және сату барысында ресурстардың барлық түрін барынша тиімді пайдалану және барынша пайда алу мақсатында кәсіпорынның қаржы ресурстарының қозғалысын басқаруды және нарықтық жағдайда шаруашылық жүргізетін субъектілер арасындағы қаржылық қатынастарды реттеуді ұйымдастырады. Кәсіпорынның қаржы стратегиясын әзірлеуді және оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Перспективалық және ағымдағы қаржы жоспарларын, ақша қаражатының болжамдық баланстары мен бюджеттерін әзірлеуге басшылық жасайды. Бекітілген қаржылық көрсеткіштерді кәсіпорынның бөлімшелеріне жіберуді қамтамасыз етеді. Өнімді (жұмысты, қызметті) сату, күрделі ақша жоспарларының жобаларын, ғылыми зерттеу және әзірлемелер дайындауға, өнімнің өзіндік құнын және өндірістің рентабелділігін жоспарлауға қатысады, пайданы және пайдаға салықты есептеу жөніндегі жұмысты басқарады. Бюджеттік қаржыландыру, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кредиттеу, бағалы қағаздар шығару және сату, лизингтік қаржыландыру, заемдық қаражат тарту және меншікті қаражатты пайдалану кіретін кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін қаржыландыру көздерін айқындайды, қаржы нарықтарын зерттеуді және талдауды жүргізеді, әрбір қаражат көзіне қатысты болуы ықтимал қаржы тәуекелін бағалауды және оны азайту жөнінде ұсыныс әзірлейді. Инвестициялық саясатты және кәсіпорынның активтерін басқаруды жүзеге асырады, олардың оңтайлы құрылымын айқындайды, активтерді ауыстыру, жою жөнінде ұсыныстар дайындайды, бағалы қағаздар портфелін қадағалайды, қаржы салымдарын талдайды және олардың тиімділігін бағалайды. Айналым қаражатының нормативтерін әзірлеуді және олардың айналымдылығын жеделдету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады. Кірістердің уақтылы түсуін, қаржылық есеп айырысу және банктік операцияларды белгіленген мерзімде ресімдеуді, жеткізушілер мен мердігерлердің шоттарын төлеуді, жұмысшылар мен қызметкерлерге пайыздар, жалақы төлеуді, федералдық, аймақтық және жергілікті бюджетке, мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға салықтар мен алымдарды, банк мекемелеріне төлемдерді аударуды қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдайды, төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуге, пайдаланылмайтын тауар-материалдық құндылықтардың пайда болуының алдын алуға және жоюға, өндірістің рентабелділігін арттыруға, пайданы ұлғайтуға, өнім өндіру және сату шығындарын төмендетуге, қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған ұсыныстарды әзірлеуге қатысады. Қаржы жоспарының және бюджеттің, өнім сату жоспарының, пайда және басқа қаржылық көрсеткіштер жөніндегі жоспардың орындалуын, өткізілмейтін өнім өндірісінің қысқаруын, ақша қаражатының дұрыс жұмсалуы мен меншікті және заемдық айналым қаражаттарының мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады. Қаржылық есеп жүргізу және есеп беру стандарттарына сәйкес қаржылық қаражаттардың есебін жүргізуді және қаржылық қызметтің нәтижесі туралы есептілік жасауды, қаржылық ақпараттың шынайылығын, қамтамасыз етеді, есептік құжаттаманың дұрыс жасалуын және ресімделуін, оны сыртқы және ішкі пайдаланушыларға уақтылы ұсынылуын бақылайды. Бөлім қызметкерлерін басқарады.
Білуге тиіс: өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметті реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер; кәсіпорынның қаржылық қызметіне қатысты нормативтік және әдістемелік материалдар; кәсіпорынның даму перспективалары; қаржы нарықтарының және өнімді (жұмысты, қызметті) өткізу нарықтарының жай-күйін және даму перспективалары; өндіріс технологиясының негіздері; кәсіпорындағы қаржылық жұмысты ұйымдастыру; қаржы жоспарлары, ақша қаражатының болжамды баланстары және бюджеттері, өнімді (жұмысты, қызметті) өткізу жоспарлары, пайда жөніндегі жоспарларын жасау тәртібі; қаржы ағындарын басқаруды қамтамасыз ететін қаржылық әдістер мен тұтқалар жүйесі; мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру, кәсіпорынды қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кредиттеу, инвестициялар мен заемдық қаражатты тарту, меншікті қаражатын пайдалану, бағалы қағаздар шығару және сатып алу, мемлекеттік бюджетке және бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға төлемдер есептеу тәртібі; қаржы ресурстарын бөлу, қаржы салымдарының тиімділігін айқындау тәртібі; айналым қаражаттарының нормасын белгілеу; қаржылық есептердің тәртібі мен нысандары; салық заңнамасы; қаржылық есеп жүргізу және есеп беру стандарттары; экономика, өндірісті еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздері; бухгалтерлік есеп; есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдары; Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және қаржылық қызметті ұйымдастыру саласында тиісті мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.
Шаруашылық бөлімінің бастығы
Лауазымдық міндеттері. Өндіріс бөлімшелері орналасқан ғимараттар мен жайлардың өндірістік санитария мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларына сәйкес шаруашылық қызмет көрсету тиісті күйде сақтауды, сонымен қатар жабдықтаудың (лифтің, жарықтың, жылыту, желдету жүйелерінің және т.б.) жөнделуінің бақылауын қамтамасыз етеді. Негізгі қорлардың (ғимараттардың, сумен қамтамасыз ету, ауа өткізу жүйелердің және т.б.) ағымдағы және күрделі жөндеуін, шаруашылық шығындар сметаларының құрылуын әзірлеуге қатысады. Жайларды жөндеуді ұйымдастырады, жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын бақылайды. Жиһазбен, шаруашылық саймандармен, инженерлік пен басқарушылық еңбектің механикаландыру құралдарымен қамтамасыз етеді, олардың сақталуын және уақытымен жөнделуін қадағалайды. Қызмет көрсетуге, кеңселік құралдарды, қажетті шаруашылық материалдарды, жабдықтау мен құрал саймандарды алуға және сақтауға келісім шарт жасау үшін қажетті құжаттардың рәсімдеуін, олармен құрылымдық бөлімшелердің жабдықталуын, сонымен қатар оларды жұмсау және орнатылған есептіліктің құрылуын ұйымдастырады. Шаруашылық мақсаттарға берілетін материалдар мен құралдардың тиімді жұмсалуын бақылайды. Қызметтік іссапарға келген делегациялар мен тұлғаларды тіркеу мен қабылдап алуды және қажетті қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Ғимараттың сыртын және өтпелі жерлердің мерекелік әсемдеуді, аумақты жинақтау мен көгалдандыруды басқарады. Семинарлар мен өзге де шараларды, конференция, кеңес өткізуге қажетті шаруашылық қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Жұмыс күннің тәртібін және демалыс кестесін құруды, түскі үзілістерде қызметкерлердің рационалды тамақтануларын, табельдік есепті ұйымдастыру жұмыстарын жасайды. Өртке қарсы шаралардың іске асуын және өртке қажетті инвентарлардың дайын тұруын қамтамасыз етеді. Ұйымдық және есептеу техникаларын, байланыс құралдарын енгізуде шаралар қолданады. Бөлім жұмысшыларын басқарады. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің, өрт қауіпсіздігінің талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс: әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері; ұйымның құрылымы және оның даму перспективалары; табельдік есеп жүргізу тәртібі; байланыс, есептеу және ұйымдастырушылық техниканың құралдары; есеп берудің мерзімі мен тәртібі; қол еңбегінің механикаландыру құралдары; жабдықтарды, жиһазды, инвентарды, кеңселік заттарды сатып алу және қызмет үшін есеп құрастыру тәртібі; экономика, еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және мамандық бойынша жұмыс стажы кемінде 2 жыл болуы тиіс немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және мамандық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |