Әсер ету механизмі: гигроскопиялық әсерінен терінің кебуі және майсыздануы болады, жылу бөлінудің әсерінен тері суыйды, ал ол тамырдың тарылуына және қабынудың азаюына әкеледі. - Әсер ету механизмі: гигроскопиялық әсерінен терінің кебуі және майсыздануы болады, жылу бөлінудің әсерінен тері суыйды, ал ол тамырдың тарылуына және қабынудың азаюына әкеледі.
- Күтетін эффект: гиперемия, ісіну, терінің ылғалдануы мен майлануы, күйу, ысу сезімі және қышу төмендейді.
- Қолданылу жолы: пудраны күніне 2-3 рет жұқа қабат қылып біркелкі жағады.
- Кері көрсеткіштері: қатты сулану, эрозиялар, жаралар, іріңшелер кезінде қолдануға болмайды. Себебі экссудат пудрамен араласып тығыз, қалың қабық құрайды, ал осы қабықтың астында қабыну процессі, инфекцияның диссеминациясы және қоздыру күшейеді, сондай-ақ құрғақтық кезінде де қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |