Қан жүректің ырғақты жұмысына байланысты қозғалады. Қанның әр түрлі тамырлармен қозғалу жылдамдығы әр түрлі. Қан едәуір, шамамен,5 м/с жылдамдықпен қолқамен ағады. Әрі қарай жылдамдығы төмендейді де, артерияда 0,25 м/с,капиллярда 0,5 мм/с құрайды. Қанның қолқа мен капиллярда ағу жылдамдығының үлкен айырмашылығы-бұл тамырлардың әр түрлі бөлігінде жалпы қимасының кеңдігінің бірдей еместігіне байланысты. Қан ағатын ең тар бөлік-қолқа, ал ең кеңі-капиллярлардың жиынтық арнасы. Біздің денеміздегі барлық капиллярлардың жиынтық арнасы қолқа арнасынан 800-900 есе асып кетеді.Капиллярда аз жылдамдықпен ағуға байланысты қан ұлпаларға оттек пен қоректі заттарды беріп,олардың тіршілік әрекеттерінің өнімдерін алып үлгереді. Капиллярда қан ағысының баяулауы олардың адам денесіндегі көп мөлшерімен түсіндіріледі(ә млрд капилляр құрайды). Адам денесіндегі венаның жалпы мөлшері артерияға қарағанда көп,ал вена арнасының жалпы кеңдігі артерия арнасынан едәуір асып кетеді.Жүрекке жақындаған сайын қанның венада ағу жылдамдығы артериядағыға қарағанда төмен. Вена қабырғасы артерия қабырғасына қарағанда жұқа және серпімділгі аз.Кейбір веналардың қабырғасында бұлшық ет қабырғасы жоқ. Бұл кезде қанды тек жүрекке қарай өткізетін,оның кері қайтуыына кедергі келтіретін аяқ және қол веналарының қабырғаларының қақпақшалары зор рөл атқарады. Қанның венамен қозғалуына қаңқа бұлшық еттерінің жиырылуы да, ішкі мүшелер қысмы да әсер етеді.Бұлшық еттер жиырылғанда венаны қысып,ондағы қанды тамырлармен жүрекке қарай айдайды. Қанның тамырлармен қозғалуы нейрогуморальды факторлар арқылы реттеледі. Артерия қабырғасның бірыңғай салалы бұлшық етіне тамырды қозғалтатын жүйкенің тамырды кеңейтетін және тамырды тарылтатын екі түрі келеді.Олар тамыр арналарын тарылтуы немесе кеңейтуі мүмкін. Осы жүйке талшықтары бойынша жүретін импульстері сопақша мидың тамырды қозғалтатын орталығында пайда болады. Тамыр қабырғаларындағы жүйке ұштары қанның химиялық құрамы мен қысымының өзгеруіне әсер етіп,оларда қозу тудырады.Бұлшық еттің тамырды тарылтатын жүйкелері бойынша өтетін жүйке импульстерінің әсерінен тамыр қабырғасы жиырылады да,артерия арнасы тарылады.Қанның мүшелерге ағуы азаяды. Керісінше, жүйке импульстері тамырды кеңейтетін жүйкелер бойынша түскенде,артерия арнасы ұлғаяды да,мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуі артады. Тамырлар арнасының реттелуі тамақпен немесе әрт үрлі мүшелерден секрет түрінде түсетін қандағы химиялық заттардың әсеріне де байланысты. Мысалы,бүйрек үсті безінің адреналин гормоны тамырларды тарылтады да,ал барлық мүшелерде түзілетін гистамин капиллярларды кеңейтеді. Әр түрлі мүшелердегі тамырлардың кеңеюі мен тарылуы организмде қанның қайтта бөлінуіне себепші болады.Тамырлары кеңейген сәтте жұмыс істеп тұрған мүшеге қан көп бағытталады,жасушаларына оттек пен қоректік заттар көп түседі.Ал жұмыс істемейтін мүшеге аз түседі.Мысалы,спортшылардың жаттығуы кезінде өкпелері мен жүрек бұлшық еттерінің қанмен қамтамасыз етілуі артады,ал басқа мүшелерінде азаяды. Организмнің қалыпты күйінде барлық қан айналымға түспейді,белгілі бір бөлігі қан қорында болады.Қанды қорға жинақтайтын мүшелерге көкбауыр,бауыр,тері астындағы май клетчаткасы жатады.Қансыраған кезде қан бұл мүшелерден жалпы қан ағысына түседі де,қан қысымын сақтауға мүмкіндік береді.