Плазма – 55% Қан жасушалары – 45% Эритроциттер Тромбоциттер Лейкоциттер Эритроциттер – ядросы жоқ. Олардың орташа d – 7, 2 - 7, 5мкм – құрамында қызыл түсті беретін гемоглобин нәруызы бар Қанның ақ түйіршіктері- лейкоциттер ядросы бар және белсенді амеба тәрізді қозғалатын түссіз қан жасушалар.
Тромбоциттер немесе қан пластинкалары – қанның ең кішкентай, түссіз, ядросыз формалық элементтері. Олар сүйек кемігінде түзіледі, мөлшері 2 – 4 мкм, дұрыс емес дөңгелек пішінді. Эритроциттер – қанның қызыл түсті жасушасы Қанның басқа жасушаларына қарағанда салмақты болғандықтан, ыдыстың түбіне тұнады.
Жаңа түзілген кезде ғана ядросы болатын, толық қалыптасқан кезде жойылып кететін, митохондриясы жоқ қан жасушасы. (сүтқоректі жануарлардан басқа жануарлардың эритроцитінде ядро болады) Екі жағы ойыс табақша тәрізді. Қанның 1 мм3 4-5млн. эритроцит болады. Өздігінен қозғалмайды, тек қан ағынымен ағады.
Тіршілік ұзақтығы 120-127 тәулік. Көкбауыр мен бауырда жойылып, сүйек кемігінде түзіледі.
ТРОМБОЦИТТЕР Тромбоциттер – қанды ұйытушы жасушалар. Домалақ сопақ пішінді, түссіз ядросыз.
Тіршілік ұзақтығы 7 күн.
Сүйек кемігінің майында жасалады. 1мм3 қанда 180-350 мың тромбоцит болады