Диабеттің 2-типінде бетта-клеткалар зақымданбайды, инсулин түзілу өзгермейді. Бірақ наукастарда тамақтық жүктемеден кейін жауап ретінде инсулин концентрациясынын. жоғарылауы кешігеді, ал шеткі тіндердің инсулинге сезімталдығы өте темен болады.
2-типті КД-нін себептері мен даму тетіктері түпкілікті анықталмаған. Бұл кеселдің маңызды буыны — глюкокиназа генінің мутациясы: бетта-клетка ферментінің глюкозаға сезімталдығы мен оның қандағы мөлшері қалыптағыдан төмен болады. Мутация әсерінен тамакпен түскен заттарға инсулярлык аралшалардың жауабы кешігеді, сөйтіп, инсулиннің бөлінуі мен секрециясы да кешеуілдейді.