Этиологиясы. КД көбінесе тұкым қуалайды. Генетикалық дайындықтың таңбасы (маркері) ретінде лейкоциттерде орналаскан антигендерді атауға болады (НЬА): II типіне қатыстылары төмендегі антигендерді тасушылар - т.б. Аталған антигендердің катысуы бетта-клеткалардын вирустардан оңай жарақаттануы, вируска иммунитеттің темендігі және бездің инсулярлық аппаратының аутоиммундық бұзылысына байланысты деп саналады.
Бұл ауруды туғызатындарға (80%) вирустық инфекциялар (эпидемиялық паротит, кызамық, қызылша, Коксаки, цитомегалдар) жатады. Басқа себептері түрлі улы химиялык заттар - аллоксан, стрептозоцин, нитрозаминдер т.б. Емшектен ерте айырған балаларда ҚД жиі кездесетіні белгілі болып, бұның сиыр сутінің бетта-лактоглобулиніне қарсыденелер шығуымен тығыз ара-қатынасы бары аныкталды.