Қант диабеті



бет10/10
Дата22.09.2023
өлшемі0,79 Mb.
#182028
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
555972.pptx


Гипергликемия- лық кома
және
Гипогликемия-лық кома

Бұл комалар жедел жәрдемді қажет етеді.

  • Бұл комалар жедел жәрдемді қажет етеді.
  • Гипергликемиялық кома
  • Себептері: 1. Инсулин дозасының кем болуы.
  • 2. Майлы және тәтті тамақты мөлшерден көп жеу. Осы себептердің әсерінен зат алмасуының барлық түрі бұзылады, организмде шала толтыққан улы заттар жиналып уланады.
  • Айқындалуы: Гипергликемиялық кома біртіндеп басталады, шөлдейді, зәрінің мөлшері көбейеді, баланың тәбеті төмендейді, ұйқышылдық пайда болады, терісі және шырышты қабаттары құрғап, аузынан ацетон иісі шығады, дем алысы шуылдаған, бала есінен айрылады.

Жедел жәрдем

  • Көк тамырға 100-300 мл ас тұзының физиологиялық ерітіндісіне қосып 0,1 ед/кг салмағына есебімен үздіксіз етіп инсулин құю.
  • Асқазанды 5% сода ерітіндісімен жуу.
  • 4% сода ерітіндісімен тазалағыш клизма қою.
  • Рингер, ас тұзының физиологиялық ерітіндісін, 5% глюкоза ерітінділерін көк тамырға тамшылатып 2-3 литрге дейін құю (токсиндерді шығару мақсатында). Бұл ерітінділермен бірге кокарбоксилаза, вит С құйылады. Тамшылатып сұйықтықтар құйып жатқан кезде баланы грелкамен жылытып, минералды суларды, жемістер компоттарын 10 минут сайын 1-2 шай қасықтан беріп отыру керек.
  • 3-4 сағаттан кейін бала жеңіл қорытылатын тамақтармен тамақтандырылады: айран, жеміс-жидек шырындары, пюрелер.
  • Баланың сөткелік зәрін және биохимиялық анализге көк тамырдан қанын қантқа тексеру.

Гипогликемиялық кома.

  • Себептері: 1. Тамақпен организмге қанттардың кем түсуі.
  • 2. Организмге инсулинді шамадан көп енгізу.
  • Айқындалуы: Гипогликемиялық кома кенет басталады, аузынан ацетон иісі шықпайды, терісі боз, дымқыл, демалысы жиі үстірт, баланың денесі құрысып-тырысады, тез есінен танады.
  • Жедел жәрдем.
  • Егер бала есінде болса оған бірнеше кесек қант, бал, тәтті шай, кәмпит беріледі.
  • Егер бала ессіз болса көк тамырына үздіксіз етіп 20-50 мл 40% глюкоза ерітіндісі құйылады.
  • Терісінің астына 0,1-1,0 мл 10% кофейн ерітіндісі егіледі.
  • Дымқылданған оттегі беріледі.
  • Бала есін жиған соң тамақтандырылады.

Қант диабетінің балалардағы ерекшелігі

  • Ауру қатты екпінді басталады.
  • Балаларда аурудың жеңіл түрі кездеспейді.
  • Асқынуға бейімді.

  • Мариак синдромы қант диабетінің 1типінде балалаларда ауыр түрде өтеді. Ең бірінші рет француз дәрігері Пьером Мориак (P. Mauriac, 1882—1963) 1930 жылы ашты.
  • Патогенез. Патогенезі белгісіз

Пайдаланған әдебиеттер.

  • 1 Сахарный диабет у детей / Жуковский М. А., Алексеева Р. М
  • 2 Педиатрия
  • 3 WWW. Google. kz
  • 4 WWW.yandex. kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет