Антибиотиктер


АНТИБИОТИКТЕРДІҢ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІ



бет3/13
Дата21.01.2022
өлшемі1,15 Mb.
#112751
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

АНТИБИОТИКТЕРДІҢ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІ

    • Аллергиялық реакциялар антибиотикпен сенсибилизацияланған организмде пайда болады.
    • Аллергиялық реакцияны пенициллиндер тобы жиі тудырады.
    • Микроорганизмдердің антибиотиктерге резистенттілігі – патогенді микроорганизмдердің белгілі бір АБ тобына тұрақтылығының дамуы, ол әртүрлі механизмдерге байланысты болады.
    • Бактериолизис реакциясы –микробтар мембранасының бүтіндігін бұзатын АБ-тың жоғары мөлшерін енгізген кезде организмның уытты реакциясының дамуы. Нәтижесінде қанға бактериялық уыттардың көп мөлшері бөлінеді.
  • Дисбактериоз – макроорганизмде сапрофитті микрофлораның тіршілік әрекетінің тежелуі.
  • Сапрофитті микроорганизмдер маңызды қызметтерді атқарады: астың қорытылуына жағдай жасайды; макроорганизмді әртүрлі эндогенді патогендердің (микробтар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар) көбеюінен және экзогенді микробтардың енуінен қорғайды; сонымен қатар макроорганизмнің қалыпты өмір сүруіне қажетті көптеген ББЗ-дың түзілуіне қатысады.
  • Осыған байланысты дисбактериоздың нәтижесінде тек диспепсиялық бұзылыстар ғана емес, сонымен қатар: кандидоз; суперинфекция (эндогенді – сапрофиттер және экзогенді – патогендер) дамиды; витаминдердің алмасуы бұзылғаннан анемияға әкелетін бұзылыстары және басқ.
  • Антибиотиктердің уытты әсері.
  • АБ нейро-, нефро-, гепато-, гемато-, ото-токсикалық және басқ. әсері бар.
  • Көптеген АБ плаценталық тосқауыл арқылы жақсы өтеді және ұрыққа уытты (эмбриотоксикалық және тератогенді) әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет