Мәтін лингвистикасы – соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан тіл білімінің саласы. Зерттеу болған жерде талас-тастыс пен екі түрлі пікірлердің туындауы өте орынды. Екі түрлі пікірлер қайшылыққа түспеген жерде ғылым да дамымайды. Сол сияқты мәтін лингвистикасын зерттеуде ғалымдар мәтін бар, жоқ, оның маңызы сөйлем бірлігінен жоғары деген сияқты екі жақты пікірлермен тайталасып қалды.
Менің пікірімше, мәтін бар, өйткені мәтін құрылымы жағынан да, семантикалық салмағынан да сөйлемнен анағұрлым ауыр. Өйткені сөйлем мәтіннің мағына, логика, грамматика тұтастығын сақтаушы оның бөлшегі ғана. Менің сөзімді айғақтайтын Я.Лураеваның тұжырымдамасы: «мәтін – әртүрлі лексикалық, логикалық, грамматикалық байланыстардан тұратын құрылымдық-мағыналық бірлік ретінде қызмет ететін күрделі тұтастық».
Мәтін лингвистикасына қатысты жалпы тіл білімінде И.Р.Гальперин, С.И.Гинди, З.Я.Тураева, Л.Г.Бабенко, А.А.Залевская, Г.Я.Солганик, Ю.А.Левицкий, т.б. ғалымдардың еңбектері жарыққа шықты.
Осы еңбектерде мәтін прагматикасы мен интонация, мәтіннің құрылымы, көмекші сөздердің ерекше қолданылуы, мәтіннің жалпы құрылысы, мәтін типологиясы, мәтіндегі ұсақ бірліктер және т.б. мәселелер қозғалды.
Соңғы жылдары мәтін лингвистикасының қарқынды даму себебі лингвистика мен мәтін стилистикасының ара жігі ажырап, тең дәрежеде қарастырылды. Ғылым ретінде қаралғандығының арқасында мәтін лингвистикасы дамыды.
Ғалым М.Н.Кожин мәтін лингвистикасын «лингшвистиканың перспективалы бағыты» ретінде бағалап, мәтін лингвистикасын функционалды стилистика дамуының жалғасы деп таныса, А.Г.Бабенко мен Ю.В.Казарин «Лингвистический анализ художественного текста» атты еңбегінде мәтінді танудың өзіндік тәсілдерін кірістірді. Олардың пікірінше, мәтінді талдаудағы дәстүрлі тәсіл – лингвоцентристік. Оның негізгі нысаны – тіл мен мәтін. Осындай тәсілде А.Г.Бабенко мен Ю.В.Казарин лексикалық және фонетикалық, грамматикалық, стилистикалық бірліктер мен категорияларды қамтыды.
Антропоцентристік тәсіл тұрғысын ғалымдаор өзара былай бөліп, талдаған.