Ақпараттандыру ұғымы. Ақпараттық революция. Қоғамды ақпараттандыру


Хабарлама – бұл мәтін, цифрлық деректер, сурет, дыбыс, кесте және т.б. Мәлімет



бет3/7
Дата18.05.2022
өлшемі19,61 Kb.
#143613
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 дәріс

Хабарлама – бұл мәтін, цифрлық деректер, сурет, дыбыс, кесте және т.б.
Мәлімет – «хабарлама» ұғымының синонимі. Мәлімет, хабарлама және дерек әсіресе есептеу техникасында электрондық деректер түрінде қолданылғандықтан, оларды ақпараттың компоненті деп есептеуге болады.
Ақпараттың маңызды құраушыларының бірі – білім болып табылады.
Білім – бұл
а) адамның қоршаған ортаны қабылдауы мен тәжірибесін бейнелейтін ақпараттың түрі;
б) нақты қойылған мәселені шешуде қолдану мақсатында анықталған ақпаратты түсіну;
в) адамның жадысында сақталатын және олардың сеніміне әсер ететін фактілер мен ережелер.
Білім – адамның өзіне қажетті деректі алу қабілеті, оларды ойланып (түсініп) және ақпаратқа түрлендіруі.
Ақпарат әр уақытта білімге айналмайды. Ол динамикалық болуы мүмкін, себебі бір ғана мәлімет әртүрлі ақпарат беруі мүмкін.
Қандай да бір мәлімет ала отырып, адам оны меңгереді (сіңіреді) (қабылдайды және түсінеді), сосын оларды жаңа ақпаратқа (өзі үшін) айналдырады (ақпараттық-когинивтік үдеріс). Осылайша білімді жаңартады, жаңа өзіндік және қоғамдық білім алады.
Ақпарат оның пайда болу көзі, тұтынушы, тарату ортасы және оны жеткізу құралдарымен сипатталады.
Пайда болу көзі (источник) – бұл жанды заттар, кез келген тасымалдаушыдағы құжаттар.
Тарату ортасы - ол бізді қоршаған кеңістік пен техникалық байланыс құралдары (коммуникация).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет