Қазақ тілі мен әдебиеті, 10-сынып
«Отандық өнеркәсіп өнімі» , Ғ.Мұстафин «Қарағанды» романы бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмасы
Аты-жөні: Сыныбы: 10 Күні:
Тапсырма
Ақпараттарды мазмұн бойынша сәйкестендіріңіз.
Мейрам ойлы үнсіз келе жатыр еді. Кештің жанынан өте бергенде Чайковтың сөзін бөлді:
Щербаков жаңағы болмашы көмегімен үлкен денесін ғана емес, үлкен жүрегін де көрсетіп кетті.
Дұрыс байқағансыз. Көпшілік-ұйымдастыру жұмыстарында да ол сіздерге үлкен жәрдемші. Қарағанды алдымен өзінің партия, совет, кәсіподақ ұйымдарын құрып алу керек.
Әрине, оларсыз ешбір жұмыс оңалмайды.
Kөш, бетімен жайылған мал, біресе ұйыса, біресе бытырай қонған киіз үйлер, көмір қордаларының ескі төмпешіктері... Солардың ара-арасымен бұлтақтай жүріп келе жатып:
Қайда түсесіз?— деді Чайков.
Сейтқалы деген ескі жұмысшы болатын...
Білем, білем, қазір десятник. Анау баракта тұрады. Ағылшындардан қалған бес-алты барактың біріне келіп тоқтады машина. Барак алдында махорка шылымын орап отырған жуан мұрынды, сарша жігіт күрілдей тұрды орнынан:
Жаным-ау, Мейрам ба, мынау? Келші, көрмегелі қашан? — деп құшақтай алды. Сүйіп те, жылап та жіберді. Екеуінің шұрқырасуы ұзаққа созылып барады. Чайков қайтуға асықты:
Рұқсат етсеңіз, Мейрам Омарович, дала мені күтіп тұр.
Рақмет, Анатолий Федорович. Бұл менің туған жерім болса да, сырын сізден аз біледі екем. Әрдайым кеңесіп тұралық.
Кеңесуге мен сізден әрі құмар.
Чайков қоштасып жүріп кетті. Сейтқалы Мейрамды ертіп үйіне енді.
Достарыңызбен бөлісу: |