Жұмыстың мақсаты: Келесіні үйрену: бір-кілттік криптожүйелерде жолдамаларды шифрлеу. Шифромәтіндерде әріптер жиелігін анықтау. Ашық кілттері бар жүйелерде мәліметтерді криптографиялық қорғау тәсілдері.
Ашық мәтіннің ұзындығы кейде үлкен болғандықтан, мәтінді ұзындықтары өзгермейтін блоктарға бөледі. Бұл блоктардың мәтіндері бір-біріне тәуелсіз әрі жеке шифрланады.
Біркілттік блоктктік шифрлар 3 топқа бөлінеді:
Шатастыру шифры(Шифры перестановки)
Орнына қою шифры (Шифры замены (подстановки))
Құрамдас шифры (Составные шифры)
Шатастыру шифрымен қолданғанда ашық мәтіннің белгілері бір анықталған ереже (Кілт) бойынша берілген блок ішінде орындарын ауыстырады. Нәтижесінде олардың қалыпты реті және ақпараттық хабарламаның мағынасы да өзгереді. Шатастыру шифрлары қарапайым және күрделі типтерге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |