ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ОӘК
|
ОӘК 042-14-02-03.1.20.123/3
|
«Автоматтандырылған жүйелерді жобалау» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
|
Баспа №1
|
«Ақпараттық қауіпсіздік негіздері»
050704 «Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету»
мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2010
мазмұны
1 | 1. Глоссарий | 3-4 | 2 | 2. Дәрістер | 4-9 | 3 | 4. Тәжірибелік сабақтар | 10-21
21-25
| 4 | 5. Студенттің өздік жұмысы | 25 |
1. глоссарий
Ақпарат – қоршаған орта туралы және онда өтіп жатқан процесстер туралы мәліметтер, адамдар оны сезеді немесе арнайы қондырғылар арқылы қабылдайды /Ожегов/. Ақпарат ұғымы әдетте, екі обьектінің араында өтеді- ақпарат беріші және ақпаратты қолданушы.Ақпараттарды өңдеу- бір ақпарат негізінде жаңа ақпарат алу
Мәліметтер – мәліметтермен алмасу; жануарлар мен өсімдіктер арасында сигналдармен алмасу; генетикалық белгілерді беру Санау жүйесі- Сандардың аталу және жазылу тәсілі
Ақпараттың қауіпсіздігі – бұл, берілетін, жинақталатын, өңделетін және сақталатын ақпараттың қоршаған ортаның әсерінен (адам мен табиғат) және сыртқы қауіптерден сақтайтын – бұзылуға қарсы тұрақтылығы мен кедергілерге қарсы тұратын қасиеттері.
Қауіпсіздендіруге негізі – ақпарат, компьютерлік жүйелерде берілгенде, бағдарламалар, командалар, мәліметтер және тағы басқалары, оның иесіне және қауіпсіздік тудырушыға құндылығы бар сақталатын ақпарат.
Ақпараттық ресурстар – жекелеген құжаттар және құжаттар массиві, ақпараттық системаларда адамдар, ұйымдар, жергілікті әкімшіліктер, қоғамдық ұйымдар, мемлекет арасындағы қатынас обьектілері, басқа ресурстар сияқты заңмен қорғалады.
Техникалық құралдар – сізде өңдеуге не сақтауға арналған ақпараттың оған санкциясыз басқалардың енуін болдырмайтын, оған жол бермейтін арнайы техникалық және бағдарламамен қамтамасыз ету комплекстері.Компьютердің жадысы- Ішкі және сыртқы болып бөлінетін мәліметтерді, бағдарламаларды, нәтижелерді және аралық мәндерді сақтап тұруға арналған құрылғы.
Дыбыс изоляциясы – тосқауылды жолдар арқылы дыбыс энергиясын төмендету. Дыбыс энергиясын тарату жолындағы изоляциялайтын кедергілер ретіндегілер қабырғалар, арнайы кожухтар, кабельдер т.б..
Дыбысты сіңіру - берілетін акустикалық энергияны әлсірету, дыбысты сіңіру коэффициентімен сипатталады. Дыбысты сіңіру конструкцияларына бөлме қабырғаларының дыбыс сіңіргіш облицовкалары, жеке дыбыс сіңіргіштер, акустикалық экрандардың дыбыс сіңіргіш облицовкалары, камералы глушителдердегі дыбыс сіңіргіш кожухтар.
Электронды кілт – бұл шағын прибор, компьютердің портына параллельді не тізбектеліп қосылады және компьютердің сыртқы құрылымдарымен жұмысына әсер етпейді.Бағдарламалық қамту - Компьютердің бағдарламалық жабдықтары.
Пикселдер- Монитор экранындағы нүктелер тобы.
Дисплей- Компьютердің экранына ақпарат шығаруға арналған құрылғы.
Жүйе қабықшасы- Негізгі бағдарламамен жұмысты оңайлататын бағдарлама (бағдарламалар комплексі).
Операциялық жүйе- Деректерді өңдеу арқылы компьютердің барлық жұмысын ұйымдастыратын бағдарлама жүйесі.
Утилита (лат. сөзі Utilitas - пайда)- Пайдаланушыға енгізу-шығару,ақпарат тасымалдауыш құрылғыларымен, қосымша жұмыстарды орындау мүмкіндігін беретін бағдарламалар.
Интегралданған бағдарламалар пакеті- Бірнеше қолданбалы бағдарламаларды біріктіретін бағдарламалар.
MS-DOS операциялық жүйесінің параметрі- Түпкi каталогты немесе кез келген деңгейдегi iшкi каталогты көрсететiн маршрут
Достарыңызбен бөлісу: |