Ақпараттық білім беру ортасы (АБО) – Информационно–образовательная среда (ИОС) – оқу процесін жүргізудің, оны Интернет ортасында оқу мекемелерінің кез келген санына, олардың кәсіптік мамандануына (ұсынылатын білім деңгейіне), ұйымдық құқықтық формасы мен меншіктік формасына тәуелсіз түрде ақпараттық қолдау мен құжаттаудың біртұтас технологиялық құралдары бар бағдарламалық-телебайланыстылық пен педагогикалық кеңістік.
Білім беру үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологиялар
Бүгінгі заман талабы білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Өркендеп бара жатқан əлемдік мəдениетпен иық теңестіре алатын ел болу үшін ұлттық рухтағы қағидалары мен əлемдік білім беру технологияларын ұштастыра қолдану қажеттігі туындап отыр. Қазіргі білім берудің стратегиялық мақсаты өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен əрекет етуге қабілетті, барлық істе сауатты (іскер) тұлғаны тəрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен күнге басты талапқа айналып, осы əдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді.
Мəдениетті қоғамның қазіргі кезеңі ақпараттандыру үрдісімен сипатталады. Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз — глобалды əлеуметтік процесс. Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыттарының бірі білім беруді ақпараттандыру болып табылады. Білім беруді ақпараттандыру — бұл білім беру ортасын оқытудың, тəрбиенің психологиялық-педагогикалық мақсаттарына бағытталған ақпараттық технологияларды қолайлы пайдалану мен өңдеу тəжірибесімен жəне əдістемесімен қамтамасыз ету процесі.
Əлемдегі технологиялық даму тұрақты технологиялық жаңару есебінен қоғамның дамуы деп түсіндіріледі. Қазіргі заманғы ақпараттық қоғам оның мүшелерінің ақпараттық технологияларды қолдануға дайын болуларын талап етеді.
Білім мен техниканың дамуымен жаңа технологиялар пайда болды, мысалы, орасан зор оқыту ресурстары бар электрондық, ақпараттық. Сол кезде пайда болатын сапалық өзгерістер үйреншікті оқыту процесі дəстүрлі əдістемелермен, оқыту құралдарымен жəне сонымен бірге оқытушының жеке қабілеттерімен шектелмейтінін көрсетеді. Жаңа техникалық, ақпараттық, полиграфиялық, аудиовизуалды құралдар пайда болып жатыр. Ол құралдардың білім беру процесіне белгілі бір өзгешеліктерді енгізе отырып, сол процестің ажыратылмайтын компоненттері болатын өзіндік əдістемелері бар.
Ақпараттық технологиялар орасан зор дидактикалық потенциалға ие. Оқушы тек педагогикалық процестің субъектісі қана болып қоймай, өзінің мүмкіндіктеріне сай өз бетімен жəне шығармашылық түрде қоршаған дүниемен гуманитарлық жəне ғылыми қатынастың есептерін тауып жəне оларды шешіп, қорытынды жасап жəне керекті түсініктемелерді бере алатын зерттеуші болады.
Білім берудің ақпараттық технологиялары – бұл ең алдымен ақпаратты жіберу процесін оңтайлы ету жолымен білім беру мақсаттарына жету əдістері. В.А.Извозчиков ақпараттық технологияны мəліметтерді жіберу, тарату, машиналық (ЭЕМ-ның көмегімен) өңдеу, информатиканың есептеуіш жəне программалық құралдарын құрудың технологиясы деп анықтайды. В.Ф.Шолоховичтің айтуынша, бұл терминнің кең мағынасы: «Ақпараттық технология деп ақпаратты ұйымдастыру, өңдеу, сақтау, жіберу, жинау жəне ұсыну əдістері мен техникалық құралдардың жиынтығы түсіндіріледі» [1].
«Ақпараттық технологиялар» ұғымына ақпаратты өңдеу əдістері, ұйымдастыру-басқару тұжырымдары жəне оқу-тəрбие процесін жүргізу тəсілдері, əр түрлі ақпараттық техниканың жиынтығы кіреді. Ақпараттық технологиялардың құралдары (АТҚ) деп И.В.Роберт микропроцессорлық, есептеуіш техниканың негізінде жұмыс істейтін аппараттық құралдар мен құрылғыларды, сонымен қатар ақпараттық алмастырудың қазіргі заманғы жүйелері мен құралдары деп айтады.
Ақпараттық технологияларды екі жақтан қарастыруға болады: техникалық жəне педагогикалық көзқараспен. Техникалық сипаттамасына келсек, ақпараттық технологияларға жататындар: ЭЕМ, ДЭЕМ, барлық класты ЭЕМ үшін терминалды жабдықтар, жергілікті есептеуіш желілер, ақпаратты енгізу-шығару құрылғылары, мəтіндік жəне графикалық ақпаратты манипуляциялау құралдары жəне қазіргі ЭЕМ-нің т.б. периферийлік жабдықтары; мəліметтерді графикалық немесе дыбыстық түрінен цифрлік түріне түрлендіру құралдары; аудиовизуалды ақпаратты басқару құралдары мен құрылғылары; қазіргі байланыс құралдары; жасанды интеллект жүйелері; программалық кешендер (программалау тілдері, трансляторлар, компилляторлар, операциялық жүйелер, қолданбалы программалар пакеті жəне т.с.с.) жəне т.б. Ақпараттық технологияларлың құралдарына оқу-əдістемелік, нормативті-техникалық жəне ұйымдастыру материалдарымен (АТҚ-ның педагогикалық мақсатта қолданылуын қамтамасыз ететін) қатар білім беруді ақпараттандыру құралдары жатады. Ал педагогикалық көзқараспен ақпараттық технологиялар мəліметтерді өңдеудің жаңа құралдары мен əдістерінің қолданылуымен ұйымдастырылатын дидактикалық процесс деп түсіндіріледі.
Білім беру мекемесінде ақпараттық технологияларды қолдану оқушы мен оқытушы рөлдерін жəне олардың өзара қарым-қатынастарын өзгертеді. Мұғалім енді оқушыларының алдында ақпараттың қайнар көзі ретінде шығып тұрмайды. «Ақпаратты қайдан алу керек?» деген сұрақ «Оқушы қанша мəлімет жəне оны қандай түрде қабылдай алады?» деген сұрақпен тұлғалардың дамуын бағыттау, шығармашылық ізденістерін қолдау жəне олардың топтық жұмыстарын ұйымдастыру.
Компьютерлер мұғалімге барлық əлемге ақпаратты ашылған оқу сыныбында жұмыстың жаңа шарттарын құруға жəне сонымен қатар бүгінгі күнгі оқушылардың ойлау тəсілін, ол ертеңгі күннің мұқтаждықтарын, қажеттіліктерін қанағаттандыратындай етіп өзгертуге көмектеседі.
Əлемдегі қазіргі қоғамда əлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты өзгеріп тұратын еңбек жағдайларына тез бейімделе алатын, жұмысты қолайлы, ең аз шығындармен жасай алатын адамдар тапшылығы пайда болды.
Тест
Достарыңызбен бөлісу: |