Түсініктеме белгісін қою/жою (алып тастау). Модульдердің үлкен үзінділерін (фрагменттерін) өшіру (және келесі жолы қосу үшін) үшін белгіленген блоктың барлық жолдары үшін түсініктеме белгісін қоюдың автоматты режимін қолдану өте қолайлы. Ол үшін блокты белгілеп алып, "Текст - Блок - Добавить комментарий" ("Текст - Блок - Удалить комментарий") пунктісін таңдап аламыз. Жолды келесі жолға көшіруді қою/жою (алып тастау). Жолдардың тұрақты шамаларының (константаларының) мәнін жазғанда жолды келесі жолға көшіру үшін "|" символын қолданамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |