23.1 сурет - «Цены» мәліметтер регистрін құру
23.2 сурет – Регистр өлшемдерін құру
Жаңа мәліметтер регистрі конфигурация объектісін құрайық. Оны «Цены» деп атайық (23.1 сурет). Бұл регистрдің мерзімділігін секунд шеңберінде қоямыз.
«Данные» белгі бауына өтіп, регистрдің «СправочникСсылка.Номенклатура» типті «Номенклатура» өлшемін құрамыз және бұл өлшемнің жетекші өдшем болатынын көрсетеміз (23.2 сурет).
«Ведущее» қасиетін тек өлшемнің типі мәліметтер базасының объектісіне сілтеме болған жағдайда ғана қолдану керек. «Ведущее» қасиетін орнату мәліметтер регистріндегі жазбаның тек объектінің өзі бар болғанға дейін ғана қажеттілігі барын білдіреді. Егер объект жойылатын болса, онда регистрдегі жойылған объектіге қатысты жазбалардың барлығы да автоматты түрде жойылады. Мұнан басқа, анықтамалықтың тізім формасында командалық панелінде «Перейти» батырмасы пайда болады, бұл батырма арқылы таңдалынып тұрған анықтамалық элементінің мәні бойынша регистр жазбаларына өтуге болады (23.3 сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |