Ақпараттық-есептеуіш жүйелер кафедрасы Абилдаева Г. Б., Шакирова Ю. К


Курстық жұмыстың негізгі есептері мен оларды орындауға



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата27.09.2022
өлшемі1,26 Mb.
#150915
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
МУ Курсовая

1 Курстық жұмыстың негізгі есептері мен оларды орындауға 
қойылатын талаптар 
1 .1 Курстық жұмыстың мазмұны 
Ол келесі тапсырмаларды орындай алуы керек: 




мәліметтерді қосу; 
деректерді редакциялау; 
мәліметтерді жою; 
мәліметтерді беру. 
Жүйенің қалыптасқан 
жеңілдету керек. 
деректердің редакциялау және жазбаны 
1 .2 Курстық жобаны рәсімдеу және қорғау 
Курстық жұмыстың тақырыбы, үлгі бойынша құрылған студент 
құжатында көрсетіледі: «Есепке алудың Web-жүйесін дамыту [Пәндік 
саладағы]». 
Мысалы: «Театр қойылымдарын есепке алудың web-жүйесін дамыту». 
Курстық жұмыстың түсіндірме жазба мәтінінің көлемі 25-30 бет 
шамасында болуы тиіс. Кафедрада қабылдаған нормативтік бақылау 
ережелеріне сәйкес әзірленген. 
«Есептің қойылымы» бөлімі нөмірлеу бөлімінде басталады. 
Файлдардың бастапқы коды және деректер қорының sql-скрипт файлы 
қосымшада келтіріледі. Курстық жұмыстың негізгі және графикалық бөлігі 
мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес жасалуы керек. 
Тұтас мәтін үшін парақтың төрт жағынан өрістер (сол жағы - 30 мм, оң 
жағы - 10 мм, жоғарғы жағы - 20 мм, төменгі жағы - 25 мм), бiр жарым жол 
аралық аралықпен Times New Roman №12 шрифтісі (Times New Roman №14 
бір жол аралық аралықпен) пайдаланылады. 
«Интернет қосымшаларды құру технологиялары» пәні бойынша курстық 
жұмыстарды жеке тапсырмаға сәйкес, студент белгілі бір пәндік облыс үшін 
есепке алу деректері бойынша ақпараттық жүйені дамыту керек. 
Клиент-сервер архитектурасының құралуы қажет. 
Қазіргі заманғы кез келген браузер клиенттік қосымша ретінде 
пайдаланылуы тиіс. 
HTTP- Apache сервері бағдарламалар сервері ретінде пайдаланылуы 
тиіс. ДҚБЖ туралы ақпаратты MySQL деректер базасында сақталуы тиіс, 
Жүйенің қалыптасқан модульдік құрылымы болуы тиіс. 


Негізгі бөлімнің мәтіні тарауларға бөлінеді, ал тараулар ішкі тарауларға 
бөлінеді. Тараулар барлық жұмыс аралығында араб цифрларымен белгіленген 
реттік нөмірі болуы керек, тарау нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. 
Тараудың атауы азат жолдан үлкен әріптермен жазылады, тарау атауынан 
кейін нүкте қойылмайды. Әрбір тарау жаңа беттен басталған жөн. 
Ішкі тараулар әрбір тарау аралығында нөмірленуі керек. Ішкі тараудың 
нөмірі нүктемен ажыратылған тарау нөмірі мен ішкі тарау нөмірінен тұрады, 
ішкі тараудың нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Ішкі тараудың атауы 
тақырып сияқты әріптермен жазылады, бірінші әрпі – үлкен. Ішкі тараудың 
атауынан кейін нүкте қойылмайды. 
Түсіндірме жазбаның мазмұны: 
- титулдық беті (міндетті түрде тақырып атауымен бірге стандарт 
бойынша рәсімделген); 




түсіндірме жазба; 
курстық жобаға тапсырма; 
мазмұны; 
есептің қойылымы (қойылған мәселенің шарты, өз нұсқасына 
қатысты жүйенің функциясы); 
- деректер қорының құрылымын сипаттау (кестелер сипаттамасы және 
олардың арасындағы қарым-қатынастар); 
- жоба құрылымының сипаттамасы (файлдар, каталогтары мен 
функциялары сипаттамалары); 
- қолданушыға нұсқаулық (әзірленген жүйенің толық сипаттамасы, 
пайдалану, орнату және т. б.); 


дерек көздері мен әдебиеттер тізімі; 
қосымшалар. 
Барлық беттер (парақтар) титулдық беттен бастап, сонымен қатар 
қосымшаны қосқанда ретпен нөмірленуі керек. Бет нөмірі нүктесіз жоғарғы 
оң жақ бұрышта (титулды бетте бет нөмірі қойылмайды) жазылады. 
Мазмұнына кіретін әзірленген жүйенің толық сипаттамасы, 
пайдалану, 
атаулар (бірінші әріпінен басқасы) кіші әріптермен жазылады. «МАЗМҰНЫ», 
«КІРІСПЕ», «ҚОРЫТЫНДЫ», «ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ» деген сөздер тақырып 
ретінде үлкен әріптермен жазылады және оларға нөмір қойылмайды. Әрбір 
қосымша жаңа беттен басталады. Егер олар бірден көп болса, онда 
қосымшаларды қазақ алфавитінің бас әріптерімен белгілейді. «Қосымша» 
сөзінің алдына оның тізбегін көрсететін әріп болады. «Қосымша» сөзі 
біріншісі үлкен одан кейін кіші әріптермен жазылады және жазба беттің 
жоғарғы ортасында орналасады. Егер қосымша бірнеше беттен тұрса, онда 
әрбір келесі беттеріне «А қосымшасының жалғасы» деп жазу керек. 
Курстық жұмыс құжатта ретпен нөмірленетін (егер олар мәтінде бірден 
көп болса) кестелер мен суреттерден (сызбалар, сұлбалар, диаграммалар және 
т.б.) тұрады. 


«Кесте» сөзі сол жақ бұрышта азат жолдан үлкен әріппен жазылады, 
одан кейін дефис қойылады да, әрі қарай кестенің атауы үлкен әріппен бастап 
жазылады. «Сурет» сөзі сурет астына азат жолдан үлкен әріппен жазылады, 
одан кейін дефис қойылады да, әрі қарай суреттің атауы үлкен әріппен бастап 
жазылады. Кестенің (суреттің) атауынан кейін нүкте қойылмайды. 
Кестелердің (суреттердің) нөмірленуі тарау аралығында болуы мүмкін. 
Мұндай жағдайда кестенің (суреттің) нөмірі нүктемен ажыратылған тарау 
нөмірі мен кестенің (суреттің) реттік нөмірінен тұрады. Барлық кестелерге 
(суреттерге) құжат мәтінінде сілтемелер келтірілуі керек. 
Жұмыстар қорғауға жоғарыда келтірілген талаптарға сәйкес 
оқытушының тексеруінен кейін жіберіледі. Қорғауда студент жұмыста 
пайдаланылған негізгі анықтамалар мен түсініктерді білуі керек, қабылданған 
шешімді таңдағанын түсіндіре алуы керек, сонымен қатар, барлық жасалған 
мәселелерді білуі керек. 
Курстық жұмысты қорғау компьютерде жасалған қолданба жұмысының 
демонстрациясымен келтірілуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет