Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасы «операциялық ЖҮйелер» ПӘнінің студенттерге арналған оқУ Әдістемелік кешені көкшетау



бет29/82
Дата23.12.2022
өлшемі3,34 Mb.
#164079
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   82
Байланысты:
УМК ОЖ ИС (1)[1]

2.1. Жадты битті массивтермен басқару.
Егер жад динамикалық түрде бөлінсе, операциялық жүйе бұл процестерді басқаруы тиіс. Жадты қолданудың екі әдісі бар: битті массивтер және бос аймақтар тізімі. Битті массивтермен жұмыс істегенде жад бірнеше сөздерден бірнеше килобайттар орналасатын модульдерге бөлінген. Битті массивте әрбір бос блоққа нөлге тең бір бит сәйкес келеді, ал әрбір бос емес бит бірге тең.
Битті массив бекітілген көлем жадында сөздердің таралуының қарапайым әдісі.
2.2. Байланысқан тізімдер көмегімен жадылық басқару.
Жадылық бақылаудың басқаша әдісі процесс немесе екі процесс арасындағы аймақ фрагмент болып табылатын, жадының таралған және бос фрагменттерінің байланысқан тізіміне қызмет ету болып саналады.
Тізім адрестер бойынша сұрыпталған болсын, бұл жолды сұрыптаудың жетістігі бар, дискіде процесс аяқталғанда немесе көшірілгенде тізімдердің өзгеруі қарапайым операция болады.
3. Виртуальды жад.
Виртуальды жадтың негізгі идеясы – бағдарлама, деректер және стектің біріктірілген өлшемі физикалық жадтың санынан асып кетуі мүмкін. Операциялық жүйе бағдарламаның қазіргі кезде оперативті жадта қолданылатын бөлігіне ғана сақтайды, қалған бөлігі дискіде орналасады. Виртуальды жад көпесепті жүйеде де жұмыс істей алады.
3.1. Жадты беттік басқару.

4. Беттерді орналастыру алгоритмі.
Беттік үзілім болған жағдайда, операциялық жүйе жаңадан енгізілген бетке орын беру үшін жадтан жойылатын бетті таңдау керек.
Беттерді алмастырудың мүмкін алгоритмдері:

  • оптималды алгоритм;

  • «соңғы уақытта пайдаланылмаған бет» алгоритмі;

  • «бірінші жеткенге – бірінші қызмет көрсету»;

  • «екінші әрекет»;

  • «сағат» алгоритмі;

  • «бәрінен көп пайдаланылмаған бет» алгоритмі;

  • «WSClock» алгоритмі.

  1. Сегменттеу.

Сегменттелген жады деректер құрылымы, ұлғаятын немесе қысқаратын басқарудың қарапайым түріне ие. Оның шешімі машинаны көптеген толық бір бірінен тәуелсіз адресті кеңістіктер – сегменттермен қамтамасыз ету. Сегмент – құрамында процедура, массив, стек немесе скалярлы айнымалылары бар логикалық объект. Сегменттеу бірнеше процесстердің процедуралар мен деректерді бірге қолданылуын жеңілдетеді. Ортақ мысал – бірге қатынау кітапханасы. Сегменттеу жадыны беттік ұйымдастырудан айтарлықтай ерекшеленеді: беттер бекітілген өлшемге ие, ал сегменттерде ол жоқ.
Бақылау сұрақтары:
1. Жад менеджері?
2. Жадты битті массивтермен басқару?
3. Виртуальды жадтың негізгі идеясы?
4. Беттерді алмастырудың мүмкін алгоритмдері?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет