«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша


Оқу тілі: қазақша, орысша. Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай



бет22/68
Дата15.09.2017
өлшемі11,18 Mb.
#32608
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68

Оқу тілі: қазақша, орысша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары, виртуальды зертхана.

Жеке пәндерді сипаттау

Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Алгоритмдік тілдерде бағдарламалау

Пәннің коды: ATB 2201

Пәннің типі: Базалық, элективті

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Мырзаев Р.С. – математика магистрі, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Студенттерді ыңғайлы, көрнекі алгоритмдік жабдықтауға үйрету, берілгендердің түрлі құрылымдарын модельдеу және бағдарламалауды кез келген есептеу класына пайдалануды үйрету болып табылады.

Деректемелер/Пререквизиттері: Мектеп көлеміндегі математика және информатика Курстың/пәннің мазмұны: Алгоритмдік тілдерде бағдарламалаукурсында алгоритм негiзi, оны сипаттау тәсiлдерi, алгоритмдiк тiлдер мен қазiргi заманғы программалау орталары және технологиялары туралы бiлiм негiздерi игерiледi. Курсты оқып-бiлу нәтижесiнде студент берiлген есептiң мақсатын дұрыс анықтай бiлуi, шешу әдiсiн таңдап, алгоритмдi жасай бiлуi және жоғары деңгейлi программалау тiлдерiнiң бiрiнде оған сәйкес программаны құрып, программаны дербес компьютерде орындап, нәтижелерiн талдай алатын болуы қажет.

Лекциялық сабақтар пәннiң теориялық негiздерiн оқытуға арналады. Зертханалық сабақтар компьютерлiк кластарда өткiзiледi. Компьютерлiк кластарда өткiзiлетiн зертханалық сабақтарда студенттер берiлген жеке тапсырмаларды орындайды. Зертханалық сабақтарды орындауға қажеттi әдiстемелiк нұсқаулар және жеке тапсырмалар сабақ кезiнде берiледi.



Ұсынылатын әдебиет:

  1. Немнюгин С.А Turbo Pascal. Программирование на языке высокого уровня: Учебник Санкт-Петербург. Питер, 2-е издание р, 2004 г.

  2. Немнюгин С.А. Turbo Pascal. Программирование на языке высокого уровня: Учебник для вузов 2-е изд. – СПб: Питер, 2006 г.

  3. Культин Н. TurboPascal в задачах и примерах. - СПБ., БХВ, 2003 г.

  4. Новичков В.С., Парфилова Н.И. Алгоритмизация и программирование на Турбо Паскале. – М: Телеком, 2005 г.

  5. Павловская Т.А Паскаль. Программирование на языке высокого уровня: практикум .Учебное пособие для ВУЗов. 2007г.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері - лекциялық және зертханалық сабақтар, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары, виртуальды зертхана.
Жеке пәндерді сипаттау

Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Бағдарламалау технологиясы

Пәннің коды: BT 1301

Пәннің типі: Кәсіби, элективті

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Мырзаев Р.С. – математика магистрі, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Студенттерді ыңғайлы, көрнекі алгоритмдік жабдықтауға үйрету, берілгендердің түрлі құрылымдарын модельдеу және бағдарламалауды кез келген есептеу класына пайдалануды үйрету болып табылады.

Деректемелер/Пререквизиттері: Inf 1105 - Информатика, PAYa 1204 – Алгоритмдік тілдерде бағдарламалау

Курстың/пәннің мазмұны: «Бағдарламалау технологиясы» пәнінің міндеті студенттерді ыңғайлы, көрнекі алгоритмдік жабдықтауға үйрету, берілгендердің түрлі құрылымдарын модельдеу және бағдарламалауды кез келген есептеу класына пайдалануды үйрету болып табылады.

Курсты оқу барысында студент білуі керек:



  • бағдарлама жазу тәсілінің принциптерін жақсы білу;

  • бағдарламаны жобалай білу;

  • бағдарламалау технологиясының негіздерін оқу және практикада пайдалану.

Лекциялық сабақтар пәннiң теориялық негiздерiн оқытуға арналады. Зертханалық сабақтар компьютерлiк кластарда өткiзiледi. Компьютерлiк кластарда өткiзiлетiн зертханалық сабақтарда студенттер берiлген жеке тапсырмаларды орындайды. Зертханалық сабақтарды орындауға қажеттi әдiстемелiк нұсқаулар және жеке тапсырмалар сабақ кезiнде берiледi.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Крячков А.В., Сухинина И.В., Томшин В.К. Программирование на С и С++. Практикум: Учеб. пособие для вузов –М.: Горячия линия. – Телеком, 2000 г.

  2. Мартынов Н.Н. Программирование для Windows на С/С++. Том1.- М.: ООО «БИНОМ-Пресс», 2004г.

  3. Культин Н.Б. С/С++ в задачах и примерах. – СПб: БХВ. – Петербург, 2004 г.

  4. Бөрібаев Б., Дүйсебекова К. Си тілінде программалау: Оқу-әдістемелік құрал. –Алматы: Қазақ университеті, 2007 ж.

  5. Чеснокова О.В. «Delphi 2007»Алгоритмы и программы. Москва, 2007г.

  6. Климова Л.М. Delphi 7. Основы программирования. Решение типовых задач. Самоучитель. М: Кудиц-образ., 2006 г.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері - лекциялық және зертханалық сабақтар, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары, виртуальды зертхана.

Жеке пәндерді сипаттау

Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Компьютерлік графика

Пәннің коды: KG 3308

Пәннің типі: Кәсіби, элективті

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Дауренбеков Қ.Қ. - техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: координаттық жүйелер, олардың түрленуі, проекциялар, стеребейнелер, суреттерді түрлендіру; негізгі графикалық элементтер генерациясының алгоритмдері; геометриялық модельдеу элементтері; елеусіз (невидимый) бөліктерді жою, сахнаны шынайы көрсетудің фрактальді геометрия алгоритмдері қарастырылады. Машиналық графиканың интерактивті жүйелерін құрудың жалпы принциптері тұжырымдалады. Арнайы графикалық тілдерді, бар алгоритмдік тілдердің синтаксистік графикалық кеңейтілулерін және алгоритмдік тілдердің процедуралық кеңейтілулерін қолдануға негізделген енгізу құралдарын тұрғызудың тәсілдерін талдау.

Деректемелер/Пререквизиттері: «Информатика», «Алгоритмдік тәлдерде бағдарламалау», «Бағдарламалау технологиясы»

Курстың/пәннің мазмұны: «Компьютерлік графика» пәнінің мақсаты компьютерлік графиканың тарихын, пәнін, қосымша аумақтарын, графикалық дизайнның негіздерін игеру және студенттерде қазіргі заманауи компьютерлік графиканың негізгі ұғымдарын, мақсаттарын және міндеттерін қалыптастыру болып табылады.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Амелин Н.И., Мочулина Л.А., Чердынцева М.И. Практикум по электронным таблицам в экономике. –М.:”Издательство ПРИОР”, 2000.

  2. Экономическая информатика/под ред. Конюховского П.В. и Колесова Д.Н.- Спб:Питер,2000.

  3. Стразницкас М. Эффективная работа с Photoshop. – СПб: Питер, 2007, 304с.

  4. Тайц А.М., Тайц А.И. Corel DRAW9. Краткий курс– С-Пб: Питер, 2006 - 81 с.

  5. Компьютерные технологии обработки информации/Под ред. Назарова С.В.-М.: финансы и статистика, 2005

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері - лекциялық және практикалық және зертханалық сабақтар, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары, виртуальды зертхана.


Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Экология және тұрақты даму

Пәннің коды: Eko 2406

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Тулегенова Г.-аға оқытушы

Курстың мақсаты: қазіргі экологиялық жағдайды терең түсіндіре отырып, экологиялық білім жүйесін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, сонымен бірге ұғынумен білім дәрежесінің жоғары болуына ықпал ету болып табылады.

Деректемелер/Пререквизиттері: - Биология

Курстың/пәннің мазмұны: Биологиялық жүйелердің экологиялық негіздері: ағзлар экологиясы, экологиялық факторлар, абитикалық, биотикалық, антропогендік факторы әсерінің жалы заңдылықтары. Популяциялар экологиясы. Популяцияның негізгі қасиеттері. Биотикалық факторлар. Бәсекелестікті ығыстыру ережесі. Бірлестіктер мен экожүйелер экологиясы. Экожүйенің негізгі типтеріне сипаттама. Экожүйелердңі энергетикасы. Экожүйелерді ұйымдастыру, өнімділік заңдары мен динамикасы. Биосфера – ғалмдық экожүйе. Биосфера, оның шекаралары. Тірі заттардың негізгі қызметі мен қасиеттері. Биосфредағы заттар айналымы.

Ұсынылатын әдебиет:

      1. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. «Экология» Алматы, 2003ж.

      2. Баешов А., Дәрібаев Ж. «Экология негіздері» Түркістан, 2000ж.

      3. Бейсенов А.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. «Экология» Алматы, 2001ж.

      4. Жатқанбаев Ж.Ж., «Экология негіздері» Алматы, 2003ж.

      5. Нұрғызарынов А.Н., Шапшанов Қ. «Арал өңірінің экологиясы», 2001 ж.

6. Оспанов Г.С., Бозшатаев Г.Т. «Экологияң Алматы, 2002 ж.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК – республикалық жоғары оқу орны аралық электронды кітапхана).
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Әлеуметтану

Пәннің коды: AL 1107

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Айдарова Ш. – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Курстың мақсаты: Қазіргі қоғамда егеменді, демократиялық, құқықтық мемлекет құру жағдайында қоғам дамуының теориялық негізін меңгермей, азаматтардың білімін, мәдениетін жетілдірмей, қоғамның әлеуметтік өмірі жөнінде толық мәлімет алмай ешқандай қоғамдық прогресс болмайды. Сондықтан осы мақсатта жоғары оқу орындарында әлеуметтану курсын оқыту толық жүзеге асырылуда.

Деректемелер/Пререквизиттері: - Қазақстан тарихы, саясаттану, философия, мәдениеттану.,т.б.

Курстың/пәннің мазмұны: Әлеуметтану ғылымының пәні, құрылымы және қызметі. Әлеуметтанудың пәні, қызметі. О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы ғалым . Әлеуметтанулық ойдың даму бағыттары мен кезеңдері. ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтану. Әлеуметтанудың Ресейдегі дамуы. Қазіргі әлеуметтанудың даму бағыттары. Қоғам жүйе ретінде. Әлеуметтанудағы “қоғам” түсінігі. Әлеуметтік даму және қоғамдық прогресс. Әлеуметтік институт ұғымы. Әлеуметтік статус және роль ұғымы. Әлеуметтік страти-фикация теориясы. Әлеуметтік құрылым ұғымы. Әлеуметтік стратификация ұғымы. Әлуметтік мобильділік ұғымы,түрлері. Әлеуметтік нормалар. Әлеуметтік норма ұғымы. Әлеуметтік норманың түрлері. Әлеуметтік бақылау институттары мен формалары. Білім беру әлеуметтануы. Білім берудің мазмұны. Білім берудің қызметтері. Үздіксіз білім беру кезеңдері. Отбасы әлеуметтануы. Отбасы ұғымы және қызметі. Отбасының құрылымдық түрлері. Еңбек әлеуметтануы. Еңбектің әлеуметтік мәні. Еңбектің адам өміріндегі алатын орны мен ролі. Еңбек әлеуметтануының зерттейтін мәселелері. Дін әлеуметтануы. Дін әлеуметтік құбылыс ретінде. Діннің қызметтері. Дін әлеуметтануының зерттейтін мәселелері. Социологиялық зеттеу бағдарламасы. Социологиялық зерттеуді құру. Социологиялық зерттеудің әдістерінің ерекшелігі.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Аженов М.С., Биекенов К.У., Пузиков М.Ф. “Экономическая социология” А, 2002.

2. Аитов Н.А., Биекенов К.У. “Социология” А, 2002.

3. Икенов А.И., Жүсіпова А.Д. “Әлеуметтану негіздері” А, Экономика,2004.

4. Добренько В.И., Кравченко А.И. “Социология” М, 2005.

5. Әбсаттаров.Р, Дәкенов.М, “Әлеуметтану” Алматы, Ғылым, 2003.

6. Әженов.М, Садырова.М, “Қоғамның әлеуметтік құрылымы” Алматы, Қазақ университеті, 2002.

7. “Әлемдік Әлеуметтану антологиясы ” Алматы, Қазақстан, 2006 , 4-том.

8. “Әлемдік Әлеуметтану антологиясы ” Алматы, Қазақстан, 2006, 3-том.

9. “Әлемдік Әлеуметтану антологиясы ” Алматы, Қазақстан, 2006, 5-том.



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК – республикалық жоғары оқу орны аралық электронды кітапхана).



Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Экономикалық теория негіздері

Пәннің коды: Ektn 2109

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Ерниязова Ж.Н.

Курстың мақсаты: студенттердің заман талабына сай экономикалық ой-өрісін кеңейту болып табылады. Ол қазіргі демократиялық қоғам идеясымен жаңа қағидаларға сүйеніп, ұлттық және әлемдік экономикалық ойларға бағытталуы қажет. Қазақстан Республикасындағы экономика жаңа қатынастардың сапалы экономикалық, рыноктік ой қорларының мол болуын қамтиды.

Деректемелер/Пререквизиттері:

Курстың/пәннің мазмұны: Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Экономиканың негізгі мәселелері. Экономикалық категориялар және заңдар, экономикалық үрдістерді оқу әдістері, ерекшеліктері. Меншік қатынастары және экономикалық жүйелер типтері. Нарықтың қалыптасу заңдары және посткеңестік елдердегі нарықтың құрылу ерекшеліктері; нарықтың негізгі заңдары мен категориялары; жеке ұдайы өндірістің қағидалары, шығындардың қалыптасу ерекшеліктері мен түрлері, өндірістік факторлар нарығының, олардың бағасы мен табысының ерекшеліктері. Микро және макродеңгейдегі экономика мәселелерінің өзара байланысы, макро-экономиканың қызмет ету заңдылықтары; экономикалық өсу және оның түрлері; экономикалық цикл және әлеуметтік-экономикалық циклдылық мәселелері. Қазіргі экономикалық жүйедегі мемлекет. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі ақша-несие және қаржы саясатының ролі. Әлеуметтік саясаттың негізгі заңдылықтары. Халықаралық экономикалық қатынастар және олардың негізгі формалары.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Экономикалық теория. Оқу құралы - Алматы, 1999.

  2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Редактор жетекшісі Шеденов Ө.Қ. Алматы-Ақтөбе 2002,

  3. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері,- Алматы 2002

  4. Кримова В. Экономикалық теория. Оқу құралы-Алматы 2003

  5. Мауленова С.С. Экономикалық теория. Оқу құралы-Алматы 2003

  6. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория. Оқу құралы-Алматы 2008

  7. Экономикалық теория. Оқу құралы (авт. Сүлейменова Г.К. , Мұхамеджанова Ә. Ғ. , Өмірзақова М.Ә. т.б – ҚМУ Қ-орда 2004

  8. Ғабитов Ж., Доғалов А., Досмағанбетов Н., Микроэкономика. Оқулық.- Алматы 2010.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК – республикалық жоғары оқу орны аралық электронды кітапхана).
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Құқық негіздері

Пәннің коды: KN 2110

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Исаева А.- аға оқытушы

Курстың мақсаты:

Қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси- құқықтық жолдарын анықтау;

Студенттердің ҚР конституциялық құрылымын, мемлекеттік билік жүйесін және олардың басқа қоғамдық- саяси институттармен өзара қатынасын білуі;

Студенттердің адам және азаматтық құқықтық жағдайын негіздерін білуі;



Студенттердің егеменді Қазақстанның құқық салаларын білуі (азаматтық, отбасы, еңбек, әкімшілік, қаржы, қылмыстық т.б.)

Деректемелер/Пререквизиттері: - Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мемлекет және құқық тарихы, Экономикалық теория, Қоғамтану (мектеп бағдарламасы деңгейінде), Жалпы тарих (мектеп бағдарламасы деңгейінде)

Курстың/пәннің мазмұны: «Құқық негіздері» курсының пәні және жүйесі. Мемлекет пен құқық негізі ұғымдары мен түсініктері. Құқықтық қатынастар. Заңды мінезқұлық және құқықбұзушылық. Занды жауапкершілік. Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығының негіздері. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық негіздері. Қазақстан Республикасының отбасы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылу негіздері. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы салық құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы еңбек құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы экологиялық құқығы негіздері. Қазақстан Республикасының жер құқығы. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері. Халықаралық құқық негіздері.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, Жеті жарғы,2006

  2. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Оқулық. Ерекше бөлім, Алматы, 2000 ж.

  3. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы, 1997ж.

  4. Төлеуғалиев Г.И. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. А., 2001ж.

  5. Баққұлов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2001ж.

  6. Ашитов З.О. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004 ж.

  7. Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы, 2003ж.

  8. Стамкулов Ә.С. «Қазақстан Республикасының экология құқығы. Оқу құралы. 1 бөлiм. Тараз, 2003ж.

.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК – республикалық жоғары оқу орны аралық электронды кітапхана).
Жеке пәндерді сипаттау

Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Физика 2

Пәннің коды: Fiz 1203

Пәннің типі: Базалық , міндетті

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Маханова Г. - аға оқытушы

Курстың мақсаты: студенттерді физиканың негізгі принциптері және заңдарымен және математикалық формулалармен таныстыру; студенттерге физикалық модельдер мен гипотезалардың қолдану шекарасы туралы. қолданылу арқылы өте кең заңдар физиканың іргелі заңдары деп аталатынын; Негізгі физикалық тұрақтылар;

Курсты игеру негізінде студент білуі қажет;

- негізгі физикалық құбылыстар, олардың жүру ерекшеліктері;

- физикалық ұғым, шама, есептеулер негіздері, олардың математикалық формулалары, өлшем бірліктері;



- тәжірибе жүргізу әдісін, алынған мәліметтерді өңдеп, сол бойынша қорытынды жасау.

Деректемелер/Пререквизиттері: Пән бойынша берілетін теориялық-практикалық материалдарды толық меңгеру үшін студент мектептің физика курсын толық жақсы меңгеру қажет. “Физика” курсын оқып-үйрену үшін студенттерге элементар физиканың барлық бөлімдерін білу қажет.

Курстың/пәннің мазмұны: “Жалпы физика” курсының теориялық негізін баяндайтын бұл курс төмендегідей бөлімдерден тұрады: Механика; Молекулалық физика және термодинамика; электр және магнетизм; Оптика; Кванттық және атомдық физика негіздері.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Савельев И.В. Механика. Уч.пособие М.: Астрел 2003г.

  2. Савельев И.В. Электричество и магнетизм М.: Астрел, 2003г.

  3. Савельев И.В. Молекулярная физика и термодинамика М.: Астрел, 2001г

  4. Волькенштейн В.С. Сборник задач по общему курсу физики.-М.: наука, 2000г.

  5. Косов А.Д., Косов В.Н., Корзун И.Н. Молекулярная физика в вопросах и ответах. – Алматы: Қазақ университеті, 1999-143с.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері - лекциялық және практикалық сабақтар, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет