Байланыс о бъект і –деректер файлы мен ақапарттық жүйе интерфейсі арасында байланысты ұйымдастыратын программалау тілінің объекті;
Ақпараттық жүйе ин терфейс і – аяққы қолданушымен жүйенің әсерлесуін жүзеге асыратын құралдар кешені. Ол клинттің де сервердің де компьютерінде орналасуы мүмкін.
АЖ клиент-сервер технологиясы бойынша өңдеу бірнеше этаптан тұрады:
Компьютерлік желінің серверіне серверлік ДҚБЖ орналастырылады (Мысалы, Microsoft SQL Server, MySQL, Oracle), ДҚБЖ серверлік бөлігі орналастырылады. Егер web-интерфейс таратылса, онда серверге web-сервер программасы орналастырылады (Мысалы, Apache);
Егер клиенттік қосымша таратылса, онда желінің барлық клиенттік бөлігіне клиенттік бөлік орналасады (бұл қадам міндетті емес және ақпараттық жүйе қолданушылары серверді басқару мүмкіндігіне ие болған жағдайда орындалады);
ДҚБЖ-ның серверлік бөлігі, ДҚБЖ-ның клиенттік бөлігі және web-сервер бапталады;
Деректер құрылымы анықталады (кестелер арасындағы байланыстар мен деректер бағандарының типі), сонымен қатар сұраныстағы бірінші және екінші кестелер анықталады;
Серверде сервер тарапынан орындалатын кестелер мен сұраныстар құрылады. Сұраныс құрудан бұрын кестелер алғашқы деректермен толтырылады. Сақталатын процедуралар мен қолданушы функциялары, диаграммалар және триггерлер құрылады;
Клиенттік қосымшаны қолдану жағдайында бағдарламалау тілдерінің көмегімен байланыс обьектілері құрылады олар кестелерге, сұраныстарға және сақталатын процедураларға жалғанады[4,54б]. Және де оларға серверде орындалатын сұраныстар мен сақталатын процедуралар құрылады.;
Формалар құрылады;
Есептер құрылады;
Жүйе нақты деректермен толтырылады.
АЖ кестесін құру мен толтыруда үш ережені сақтау қажет:
Кестеде қайталанатын жазбалар болмауы қажет.Ол индекстік баған қоюмен қол жетімді, яғни жазбаларды сорттау;
Кестеде бірдей баған атаулары болмауы керек.;
Кестені толтыруда ереже болмауы керек.
Бұл ережелерді қанағаттандыратын ақпараттық жүйе нормалданған ақпараттық жүйе не деректер қоры деп аталады.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Базы данных А.Д.Хомоненко, В.М.Цыганков, М.Г.Мальцев Санкт-Петербург КОРОНА принт 2007г.
2. www.intuit.ru
2. Delphi 7 Хомоненко А.Д. БХВ-Петербург 2008г.
3. Базы данных С. В. Глушаков, Д. В. Ломотько АСТ 2002г.
4. Базы данных. Разработка приложений Л. В. Рудикова БХВ-Петербург 2006г.