АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР №15 дәріс Тақырыбы: АКТ-ның даму перспективалары Жоспары:
Еркін ПҚЕ дамыту.
Ақпараттық технология кәсіпкерлігінде экожүйені қалыптастыру және шағын стартап компанияларын қолдау. Акселерациялау және инкубациялау бағдарламалары.
Электрондық төлемдер мен логистикада қажетті инфрақұрылымды дамыту. E-технологиялардың даму перспективалары.
ҚР АКТ-ын дамыту жоспары.
15 Уақыт талабына сай даму процесі артқан сайын, АКТ-да дамуда. Сондықтан ПҚЕ жаппай ПҚЕ белең алды, демек ПҚЕ еркін және коммерциялық түрде жүргізілуде.
Еркін ПҚЕ (ЕПҚЕ) – бұл мүліктік құқықтар жиынтығы туындының иесіне берілетін модель ("лицензияланады"). Соның арқасында лицензиялы мүлікті, автордың рұқсатынсыз, шаруашылық және азаматтық айналымда туындыларды қосымша жабдық ретінде, сондай-ақ туындының өзгертілген түрлері немесе түпнұсқасын қамтитын құрылымдалған жабдықтар ретінде қолдана алады.
1. Еркін ПҚЕ дамыту ЕПҚЕ қоғамдық нарықты (marketplace) қалыптастырады. Бәсекелестік нарығында кез келген қызмет (көшіру, көбейту, өзгерту (түзету қателер, функционалдылықты қосу және т. б.) екі тараптың(қызметті берушінің және сатып алушының) еркін келісімшарты негізінде, үшінші тараппен(авторға) апелляциясыз, сату-сатып алу жүргізіле алады.
Еркін бағдарламалар кәсіби салада кеңінен таралуда. Таралымдағы көшбастап тұрған еркін бағдарламалар:
Аспаптық құралдар (бағдарламалық жасақтаманың өзінде қолданылатын бағдарламалар, соның ішінде бағдарламаларды жазу, жөндеу, өзгерту) Серверлік бағдарламалар Желілік (Интернет) қызметтертер( мұның ішінде еркін ОЖ-лер(мысалы, Linux және FreeBSD); Қолданбалы бағдарламалар (Apache Web Сервері немесе postfix электрондық пошта бағдарламасы сияқты). Таралымдағы көшбастап тұрған еркін емес бағдарламалар:
үйде және "кеңседе" пайдалану сегменттерінде (мысалы, бүгінде дербес компьютерлердің 90%-дан астамы толық (MS-DOS сияқты, Microsoft Windows, Microsoft Windows NT, MacOS 9) немесе ішінара (қалай MacOS X) еркін емес ОЖ негізінде жұмыс істейді);
ДК-ға арналқан қолданбалы бағдарламалар.
Бәсекеге қабілетті отандық АТ қалыптастыру бағытында Ақпараттық технология кәсіпкерлігінде экожүйені қалыптастыру және шағын стартап компанияларын қолдау мәселелерін конкурстар арқылы анықтау, акселерациялау және инкубациялау бағдарламаларын құру көзделген.
АТ-кластерінің экожүйесін құрудың негізгі міндеті – АТ-кластерінің әлеуетті қатысушыларына олардың өмірлік немесе жобалық циклінің барлық кезеңдерінде табиғи қолдау көрсету.