Ақпараттық парақ Биотехнологияның даму тарихы Конец формы



бет4/6
Дата08.02.2022
өлшемі41,54 Kb.
#98145
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Биотехнологияның даму тарихы

4.Начало формы
Конец формы
Қазақстандағы биотехнология
Қазақстан Республикасында биотехнологияның ауылшаруашылық өндірістерімен байланысты саласы қарқынды дамуда. Қазақстанда 1987 жылдан бастап 2 биотехнологиялық орталық жұмыс істей бастады. Бұл халықтардың негізгі жұмыстары, өсімдіктерді селекциялауға қажетті шаруашылыққа қолайлы, бағалы белгілері бар; жаңа генетикалық донорларды алудың тиімді биотехнологиялық әдістерін өңдеу, диагностикалық препараттар мен аса қауіпті және кең тараған ауруларға қарсы вакциналарды жасауға бағытталды.
Биотехнологиялық зерттеулер Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиясының ғылыми зерттеу институттарында, Қазақ ауылшаруашылық ғылымдар академиясында және бірқатар жоғары оқу орындар мен Қытай, Германия, АҚШ, Польша, Венгрия т.б. елдердің ғалымдарымен бірлесіп гендік, хромосомалық, клеткалық, ұлпалық және популяциялық деңгейде жүргізуде.
Қазақстанда маңызды жетістіктердің бірі 1993 жылы Биотехнологиялық Ұлттық орталығының құрылу болды. Биотехнологиялық Ұлттық орталықтың фундаментальді зерттеулерді жүргізетін, базалық мекемелерінің бірі молекулалық биология саласындағы ғылыми орталықтардың ішіндегі ең ірісі М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты болып отыр. Құрамына бірқатар ғылыми институттар мен ғылыми-өндірістік институттар кіретін Биотехнологиялық Ұлттық ортадықтың негізгі бағыты әлемдік нарықта биотехнологиялық өнімдердің номенклатурасы мен бәсекелестік қабілеттілігін жоғарлатуға мүмкіндік беретін тиімді жаңа биологиялық технологияларды өңдеу және ірі ғылыми жетістіктерді жылдам практикаға енгізу.
Қазіргі кезеңде биотехнологияның Қазақстанда дамуы аса қарқынды емес, осыған байланысты халықты меднциналық, ауылшаруашылық және өнеркәсіптік биопрепараттармен қамтамасыз ету өте қиын болып тұр.
Келтірілген мәліметтерден Қазақстанда биотехнология жаңадан ғана дамып келе жатқанын көруге болады. Биотехнологиялық зерттеулерге жіберілетін қаржы Қазақстанда басқа елдермен салыстырғанда, мысалы Ресейден - 34 есе, ЕО - 4997 есе, АҚШ - 10601 есе аз. Қазақстан Республикасында көп тоннажды өндірісте биотехнологиялық өнімдерді өндіруге технологиялар, мамандар және де басқада мүмкіншіктер бар. Мысалы, ферменттерді өндіріп, оларды спирт, нан өндірісінде және басқа тағам өндірісінде пайдалануға болады. Өндірілген ферменттерді республиканың ішінде және экспортқа жіберуге болады. Фермент өндірісінің мүмкіншілігі Қазақстандағы барлық спирт зауыттарының ферменттерге қажеттілігін қанағаттандырыла алады, ферментті препараттардың біразын ТМД елдеріне экспорттауға болады. Әлемде көптеген елдерде бензиннің октан санын жоғарлату үшін этанолды экологиялық жағынан қауіпті тетраэтилқорғасының орнына пайдаланады. Осы мәселеге байланысты жоғары тазаланған этил спиртін (99,6%) өндіру қосымша экологиялық мәселелерді шешеді, қосымша бұл биотехнологиялық өнімнің өз құны төмен болады. Өсімдіктерді зиянкестерден қорғауда биотехнологиялық әдістерді пайдалану өзекті мақсат, бұл үшін пайдаланатын микроорганизмдердің дақылдары қауіпті емес және экологиялық зияны жоқ. Өсімдіктерді қорғайтын бактериальды препараттарды өндіру. Қазақстанның қажеттілігін қамтамасыз етіп, өсімдіктерді қорғайтын химиялық препараттардың импортын азайтуға мүмкішілік тудырады.
Қазақстанда шығарылатын биопрепаратгардың кейбір түрлері көрсетілген.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйене отырып келесі қорытынды жасауға болады. Қазақстанда биотехнологияның қарқынды дамуына мүмкіншілік бар, осы жұмыстарды жүргізуге болашақта білікті мамандар - биотехнолог және биологтар қажет болады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің биология факультетінде көптеген кафедралар осы мамандарды дайындауға қатысады, оның ішінде белсенді жұмыс - жасайтындардың бірі - микробиология кафедрасы.
3.Биотехнология өнімдерінің жаңа түрлерінің қауіпсіздік стандарттары болады. Олар әсіресе медициналық мақсаттағы және адам мен жануарларға арналған препараттар үшін өте қатал талап қойылады.
Гендік инженерия әдістерін қолдана отырып, жүргізілетін жұмыстар ерекше бақылауға алынады. Сапаға қойылатын стандарттың талабын орындау мәселесінің кейбіреулеріне 1984 жылы түсініктеме берілген болатын. Мысалы, химиялық табиғатты жағынан қазіргі қолда бар препараттарға тым ұқсас болса да рекомбинатты ДНҚ технологиясының көмегімен шығарылатын әрбір препарат «жаңа» өнім деп есептеледі. Осындай медикаменттердің әрбіреуі, өндіріс көлемінде шығарылатын өнімдердің тиімділігі мен қауіпсізділігі тексерілуі тиіс және оларды өндіруге жұмсалатын қаржының мөлшері есептеліп сметаға енгізіліп қойылуы тиіс.
Адамға арналған препараттардың биологиялық активтілігі дегенді «вакцина» терапевтикалық сарысулар, токсиндер антитоксиндер және оған тым ұқсас ауруды алдын-алуға арналған өнімдер, ауруларды күту немесе өңдеу және жараларды жазу деп түсінілуі тиіс. АҚШ-та тағамдық өнімдердің, медикаменттер мен косметикалық заттардың сапасын қадағалап отыратын үш мемлекеттік ұйым бар. Олар тағамның сапасын тексеретін басқарма, АҚШ-тың ауылшаруашылығы министрлігі және нақты ортаны қорғау агенттігі. Бұл мекемелердің жұмысы нақты анықталып шектелген.Адамға арналған препараттардың биологиялық активтілігі дегенді «вакцина» терапевтикалық сарысулар, токсиндер антитоксиндер және оған тым ұқсас ауруды алдын-алуға арналған өнімдер, ауруларды күту немесе өңдеу және жараларды жазу деп түсінілуі тиіс. АҚШ-та тағамдық өнімдердің, медикаменттер мен косметикалық заттардың сапасын қадағалап отыратын үш мемлекеттік ұйым бар. Олар тағамның сапасын тексеретін басқарма, АҚШ-тың ауылшаруашылығы министрлігі және нақты ортаны қорғау агенттігі. Бұл мекемелердің жұмысы нақты анықталып шектелген.
Биотехнология дегеніміз — биологиялық организмдердің қатысуымен жүретін процестерді, адамның мақсатына сай өзгерту арқылы өндірісте пайдалану. "Биотехнология" деген терминді алғаш рет 1919 жылы венгр ғалымы К.Эреки енгізді. Қазіргі биотехнологияның басты мақсаты — өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың асыл тұкымын, микроорганизмдердің штаммаларын шығару. Оны адам өміріне қажетті заттар өндіру үшін биологиялық нысандар мен процестерге негізделген жаңа ғылымның және өндірістің сапасы деп қарауға болады. Ата-әжелеріміз ежелден микроорганизмдерді қымыз бен шұбат, айран ашытуға, құрт пен ірімшік жасауға, нан пісіруге, тері илеуге, т.б. қажетті заттарды дайындауға пайдаланған. Қазіргі биотехнологияның мынадай негізгі бағыттары бар: микробиологиялық өндірісжасушалық инженерия жөне гендік инженерия. Биотехнологияда биохимиямикробиологиямолекулалық биология, генетика ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде өте бағалы биологиялық белсенді заттар — гормондарферменттервитаминдерантибиотиктерорганикалық қышқылдар — сірке, лимон, сүт және кейбір дәрі-дәрмектер алынады. Қазір ең жоғары өнімді микроорганизмдер штаммаларының көмегімен 150-ден астам биологиялық заттардың түрлері синтезделді. Мысалы, адамда және кейбір жануарлар организмінде синтезделмейтін аминқышқылы лизинді тек микроорганизмдер арқылы алады. Егер жануарлар организмінде лизин жетіспейтін болса, оның денесінің өсуі тоқтайды. Сондықтан лизинді жануарлардың жемшебіне қосып береді. Биотехнологияның биологиялық әдістерін қоршаған ортаны ластанудан тазарту үшін қолданады. Ластанған суларды микроорганизмдердің көмегімен тазартады. Үлкен қалалардың, өндіріс орындардың шығарған зиянды қалдықтарын тазарту кейбір бактериялардың қатысуымен жүреді. Металл қалдықтарымен (уранмыскобальт, т.б.) ластанған суларды тазарту үшін оларды өз жасушаларына жинайтын бактериялардың түрлерін пайдаланады. Сонымен биотехнология экологиялық мәселелерді шешуге қатысады. ҮндістандаҚытайдаФилиппинде үйлерді жылытуға және тамақ дайындауда биогаз — метан мен кеміркышқыл газдың қоспасын пайдаланады. Ол үшін арнаулы контейнерлерге малдың қиын, қант өндірісінің, ауыл шаруашылығы заттарының калдыңтарын жинап, оларға бактерияның арнайы себіндісін қосады. Осы қоспадан биогаз алады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет