«Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар»
Сабақтың тақырыбы:
Ақпартты сығу туралы басты мағұлыматтар беру және ақпаратты сығаттын бағдарламалармен таныстыру.
Оқушыларды архиваторлар түрімен таныстыру; файлдарды мұрағаттау және мұрағатқа орналастыруды үйрету.
Ақпаратты қорғау туралы түсінік беру және оларды қалай қорағау керектігін түсіндіру
Вирустарға деген түсініктерін қалыптастыру және оларды емдейтін бағдарламалармен таныстыру
Сабақтың мақсаты:
Өткенді қайталау
Код деген не?
Кодтау деген не?
ASCCI коды неше бөліктен тұрады?
«Astana» деген сөзді екілік кодта жазыңдар.
Декодтау деген не?
Жаңа сабақ
Қатты дискіде немесе ауыстырлатын тасымалдаушыда бос орын аз болғанда немесе файлды электронды поштамен жөнелту кезінде орынды үнемдеу қажеттілігі туындайды. Мұндай жағдайда ақпаратты бүлдірмей сығуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады.
Ақпаратты сығу – файлда жадтың сақтау көлемі кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процесі.
Файлда ақпаратты сығу процесі деректерді мұрағаттау терминімен аталады.
Мұрағатталған файл – арнайы әдіспен ұйымдастырылған файл, оның ішінде бір немесе бірнеше файл немесе сығылған қапшық болуы мүмкін.