Апатайым-анашым Кіршіксіз жүрегінде жас баланың



Дата28.05.2020
өлшемі15,4 Kb.
#71425
Байланысты:
Гүлдер ән


Апатайым-анашым

Кіршіксіз жүрегінде жас баланың

Апатай өзің менің асқақ әнім

Өсірдің, әлдиледің, аяладың

Ойыңнан бір сәт мені тастамадың

Қайырмасы :

Апатайым-анашым

Ақылың мол данасың

Қамқорысың сәбидің

Гүлі де сен әр үйдің.

Ойлайсың бүлдіршіндей бала қамын

Сипайды маңдайымнан алақаның

Сөзімді екі етпейсің қадірлейсің

Қарайды қабағыңа балапаның

Қайырмасы :

Апатайым-анашым

Ақылың мол данасың

Қамқорысың сәбидің

Гүлі де сен әр үйдің.


Көктем келді.
Көктем келді, көктем келді сағынған,

Бүршік атты алма-ағаштар бағында.

Біздің үйге ұя салды, алақай,

Былтыр кеткен қарлығаштар тағы да.


Қ-сы: Дала гүлге оранады,

Түрлі түске боянады.

Нұрлы көктем келген кезде

Табиғатта оянады.


Көктем келді, көктем келді далама,

Қуанып жүр ата-ана да, бала да.

Қар, мұз еріп, жырғалардан су ағып,

Үйрек, қаздар жайылып жүр жағада.




5 Әже менің тамаша.

Әже деген көп шығар,

Әже дейін жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай әсем күлкісі 2 рет
Айналайын дегені,

Жанға рахат береді.



Көңіліңді табады,

Әнді қалай салады. 2 рет
Ертегі қандай көп еді,

Күнде айтып береді.



Қуанады балаша,

Әжем менің тамаша. 2 рет

Мама

1.Жүрегінің бір бөлігін бөліп беріп

Мына жарық дүниеден өмір беріп

Бесігінде тербеп мені әнде салған

Сол бір асыл жан

Қ/сы


Ақ сүт беріп аяладың мама

Жан шуағын аямадың мама

Қанатымды саяладың мама

Қандай әсем күлгенің

Ай қабағың қандай ашық мама

Папамызда саған ,ғашық мама

Ортамызда қандай бақыт мама

Аман есен жүргенің


2.Маған деген шексіз оның махаббаты

Ақылшы дос биік таудай парасаты

Шаңырақтың алтын күні сияқтанып

Сол бір асыл жан


3.Үлкен болып өссем дағы мен бұл күні

Аңсап жүрем ботақаным деген үнін

Бұл әлемде бәрінен де қымбат маған

Сол бір асыл жан





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет