Апта № Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі


Денсаулық сақтау саласындағы заңнаманың



бет12/12
Дата22.12.2021
өлшемі29,41 Kb.
#127510
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Тезисы и лекций-1

Денсаулық сақтау саласындағы заңнаманың дамуының серпінділігі өзге де факторлармен (медициналық қызмет көрсету сапасының талаптары, медицина қызметкерінің мəртебесін көтеру, жекеше медицинаны дамыту жəне т.б.) бірге Қазақстанда құқықтың жаңа саласы – медициналық құқықты қалыптастырудың негізін қалады. «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа ҚР Кодексін талқылау жəне 2020 жылғы шілдеде қабылдау біздің азаматтардың құқықтық хабардарлығы мен құқықтық сана-сезімі деңгейінің көтерілгенін айғақтай отырып, медициналық қызметті реттеу мəселелеріне, медициналық құқыққа деген қызығушылықтың артқанын көрсетті. Негізгі қорытындылар: Қазақстанда жиырма жылдан астам кезең ішінде «медициналық» заңнаманың қалыптасуы денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеудің жалпы ережелері мен қағидаттарын қамтитын денсаулық сақтау туралы алғашқы заңдардан бастап, бұрын белгілі нормалармен қатар қаржыландыру, лицензиялау, цифрлық денсаулық сақтау мəселелерін егжей-тегжейлі баяндауды қамтитын кодификацияланған актілерге дейін күрделі жолдан өткенін көрсетті. Азаматтардың, жұмыс берушілер мен мемлекеттің денсаулық сақтау үшін ортақ жауапкершілігін енгізу алға басқан қадам болды. Денсаулық қорғауды құқықтық реттеуді жетілдіруде денсаулық құқығын сақтаудағы халықаралық стандарттар маңызды рөл атқарды, олардың ең маңыздылары ұлттық заңнамаға енгізілген. «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі қолданысқа енгеннен кейін заңға тəуелді актілердің үлкен пакеті қабылданғанына қарамастан, медицина қызметкерлерінің құқықтық жəне əлеуметтік қорғалуының маңызды мəселелері шешілмей отыр. Медицина қызметкерлерінің кəсіби жауапкершілігін сақтандыру туралы Заң қабылдау басым бағыттардың бірі болуға тиіс, бұл, бір жағынан, кінəсіз зиян келтірілген жағдайларда құқықтық қорғалуға кепілдік беруге, екінші жағынан, медицина қызметкерінің кəсіби міндеттерін орындау кезінде қылмыстық жəне қылмыстық емес əрекеттерінің аражігін нақты ажыратуға мүмкіндік береді.


1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет