Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.
Кейс-технология арналған материалдар түрлері мыналар: 1. Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқужоспарындағы пәндер бойынша әлектрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін белсендіруге
2. Жұмыс дәптері.
3. Анықтама.
4. Оқу, аудио, бейне материалдары.
5. Бақылау және емтихан материалдары.
Қашықтықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері:
- курстың терминдер мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;
- пайдаланушыға ыңғайлы құрылым – мұғалім материалды беру реті мен бейнелеудің бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар.
- Кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ. Кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.
- Оқушы оқулықтың кез келген бетін қағазға шығара алады.
- Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет).
- Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.
- Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.