Апта семинар сағат б. семинар сабағының тақырыбы


семинар сабағының тақырыбы



бет23/25
Дата27.10.2022
өлшемі63,88 Kb.
#155159
түріСеминар
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Семинар сабақтары. Қазақстан тарихы.

27 семинар сабағының тақырыбы: Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі.
Семинар сабағының жоспары:
1.Жаңа экономикалық жүйені қалыптастырудағы қиындықтар мен кемшіліктер.
2 Қазақстан экономикасын реформалаудың қазіргі бағыттары.
3. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық ынтымақтастығы
Сабақтың мақсаты: Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы еліміздің экономикалық дамуының қиындықтарын қарастырып, қазіргі кезеңдегі Қазақстан экономикасын реформалаудың маңыздылығын түсіну, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық ынтымақтастығының мәнін ашу.
Әдістемелік нұсқаулар: Тақырыпты зерттеу барысында нарықтық экономикаға көшудегі қиындықтар мен қателіктерге, экономикалық дағдарыстың салдарына, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, қоғамдағы шиеленістің күшеюіне назар аудару керек. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының жаңа бағыттарын көрсетіңіз, қазіргі кездегі сыртқы экономикалық байланыстарды дамытудың маңызы мен қажеттілігін түсіндіріңіз.
14-апта. 28 семинар. 1 сағат. 5 б.
28 семинар сабағының тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат.
Семинар сабағының жоспары:
1.Қазақстанның 1991-2022 жылдардағы әлеуметтік дамуы.
2.Ұлттық бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуы.
3. Қазақстан халқының әлеуметтік мәселелерін шешу жолдары.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік даму саясатының қалыптасу мәселесін көрсету. Қоғамдағы сапалы өзгерістерге, ішкі саяси тұрақтылық пен жалпыұлттық келісімді сақтауға арналған әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру тетіктерін ашу, қазіргі кезеңдегі әлеуметтік проблемаларды талдау.
Әдістемелік нұсқаулар: Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік саладағы шиеленістің себептерін анықтау мақсатында зерттеу жүргізу, қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бағдарламалар мен жобалардың салыстырмалы кестесін жасап, қазіргі кездегі әлеуметтік мәселелерді шешудің жолдарын ұсыну қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет