Апта тапсырмасы. Кәмелетке толмаған тұлғаның қатысуымен өтетін қылмыстық процестің ерекшеліктері



Дата27.12.2021
өлшемі19,04 Kb.
#128759
Байланысты:
14-апта Ювеналдық


  1. апта тапсырмасы.

Кәмелетке толмаған тұлғаның қатысуымен өтетін қылмыстық процестің ерекшеліктері.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстары туралы істерді қозғаудагы прокурорлық қадағалау, анықтау, алдын ала тергеу органдарының және соттың заңдылықты тура орындауы мен сақтауына кепілдік болып табылады. Кәмелеттік жаска толмағандардың істері бойынша тергеуші іс жүргізген кезде:



  • тергелушінің жасы (туғанжылы, күні, айы); кәмелеттік жасқа толмағанның тура жасы туу туралы куәлікпен немесе төлқұжатпен расталуы тиіс. Мұндай фактіні анықтау бұл тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту, оған қандай жаза шарасын қолдану туралы мәселелерді дұрыс шешу үшін қажет. Іс материалдарына кәмелеттік жасқа толмағанның жасын растайтын құжат көшірмесі қоса тіркеледі. Адам 14,16,18 жасқа туған күні емес, туған күнінен кейінгі тәуліктік нөл сағатында толады деп есептеледі.

Кәмелеттік жасқа толмағанның жасын айқындайтын құжаттар болмаған жағдайда немесе олардың түп нұсқалылығына күмән келтірілген жағдайда, жас мөлшерім анықтау үшін ҚІЖК 240-бабының тәртібімен сараптама тағайындалады. Дегенмен сот медициналық сараптамасы кәмелеттік жасқа толмағанның жасын тура анықтап бере алмайды. Соттық тергеу тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, медициналық сараптамасы тексерілушінің дене бітімі мен интеллектуалдық дамуына қарап, оның жасын шамалай анықтайды, мысалы, «тексерілушінің жасы (аты-жөні көрсетіледі) 14—17 жасқа сәйкес келеді». Мұнда қылмыстық қудалау органдары сараптамада болжанған жасты ескереді. Ал жылдың соңғы күні, яғни 31 желтоқсан туған күні болып есептеледі.


  • тұлғаның еркі, интеллектуалдық және психикалық даму деңгейі; кәмелеттік жасқа толмағанның жеке басын зерттеу барысында жасты анықтаумен катар, оның жалпы даму деңгейін, яғни нақты жағдайға бейімделуін, өз тәртібін ақылмен баға беруі мен өз әрекеттеріне басшылық етуін анықтаудың маңызы зор. — мінез-құлығының ерекшеліктері, оның сұранысы мен қызығушылықтары; заңда істі тергеу процесінде сотты прокурорды, тергеушіні және анықтау жүргізуші тұлғаны әрбір іс бойынша кәмелеттік жасқа толмағанның өмірі тәрбиелену жағдайын анықтауға, сондай-ақ қылмыс жасауға әсер еткен себептер мен жағдайларды айқын міндеттейді. Оны кәмелеттік жасқа толмағандардың іс бойынша кез келген жауап алу кезінде ескеру қажет. — тергелудегі адамға ересек адамдар мен басқа кәмелеттік жасқа толмағандардың ықпалының қандай екенін анықтау; кәмелеттік жасқа толмағандардан, сондай-ақ куәлер мен жәбірленушіден жауап алған кезде олардан айыпталушыға теріс ықпалын тигізетін қандай мән-жайларды білетіндіктерін анықтау керек. Ол үшін тергеуді қадағалайтын прокурор тергеушіден, кәмелеттік жасқа толмағанның ата-аналарынан, қорғанушыларынан, қамқоршыларынан, мұғалімдерінен, сынып жетекшілерінен, тәрбиешілерден, шеберлерден, көршілерінен, жолдастары мен жасөспірім қатарластарынан, сондай-ақ оның өмірі мен тәрбие жағдайын жақсы білетін басқа адамдардан міндетті түрде жауап алынуын талап етуі тиіс.

Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясында, қылмыстық заңдарды бұзған немесе оны бұзды деп айыпталған әрбір баланың, оның кінәсі заңға сәйкес делелденбейінше кінәсіздік презумпциясы кепілдігіне ие болу керектігі көзделген. Балаға оған қарсы айып тағылғандығы жөнінде дереу және тікелей хабарлау керек, ал қажет болған жағдайларда оның ата-аналары немесе заңды қамқоршылары арқылы жеткізу қажет. Оған өзін қорғауға дайындалған және қорғауды жүзеге асырған кезде құқықтық және басқа да қажетті көмек көрсетілуі тиіс. Кәмелеттік жасқа толмағанның жасырын болу (конфиденциалдық) құқығы оған керексіз жариялылық келтірмеу үшін немесе абыройына нұқсан келтірмес үшін барлық сатыда құрметтелуі қажет.


Егер күдікті немесе айыпталушы кәмелеттік жасқа толмаса, онда қандай ауырлықтағы қылмыс жасалғандығына қарамастан қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қорғаушының қатысуы міндетті. Егер кәмелеттік жасқа толмаған күдікті немесе айыпталушы ешқайда кетпеу туралы қолхат берсе немесе біреудің қарауында болса, қорғаушы бірінші жауап алу кезінде жіберілуі тиіс. Егер кәмелеттік жасқа толмаған бала ұсталса немесе қамауға алынса, онда оны бірден адвокатпен қамтамасыз ету керек. Кәмелеттік жасқа толмағанды ата-анасы немесе заңды өкілдері адвокатпен қамтамасыз етпесе, онда мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, тергеуші, прокурор және сот қорғаушының қатысуын қамтамасыз етулері тиіс.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстары туралы істерде қорғаушыдан басқа оның заңды өкілдері — ата- анасы, қамқоршылары немесе қорғаншылары қатысады. Олардың мынадай құқықтары бар:


  • кәмелеттік жасқа толмағанға не үшін күдік келтіріліп немесе айып тағылып отырғанын білуге;

  • жауап алуға қатысуға;

  • тергеушінің рұқсатымен кәмелеттік жасқа толмаған мен оның қорғаушысының тергеу іс-әрекеттеріне қатысуына;

  • тергеу іс-әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және ондағы жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға;

  • өтінімдер мен қарсылықтар мәлімдеуге, тергеуші мен прокурордың іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасауға;

  • дәлелдемелер ұсынуға;

  • тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген көлемде кез келген мәліметті көшіріп алуға құқығы бар.

Мұндай жағдайда заңды өкіл көптеген өкілеттіктерге ие болады. Бірақ оның іс-әрекеттері кәмелеттік жасқа толмағанның мүдделеріне зиян келтіреді немесе істі объективті тергеуге кедергі келтіреді деп есептелсе, онда тергеушісі; өзінің қаулысымен заңды өкілді іске қатысудан шеттеуі мүмкін. Егер айыпталушы немесе сезікті 16 жасқа толмаған болса, онда психолог немесе мұғалім іске міндетті түрде қатысуы керек.
Кәмелеттік жасқа толмағандардан жауап алу ерекшеліктері

Кәмелеттік жаска толмаған күдікті, айыпталушы тергеушіге немесе сотқа оның ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері арқылы, ал олар болмаған жағдайда қамқоршы және қорғанушы органдары аркылы шақырылады. Кәмелеттік жасқа толмаған айыпталушыдан, күдіктіден жауап алу қорғаушының, заңды өкілдің, ал қажет жағдайларда психологтің, мұғалімнің қатысуымен жүргізіледі. Қорғаушы жауап алушыға сұрақтар қоюға, ал жауап алу аяқталғаннан хаттамамен танысуға жене айғақтар жазбасының дұрыстығы мен толықтығы туралы ескертулер жасауға құқығы бар. Кәмелеттік жасқа толмаған куәгерден және жәбірленушілерден жауап алу, негізінде, тыныш жағдайда, онымен әңгімелесу нысанында жүргізілуі тиіс, жасөспірімнің көңілін ешкім және ештеңе аудармауы тиіс. Кәмелеттік жасқа толмағанның жауаптарын хаттамаға жазу одан сұралған оқиғаны немесе мән-жайларды ол мазмұндап берген соң ғана жүргізіледі. Кәмелеттік жасқа толмаған күдіктіден, айыпталушыдан жауап алу тәуліктің күндізгі уақытында жүргізіледі және үзіліссіз екі сағаттан артық, ал жалпы алғанда — күніне төрт сағаттан артық жалғастырылуға тиіс емес. Кәмелеттік жасқа толмаған анық шаршаған жағдайда жауап алу осы уақыт аяқталмай-ақ тоқтатылуы тиіс.


Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 215-бабына сәйкес, 14 жасқа дейінгі куәгерден немесе жәбірленушіден жауап алуға қатысу үшін, ал тергеушінің қалауы бойынша 14 жастан 18 жасқа дейінгі куәгерден немесе жәбірленушіден жауап алуға қатысу үшін педагог шақыртылады. Кәмелеттік жасқа толмаған куәгерден немесе жәбірленушіден жауап алу кезінде оның заңды өкілдері қатысуға құқылы. 16 жасқа дейінгі куәгерлер мен жәбірленушілерге айғақ беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған айғақ бергені үшін жауапкершілік туралы ескертілмейді, өйткені көрінеу жалған айғақ бергені үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Мұндай куәгерлер мен жәбірленушілерге іс жүргізудегі құқықтары мен міндеттері түсіндірілген кезде оларға тек шындықты ғана айтудың қажет екені атап көрсетіледі. Мұғалім, психолог тергеушінің, соттың рұқсатымен жасқа толмаған күдіктіге, айыпталушыға сұрақтар жоюға құқығы бар. Ал іс жүргізу әрекеті аяқталғаннан кейін оларға тергеу қимылының хаттамасымен танысуға ондағы жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға, тергеушінің, соттық ұйғарымы бойынша кәмелеттік жасқа толмағанның жеке басын сипаттайтын іс материалдарымен танысуға құқық берілген. Кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша іс жүргізудің аталған ерекшеліктері мемлекеттің кәмелеттік жасқа толмаған күдіктінің (айыпталушының) құқықтары мен заңды мүдделерін тиісті қорғауды қамтамасыз етуге ұмтылыс жасап жатқандығын көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет