Макиавелли алғаш саясатты адамгершілік принциптерден бөліп қарады. «Мақсат - әдіс-тәсілді ақтайды». Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Билеуші арыстандай күшті және түлкідей қу болуы тиіс.
Ж.Боденнің мемлекеттік билік егемендігі теориясы.
"Мемлекет - әулеттер мен оның иелігіндегілерге егеменді биліктің әділетті билік жүргізуі" деді. Бұл анықтамада егеменді билік және мемлекеттік мүлік ұғымдарына назар аударады. Мемлекеттік басқару жеке әулеттердің мүлкіне емес, тек мемлекеттік мүлікке қана жүреді.