15.01 күні 7-сыныппен өткен физика сабағында пән мұғалімі Г.Ералиева әр түрлі тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың алған білімдерін жаңа әдіс бойынша сараптады.
Тақырыбы : «Қатты денелердің қысымы». Оқушылар тақырыпты көрсетілген суреттер бойынша өз ойларын ортаға салып тез меңгерді.
16.01 күні математика пәнінің мұғалімі А.Қосымбай 11-сыныппен алгебра пәнінен «Логарифмдік функция, қасиеттері мен графигі» тақырыбында өтілген ашық сабағында «Жетістік жолы» әдісін көрсетті. Осы әдіс қатысқан басқа мұғалімдерге ұнап, өз тәжиірбелеріне де алатыны жөнінде пікір қалдырды.
Математикадан Серік Рабиға Серікқызы көрсеткен сабағында кембридж технологияларының әдіс- тәсілдерін шебер қолдана білді. «Қар үйіндісі», «Аралдар» т.б. 7-сыныппен бірге білімланд сайтын пайдалану арқылы «Екі өрнектің квадраттарының айырмасы» ашық сабағы жоғары деңгейде өтті.
Серік Рабиға 7-сыныппен Білімланд сайтын пайдалану арқылы «Екі өрнектің квадраттарының айырымы тақырыбы» ашық сабағында
Достарыңызбен бөлісу: |