Апталықтың мақсаты: «Жаңа инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»



Дата24.04.2017
өлшемі51,12 Kb.
#14861
Бастауыш сыныптар арасында өткен «Білім-негізі бастауышта» атты апталықтың қорытынды есебі
2016жылы 13-18 ақпан күндері мектебімізде бастауыш сынып апталығы өткізілді. Апталық оқушылар жұмысын ұйымдастырудың заманауи жолдарына арналды.

Апталықтың мақсаты: «Жаңа инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту».

Бастауыш сынып мұғалімдері апталық жоспарын құра отыра, алдына келесі міндеттерді қойды:

 - оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру;

 - сабақ және сыныптан тыс шараларды қызықты өткізу формаларын қолдана отыра, барлық балаларды оқу және тәрбие үдерісіне тарту.



Апталықтың жоспары:

  1. Апталықтың ашылуы

  2. Ашық сабақтар

  3. «Қыс кереметі»сурет байқауы

  4. «Менің Отаным» тақырыбында шығарма жазу

  5. «Мұқағали-ақиық ақын» тақырыбындағы көркемсөз байқауы

  6. Апталықтың жабылуы.

Әдістемелік бірлестіктің жоспары бойынша  бастауыш бірлестігінің апталығы 1-2 сыныптар аралығында өткізілді. Өткізілген күні: 13-18.02. 2016жыл.

  Бастауыш мектеп- білім,дағды, іскерліктің қалыптасуының  бастамасы болып табылады. Бастауыш мектептің міндеті-жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сезімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын  қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру . Ендеше,осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға- ұстаз. Осы міндеттерді абыроймен орындау үшін ұстаздар қауымы оқу –тәрбие үрдісінде жаңа әдіс –тәсілдерді қолдану керектігі анық. Осы орайда біздің біздің Ш.Уәлиханов орта мектебінде «Білім негізі-бастауышта»  тақырыбында бастауыш буында апталық болып өтті.

 ӘБ-тегі 6 ұстаз сабақ берудегі шеберліктерін шыңдау мақсатында ашық сабақтар үлгісін көрсетті. Әрбір ұстаз сабақ беруде жүйелі түрде  оқытатын пәнінің ғылыми-теориялық деңгейін,пәнаралық байланыстардың қолданылуы, өтілген материалды кеңінен, тереңінен түсіндіру,оқушылардың танымдылық және ақыл қабілеттерін  белсендетіп, өз бетімен  шығармашылық жұмыс істеуге үйренуге  мүмкіндік бере отырып    мақсаттарына  жетті. Сабақтар өте тартымды, жүйелі өткізілді.Апталыққа толығырақ тоқтала кетсек:


13.02.16 күні 2 «б» сынып жетекшісі Қайырова Гүлнардың әдебиеттік оқу пәнінен «Амандасу салты» тақырыбында өткізілген сабағы топпен, әр-түрлі әдіс-тәсілмен өте тартымды өтті. Оқушылар өздеріне берілген жұмыстарына жауапкершілікпен қарап,қорғай білді.


Сүндетова. А.математика пәнінен «Әріпті өрнек» тақырыбында өткізген ашық сабағында оқушылар интерактивті тақтаны пайдаланып, қосу жазбаша тәсілдерін, шығармашылық жұмыстарын өздігінен қалай жасайтынын, балалардың арасында алғыр, зерек өз ойын ұялмай жеткізе білетін балалардың көптігі мұғалімдерді қуантты.Мұғалім Блум таксономиясының технологиясын шебер қолданып өткізе білді.







2 «а» сынып мұғалімі Изтелеуова.Ж « Бірдей сандарды қосу» тақырыбында математика пәнінен БжС технологиясымен   өткізді. Сабақ беру барысында мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарды. Оқушылар да сабаққа өте қызыға қатысып отырды

Ал сауат ашу пәнінен өткізілген 1«а» сынып мұғалімі Г.Мүтиеваның «Я дыбысы мен әрпі» атты сабағы ЖБ технологиясы бойынша өткізілді. Бағалау,кері байланыс жасауда оқушылар өте жақсы жаттыққаны байқалады. «Бас бармақ»әдісі бойынша оқушылар өздерін бағалап отырды.










2 «б» орыс сынып жетекшісі Н.Тупинянц « Изменение имен прилагательных» тақырыбында сабақ берді.Мұғалімнің сабақ өткізу деңгейі жоғары,АКТ құралдарын шебер пайдалана білді.


2 «а» орыс сыныбының жетекшісі А.Даулетова «Склонение одинаковых чисел» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Топпен жұмыс жүргізіліп,постер қорғалды.Оқушылардың ынтасы өте жақсы.Оқушылар түгел сабаққа қатысып отырды.Оқушылар смайлик арқылы бағаланды.
Тек қана ашық сабақтар ғана емес сыныптан тыс жұмыстар да жүргізілді.
 16.02.16 күні .1-2 сыныптар аралығында «Дені саудың – жаны сау» аты эстафеталық жарыс  А.Даулетованың ұйымдастыруымен өте тартысты және қызықты өткізілді.













 














Сонымен қатар көптеген сыныптан тыс шаралар өткізілді. «М.Мақатаев-ақиық ақын» тақырыбында көркемсөз байқауы өтті.Ж.Изтелеуова шараны шебер ұйымдастыра білді.Мұқағалидың өмір жолынан деректер келтіре отырып,өлеңдерінің мазмұнына тоқталды.Оқушылар өздерін басқа қырынан көрсете білді.Көркемсөзді нақышына келтіріп оқудан бір-бірінен қалыспады. Сонымен қатар «Қыс көрінісі»  атты сурет көрмесіне қатысқан  оқушылардың суреттері мазмұнды, әсем боялғандығымен  бағаланды. Мектеп оқушылары мұнда талантты балалар суретін тамашалады. Жауаптанушы А.Сүндетова мен Н.Тупинянц «Қыс көрінісі» атты сурет  байқауының жеңімпаздарын анықтады.

«Менің Отаным» атты шығарма жазу бағамы бойынша оқушылар өз ойларын қағаз бетіне түсіре білді.Г.Мүтиева мен Г.Қайырова шығармаға өз бағаларын бердАпталықты қорытындылау кезеңі

Апталықтың жабылуына арналған салтанатты жиын қорытындыланды.. .Жеңімпаздар мен қатысушылар марапатталды Бұл апталық бастауыш сынып мұғалімдерінің өз шығармашылық әлеуметін ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті. Бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің ерінбей еткен еңбегі, өзара ынтымақтастықпен жұмыс істеуі арқасында келген жетістік деп сенімді  айтуға  тұратын  жайт. 

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп







«Білім-негізі бастауышта» атты апталық


Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Мутиева.Г.А



2016-2017 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет