Бекітуге арналған сұрақтар
1.
«Девиантты мінез-құлықты», «Делинквентті мінез-құлықты» ұғымдарының
мәнін
ашыңыз.
2.
Жасөспірімдердің ауытқушы мінез – құлқының себептері мен факторларын атаңыз.
3.
Қиын балалармен қандай әдістер қолданылады?
Дәріс №9 Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі
Жоспары:
1.«Интеллект», «қабілеттілік», «дарындылық», «талант» ұғымдары.
2.Дарынды балалармен мектептен тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі.
3.Дарынды балалармен жұмыс әдістемесі
Мақсаты: «Интеллект», «қабілеттілік», «дарындылық», «талант» ұғымдарының мәнін
түсіндіре отырып, дарынды балаларды анықтау жолдары мен дарындылықты дамыту
әдістері туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Глоссарий:
Интеллект
- ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің
күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті
Қабілеттіліктер
- бір немесе бірнеше іс- әрекеттің түрін ойдағыдай орындаудың шарты
болып табылатын жеке тұлғаның дара психологиялық қасиеті.
Нышан
- қабілеттіліктер дамуының табиғи алғышарттары. Туа біткен анатомиялық-
физиологиялық ерекшелік, нышандар болып табылады, олар қабілеттіліктер дамуының
негізіне жатады, қабілеттіліктердің өздері әруақытта да дамудың нәтижесі.
Дарындылық
– үлкен нышаннан туындайтын қабілеттіліктің түрі. Дарындылық адамның
сәби кезінен байқалатын ерекше қабілеттілігі, өнердің бір түріне туа бейімділігі.
Дарындылық
– балаға білім беруде туа біткен алғырлық қасиеттің тәрбие жүйесіндегі әдіс –
тәсілдермен бірлесе келіп, жеке тұлғаны қалыптастыруда ықпал етуінің нәтижелік көрінісі.
Адамның білуге деген ынта – ықласының бала бойында туа біткен алғырлық қасиетімен
ұштасуын ақыл – ой қабілетінен байқауға болады.
Талант
- белгілі бір істі өз бетімен және ойдағыдай орындауда қабілеттіктердің қиысып
келуін.
Достарыңызбен бөлісу: |