Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы,
№73 негізгі орта мектеп
Жауапты мұғалімдер:
Исаинова. Б. Қ.
Бельденова А.Б.
5-6 сынып
Байқаудың мақсаты: халқымыздыңдана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.
Сыныптан тыс іс – шара көрнекілігі:Абай портреті, қабырға газеті, ақын туралы айтылған ұлы адамдардың сөздері фотасуреттер, слайдтар, ақын шығармаларына арналған кітап көрмесі.
1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі «Жүрегімнің түбіне терең бойла » атты мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!!!
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз, Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген екен.
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе,
Ақындықты көздесең, жаттап тоқы көңілге,-деп С.Торайғыров айтқандай келешек ұрпаққа Абайды оқыту барысында берілетін өнегелі тәрбие ұшан теңіз.
«Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз.
Сайысымыздың алдында сайыстың шартымен таныстыра кетейін.
Сайыс 5-6-шы сынып оқушыларының арасында, әр тақырыптағы Абай шығармалары бойынша өтеді.
Әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:
Байқаудың әділқазылар алқасының мүшелері:
- мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Искакова. З. Қ, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темирова Ж.А., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Торина. М. Б.
2-жүргізуші:
Добрый день дорогие учителя, ученики. Сегоднешнее наше мероприятие, посвященно 170 летию со дня рождение Абая. Велико значение творчесте Абая для казахского народа. Сегодня ученики 5-6 классов будут состязаться в вырозительном чтении стихов великого Абая Кунанбаева
1-жүргізуші:
Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алып, егеменді ел, дамыған өз жолы бар мемлекет атанған Қазақстан Республикасы өз ұл – қыздарын, халық арасынан шыққан дана ғұламалары мен ақындарын, батырлары мен дүлдүл шешендерін, кейінгі ұрпаққа жеткізіп, танытып отырады. Олардың әрбір жақсы сөзі мен іс-әрекетін насихаттап, мерейтойларын атап өтуде.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма..., - деп ақынның өзі айтқандай соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп, тар жол, тайғақ кешіп өмір сүрген, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде ел мұңдарын, асау жүрегінен ағыта, шабыта жыр ғып төккен Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойы аталып өтілуде. Сол себепті, қысқаша Абай өміріне тоқтала өтсек:
Абай\Ибраһим\ Құнанбаев \29,07.1845-23,06,1904\-қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы,Қасқабұлақ жайлауында дүниеге келген,бейіті Жидебайда.Абай-ұлы ақын,философ,ағартушы,композитор.Ол бала кезінен шешен,ертегі,әңгімелерді тез ұғып алатын зеректігімен,ынталылығымен көзге түскен.Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін адам болған.
Абай-қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі.Абай өлең шығаруды бала кезінде-ақ бастаған.Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып,көзқарасы қалыптасып,сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді.
2-жүргізуші:
Абай Кунанбаев - великий поэт казахского народа, философ –гуманист, композитор, ювелирный мастер художественного слова. Он родился 10 августа 1845 года в Семипалатинской области на склонах гор Шынгыстау, недалеко от источника Каскабулак. Изначально поэту дали имя Ибрагим. Говорят, что наречению поэта таким именем предшествовал вещий сон его отца – Кунанбая. Во сне тот увидел великого представителя племени тобыкты – мыслителя и философа Аннет баба, который произнес имя святого сына Ибрахимом.
1-жүргізуші: Назарымызды ғажайып талант иесі, қазақ поэзиясының патшасы Абай өлеңдеріне аударайық.
5 «Б» сынып оқушылары : Бармин Николай, Мещерякова Ангелина. Азаров Руслан.
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай
Тасыған өзен гүрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді өзі,
Көренбей жердің топырағы
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Сегіз аяқ
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған;
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған-
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар бәһра ала алмас
Бойы бұлғаң
Бойы бұғаң,
Сөзі жылмаң
Кімді көрсем, мен содан
Бетті бастым,
Қатты састым,
Тұра қаштым жалма-жан.
Өз ойында,
Тұл бойында
Бір міні жоқ пендесіп,
Түзде мырзаң,
Үйде сырдаң,
Сөзі қылжаң еркесіп.
Бас құрасып,
Мал сұрасып,
Бермегенмен кетісер
2-жүргізуші:
Бекметов Артур «Короткие стихи Абая»
1-жүргізуші:
Табиғат адам баласының еңбек етіп етіп, өмір сүретін ортасы. Оны дүниежүзінің классик ақындары бірге жырлаған.Біреулер таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулері табиғат арқылы қоғамдық өмірді суреттейді. Абай да табиғатты өзінше жырлаған.
Гаврилов Дмитрий «Жаз» , Айзенах Сұлтан «Қыс»өлеңін оқиды.
Жаз
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп, тоғанда
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын – тай
Айнала шауып бұлтылдап
Жоғары – төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап,
Қыз – келіншек үй тігер.
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы-үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң-қыс келіп әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
2-жүргізуші:
Начатое в раннем детстве приобщение к устному народному творчеству и домашнее обучение у муллы было продолжено в медресе у муллы Ахмет-Ризы в Семипалатинске одновременно с посещением русской школы. К концу пятилетней учёбы начинает писать стихи. С 13 лет отец Кунанбай начинает приучать Абая к деятельности главы рода. В возрасте 28 лет Абай отходит от нее, целиком занявшись самообразованием, но только к 40 годам он осознает свое призвание как поэта и гражданина. Абай Кунанбаев способствовал распространению русской и европейской культуры среди казахов
Скурихина Кристина «Осень»
1-жүргізуші:
Ұлы Абай жастық шақтың өтпелігін айтып, бұл жаста өмірден өз орныңды тап, әр нәрсеге ере берме, қате баспа, ойлан дегенді ескертеді. Жігіттікке аяқ басқанда әркімнің өмірден алар орны болады, дейді ақын.
5 «Б» сынып оқушысы Ярещеевич Кристина «Әсемпаз болма әрнеге», Никитина Екатерина «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңін оқиды.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де, - бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,-
Сол жарасар туғанға.
Бастапқы екеу соңғысыз
Біте қалса қазаққа,
Алдың – жалын, артың – мұз,
Барар едің қай жаққа?
2-жүргізуші:
Человек, который в наибольшей степени повлиял на раннее тяготение Абая к искусству слова и знаниям, была его бабушка Зере. Она сумела привить своему внуку стремление и любовь к знаниям, стала его первым воспитателем и великим учителем. Когда бабушка уставала, Абай обращался к матери. Улжан помнила много стихов, знала наизусть старинные поэмы и айтысы акынов. Именно благодаря бабушке и матери у Абая рано проснулся интерес к творчеству, поэзии. Во многом под их влиянием Абай встал на нелегкий путь борца за человеческое счастье.
1-жүргізуші:
Абай жастардың алдында тұрған зор міндет ғылым, қалайда ғылымға қол созу керек деп жырлай отырып, әрбір жігерлі жастың талаптанатын арманы ғылымды игеру болу керектігін түсіндіреді. Адамның ең қымбат кезеңін – жастық шақтың ғылымға, оқуға жұмсалуын талап етеді. Ойын – күлкі, бос жүрісті кейін қоя тұрып, алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден, ғалымдардан үлгі ал, солардай болуға талпын деп айтады.
5 «Б» сынып оқушысы Ступницкая Влада «Ғылым таппай мақтанба» . Ғылым таппай мақтанба
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз,
Өсек, өтірік мақтаншақ
Еріншек бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой-
Бес асыл іс көнсеңіз...
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаңда ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз?
2-жүргізуші:
В совершенстве зная классическую литературу Востока и Запада, Абай создает новую литературу — в его стихах заговорила древняя степь, по-новому зазвучал казахский язык, в котором Абай открыл новые грани и новую глубину. Стихи Абая, его проза, его музыка насыщены глубокой лиричностью, мягким юмором, обличением пороков и воспеванием добра, любовью к своему народу. Его поэмы «Масгут», «Ескендир» («Александр Великий»), стихи «Очи черные», «Густой туман» и др. стали классикой не только казахской, но и мировой литературы.
1-жүргізуші:
Абай ақын, сазгер, ұстаз ғана емес, шебер аудармашы. Ол қазақ поэзиясында аударма өнерінің, соның ішінде дәл аударманың, еркін аударманың нәзира әдісімен жарысудың шебер үлгілерін жасаған. Ол Крыловтың шығармаларының қасиеттерін ерте танып, «Есек пен бұлбұл», «Қарға мен түлкі», «Шегіртке мен құмырқа» сияқты мысалдарын жақсы аударған.
5 «Б» оқушысы Плещов Данил, 6 «Б» сынып оқушысы Захаров Руслан
Шегіртке мен құмырсқа.
Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.
Жаздыгүні жапырақтың
Бірінде тамақ, бірінде үй,
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң кетті күй.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда
1-жүргізуші:
Абайға сүйген, Абай қадірлеген сұлулардың бірі әсем Тоғжан еді. Барлық имандылық пен инабаттылықтың , ғашықтықтың белгісіне Тоғжан есімі ұлы Абай жүрегінен көптеген әндер туғызды.
Ортаға 5 «Б» сынып оқушылары Базанов Даниз , Скурихина Кристина, Бекметов Артур,6 «Б» сынып оқушысы Кухарчик Кирилл
Көзімнің қарасы.
Көзімнің қарасы.
Көңілімнің санасы,
Бітбейді іштегі,
Ғашықтың жарасы.
Қазақтың данасы,
Жасы үлкен ағасы,
Бар демес сендей бір,
Адамның баласы.
Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде,
Қалқама сөз дайын.
Жігіт сөзі
Айттым сәлем, қалам қас,
Саған құрбан мал мен бас.
Сағынғаннан сені ойлап,
Келер көзге ыстық жас.
Сенен артық жан тумас,
Туса туар – артылмас.
Бір өзіңнен басқаға
Ынықтығым айтылмас.
Асыл адам айнымас,
Бір бетінен қайырылмас.
Көрмесем де, көрсем де,
Көңілім сенен айырылмас
Қыз сөзі
Қиыстырып мақтайсыз,
Ойласаң не таппайсыз?
Бізде ерік жоқ, өзің біл,
Әлде неге бастайсыз.
Біз де әркімді байқаймыз,
Тап бергеннен тайқаймыз.
Сіздей асыл кез болса,
Қайтіп басты шайқаймыз?
Тілегімді бермесең,
Амалым не жерлесең?
Үйір қылма бойыңа,
Шыны жақсы көрмесең.
1-жүргізуші:
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған, - деп төрелігін шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен, жалынды жырымен де бізбен бірге. Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, тек қана қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық деген тілек айта отырып.
2-жүргізуші:
Өткізілген байқау қорытындысын жариялау үшін, әділқазылар алқасының мүшелерін ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші:
Кешіміздің тыңдаушысы болғандарыңызға көптен – көп рақмет.
Сау – саламат болыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |